Дәріс курсы қ останай, 2021 Пікір сарапшылар



бет38/47
Дата14.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#107721
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
2-сұрақ. Есірткімен күресу және оның таралуын шектеуімен айналысқан мемлекеттік қызмет механизмі іс – тәжірибе бойынша басылып қалды, жағдай бақылаудан шығып кетті. Наркобазары құрылымын өзгертті, нашақорлық жаңара бастады. Наркобизнес сферасына жеткіншектермен қоса балалар да қызыға қарай бастады. Осы кезде «шөппен» және «ұнтақпен» студенттер қолданылатын болды.
Наркологиялық жағдайлар халықтың басым көпшілігін қамтып алды. Кейінгі жылдарда балалар арасындағы алкоголизм мен нашақордың таралуын мінездейтін барлық көрсеткіштер жедел көтеріліп кетті. Сондайақ, өкінішке орай бүгіндері жасөспірімдер арасында нашақорлардың саны көбейіп барады. Статистика бойынша қазіргі кезде есірткіні қабылдайтындардың көпшілігі жастар болып отыр. Кәмелеттік жасқа толмағандардың есірткі қолдануының өсуі басқа қылмыстармен тығыз байланысты. Бүгінгі күнде әрбір 10-шы оқушы есірткіні пайдаланып көрген. Есірткіні қолдана бастаған жеткіншек біртіндеп нашақор бола бастайды. Мәдени ақпараттық агрессия жасөспірімдер мен жастар санасын құрықтап, олардың арасында нашақорлықты, ішімдікті және зор­лық-зомбылығы басым қатыгез сананы орнықтыруда. Есірткіге әуес жас­өс­пірімдердің көбін қалалықтар құрайтын болып шықты. Қаладағы ойын-сауық түрлерінің және түнгі клубтардың көптігі балалардың зерігу ортасына айналып барады. Бұдан бөлек жасөспірімдер еліктегіш келеді. Яғни анашаға алғаш әуестену оның бар өмірін қыршыннан қиятынын білмейді көбі. Мамандардың айтуынша, бұрынғы­дай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер көбіне­се күштi психотроптық дәрі-дәрмектерді, синтетикалық есірткілерді, героиндi пайдаланады. Жүректе қайраттың жоқтығы, ұйықтаған ойды түртуге өзіндік мұршаның болмауы, ақыр аяғында талай жастың ерте жастан мүгедек болуына немесе ұзақ уақыт бойы емделуге апарып соқтыруда.
Нашақорлықтың бес кезеңін көрсетуге болады:
1.есірткіні жалғыз және сирек қолдану.
2. психикалық және физикалық белгілерсіз есірткіні көп қолдану.
3. 1-ші деңгейдегі нашақор: психикалық тәуелділік, қажетсіну құрылған. Жағымды әсер алу үшін ғана іздеу, бірақ әлі физикалық тәуелділік жоқ, ал есірткіні қолданудан бас тарту жағымсыз ауыртпалы әсерді туғызбайды.
4. 2-ші деңгейдегі нашақор: есірткіге физикалық тәуелділік құрылған, іздеу эйфория туғызу үшін емес, қиналғаннан, абстиненциядан қашу үшін салынады.
5. 3-ші деңгейдегі нашақор: толық физикалық – психикалық деградация.
Бірінші не екінші деңгейде ғана есірткіден бас тарту, қолданбауға мүмкіндік бар деп саналады. Зерттеулер көрсеткендей, есірткі қолданатын жеткіншектердің 5 бөлігі ғана оқыс кезеңді өтеді, түзелмейтін нашашы болады. Сонымен қатар, әлі нашашы болмаған, жай есірткі қолданатын жеткіншектер бәрібір де тұрақты психикалық комплекске ие болады, қоғамдық моральға, дәстүрлерге өзін қарсы қояды.
