Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03


Виртуаландыру идеясының нақты іс жүзінде іске асырылуы



бет6/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Виртуаландыру идеясының нақты іс жүзінде іске асырылуы – бұл үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеуді қамтамасыз ететін виртуалды еске сақтауды ұйымдастыру болып табылады. Осындай жұмыстар барысында компьютердің барлық компоненттерін: еске сақтау, дискілер, каналдар, дисплейлер, принтерлер т.с.с. виртуаландыру тәжірибесі жинақталады.
ВМ технологиясы - бір компьютерде бір уақыт мезетінде бірнеше ОЖ орнатуға мүмкіндік береді. Яғни компьютерді өшіріп қоспай–ақ онда орнатылған бірнеше ОЖ–лер арасында виртуалды түрде бірінен біріне ауысуға және жұмыс істеуге болады.
Виртуалды машиналарды пайдалану арқылы пайдаланушылар көптеген артықшылықтарға ие болады. Атап айтқанда, жұмыстың қауіпсіздігіне, шығынның азаюына, уақыттың үнемделуіне т.с.с. қол жеткізуге болады. Сондықтан болар виртуалды машинаны құрастырудың қажеттілігі туындап, оларды қайта жасаудың екінші кезеңі жүріп жатыр десе болады.
Intel х86 платформасында виртуалды машина технологиясын жасаушы компания VMware. Оны Стэндфорд университеті базасында профессор Мендель Розенблюм және оның әйелі Диана Грин 1998 жылы құрастырған болатын. Компания IA - 32 виртуалдандыру жүйесі үшін Virtual Platform технологиясын құрастырды, ал 1999 жылы Linux операциялық жүйесі үшін ең алғашқы VMware Workstation виртуалды машинасын жарыққа шығарды.
Виртуалды машина – бұл арнайы бағдарламалық құралдардың көмегімен жасалған қандай да бір виртуалды есептеу ортасының («виртуалды компьютердің») нақты көшірмесі. Қазіргі кезде виртуалды машина жасауға және оны басқаруға Microsoft компаниясының Virtual PC 2004, VMware компаниясының VMwareWorkstation, Parallels компаниясының Parallels Workstation құралдары қолданылуда.
Компьютер виртуалды машина болуы үшін оперативті жады, процессор ресурстары, өзіндік виртуалды сыртқы аппараттық құрылғылары қажет болады. Былайша айтқанда бұл машиналар қарапайым компьютерге ұқсас, бірақ та құрылғыларының түрлері виртуалды құрылғылар. Қызмет көрсететін виртуалды машиналардың саны лицензиясымен, пайдаланылатын жады ресурстарымен, диск, орталық процессор және т.б. анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет