Рефлекс– (латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.
Импульс – (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді).
Динамикалық стереотип– (грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.
Инстинкт– (латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.
Интеллект – (латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді ) жануарлар психикасының ең икемді түрі.
Детерминизм– (латын сөзінен енген «белгілеу, анықтау» деген мағынаны білдіреді) тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі заңдылықтарына бағынуы.
Фрустрация – (латын сөзінен енген «босқа әлек болу» деген мағынаны білдіреді) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық, сананың бұзылуын айтамыз.
Доминанта – (латын тілінен енген «үстемдік» деген мағынаны білдіреді) сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздыратын алапты айтамыз.
Адаптация – (латын тілінен енген «икемделу» деген мағынаны білдіреді) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыруын айтамыз.
Сенсибилизация– (латын тілінен енген «сезгіш» деген мағынаны білдіреді) сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.
Синестезия – (грек тілінен енген «қосарласқан түйсік» деген мағынаны білдіреді) пайда болған бір модальды түйсіктің басқа модальды түйсікті қоздыруы.
Спектр– (латын тілінен енген «көріну» деген мағынаны білдіреді ).
Пигмент – (латын тілінен енген «бояу» деген мағынаны білдіреді).