Жасөспірімдік нашақорлық эксперименттелгенмен, жаңа әртүрлі жағымды әсерлерді іздеумен байланысты. Балалық және жеткіншектік нашахордың дамуының жағымды фоны – тұрақты комплексті реакция болып табылады. Соның ішінен негізгісі – эмансипация реакциясын атауға болады. Оның негізінде жеткіншектің күнделікті жағдайдан қашуы, құтылуы жатыр (отбасынан, оқу ортасынан және т.б.). Бұл көбінесе СПТУ – дан , арнайы мектептен шыққан жеткіншектерге мінезді. 90 пайызға дейін наркомандар есірткіні топта құрдастарымен қолдана бастайды: мұндай қылықтың негізінде – топтың ережелеріне еліктеу, бағыну керек. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың пікірінше, гашиша тарту сексуалды потенцияны жоғарылатады дейді [80]..
Есірткіні бірінші қолданған жеткіншектерге мынандай мотивтер мінезді: 31 пайызы болуға ұмтылыс, 19 пайызы жаңа әсер сезінуге тырысу, 12 пайызы – фонтастикалық іздеу салу, 10 пайызы – ұмытуға ұмтылу, жағымсыздан қашу, аулақ болу үшін. Сонымен қатар, жеткіншектердің есірткіні демалу, көңілдену, «керемет» болып көріну үшін қолданылатынын айту керек. Кейде есірткі жастардың арасында өзін көрсету үшін, күш жинау үшін пайдаланады. Есірткіні күш көрсетіп бұрышқа отырғызып қолдануда кездеседі. Ал кейбір жағдайларда жеткіншектерге есірткіні шексіздіріп, қылмыс жасауына бұйрық беретін жағдайлар да боллады.
Есірткі мәдениеті: қарама – қайшы мәдениеті, «хиппи мәдениеті». Құмарпаз отбасыларға мінездеме. Балалар және жеткіншектер арасында нашақорлықтың таралуына себеп болатындардың бірі - әлеуметтік жетімдіктің өсуі. Көптегенжас нашашылар, алқаштар және таксикомандар – бұл жағымсыз отбасынан шыққан балалар.
Наркотизацияның әр түрлі этапындағы мінез-құлық ерекшеліктері. Психоактивті заттарды қолдану әсіресе топ ішінде болады, ол мінез-құлықтың, топтың стандартымен тығыз байланысты. Есірткіні қолдану қарым қатынасты жеңілдету тілегімен, тыңдап отырған әуеннен рахат алу, жақсы әсер алумен байланысты. Топта көшбасшы болатыны анық. Ол психоактивті затты қайдан алу керек екенін не қолдануы туралы ұсыныс жасап айтып отырады. Негізінен, топ мүшелері ешқандай қарсылық білдіртпейді. Наркотикалық заттарды көпке шейін қолдануда патологиялық мінездің қозғалуы пайда болады.
Нашақордың бірінші этапында психиканың тәуелділігі пайда болады. Есірткіні кекілжінді жағдай кезіндегі эмоционалды қысымды басу үшін қолданылатын «дәрі» болып табылады. әлеуметтік дезадаптация өсуі байқалады. Жеткіншек бұрынғы жағымды бағытын жоғалтады, онда жауаптылық, қарыз сезімі болмайды.
Нашақорлардың негізгі белгілері, есірткінің әсерлері, ағзалық психикалық және әлеуметтік материалдық әсері. Нашақорлықтың екінші этапында есірткіні қолдану кезінде қандай да бір әсер сезіледі. Топтағы қарым қатынастың мүлдем орнатылмайды, жеткіншектер арасындағы қарым қатынас тек қана есірткі қолдану мақсатына көзделеді.
Әйел адам баласынан айырылмайтындықтан әйел-құмарпаздардың мәселесін қозғау маңызды болып отыр. Ресей тұрғындарының 14 пайызы есірткіні қолданып көргендер және басқаларды да есірткі қолдануға тартты. Емдеу мекемелерінде жалпы нашашылардың 13 пайызы әйелдер болып табылады. Еркектерге қарағанда әйел адамдар есірткіге тез бейімделеді, агрессивті бола бастайды. Болашақ құмарпаз әйелдер өзіндік ой-пікірге ие болмайды, олардың қызығушылығы мен тәуелділігі тұрақты емес. Олар өте сезімтал келеді және біреудің жағымсыз теріс қылықтарына жеңіл беріледі. Есірткіні қолдану үшін әйел адам аморальды қылық жасауға, қылмыс жасауға дейін барады. Нашахордың соңы болып нерв жүйесінің қажуы, ақыл ойының төмен болуы, психоз, ұнамдық және әлеуметтік дезадаптация табылады.
Алкоголь этил спирті наркотиктер тобына жатады және барлық ішімдіктердің құрамында болады. Оны ішкен кезде адамның көңіл-күйі көтеріледі. Бір-екі рет ішіп көрген соң әртүрлі себептерді сылтауратып адамның оны тағы да ішкісі келіп тұратындығы сондықтан. Сөйтіп оған бірте-бірте құмарлықта пайда бола бастайды. Көңіл-күйін көтеруге ересек адамдардан гөрі жастар тез еліктегіш. Ішкісі келгендерге, әрине себеп те, сылтау да көп. Біреу «тәбетін ашуға», екіншісі «тезірек ұйықтауға», үшіншісі «көңіл-күйін көтеруге», төртіншісі «батылырақ болу үшін», т.б.
Маскүнемдіктің биологиялық табиғатын зерттеу нәтижелері, жануарларға жасалған тәжірибелер психологтар мен психиатрлардың «алкоголь орталық жүйке жүйесіндегі ләззат алу орталықтарын ынталандыратын болар» деген ойларын расқа шығарды. Ол, әрине, адамның мінез-құлқына, әсіресе, Гиппократ ашқан адамның мінез-құлықтарының қалыптасу түрлеріне байланысты. Мінез-құлқына қарай адамдар төрт топқа бөлінеді: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик, сангвиник пен холериктер күшті, ал меланхолик пен флегматиктер болса әлсіз топтағы адамдарға жатады. Сол себептен меланхоликтер мен флегматиктер маскүнемдікке тезірек салынады және олардың бұл дерттен айығулары да өте қиынға соғады. Ал сангвиниктер мен холериктердің аналарға қарағанда ерік-жігерлері мықтырақ. Бірақ, әрине, өзін өзі бақыламай жиі ішсе, тіптен өз күштеріне сенімді, жинақы, ешкімнің ықпалына беріле қоймайтын жігерлі адамдардың өздері де арақтың торына түсіп, маскүнемдік қасіретіне қалай шалдыққандарын сезбей де қалады. Ішімдік ішкен сайын ми орталығынан қанға норадреналин бөлініп шығып отырады. Ми клеткалары өзі жоғалтқан норадреналиннің қорын қайта қалпына келтіріп үлгере алмайды да, ең қажетті катехоламиннің жетіспеушілігінен маскүнемнің көңіл-күйі нашарлайды. Сол себепті адам өзін қолайсыз сезініп, үнжырғасы түсіп, іс-қимылында және қылығында сылбырлық пайда болады. «Ішу керек, ішу керек» деген ой кетпей қояды [82].
Физиологтар организмнің алкогольден тез арыла алмайтынын оның белгілі бір мөлшері 1-2 тәулік бойы зиянды әсер ете беретінін анықтады. Ішкеннен қейін екі апта өткен соң да бауырдан ішімдік табылған. Алкоголь, әсіресе, жас жеткіншектердің жүйке жүйелеріне өте зиянды. Олардың өте нәзік және сезімтал жүйке жасушалары арақ-шараптың азғантай мөлшерінен-ақ уланып қалады. Арақ адамның барлық ішкі органдарын уландырып, істен шығарады. Алкогольдің әсерінен жүректің еттері уланып, оның орнын май жасушалары басады. Маскүнемдердің жүректерінің көлемі сау адамдардың жүректерінен екі еседей үлкен болса да қызметі әлдеқайда нашар келеді. Өйткені май жасушалары жүрек етінің қызметін атқара алмайды. Сөйтіп организмде қан айналымы бірте-бірте әлсіреп, жедел қимылдағанда дем жетпей, ентігу және дененің ісінуі пайда болады. Алкогольдің әсерінен өңеш, асқазан және адамның ішектері қабынып, әртүрлі созылмалы ауруларға - асқазан жарасына, тоқ ішектің қабынуына (колит) әкеліп соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет