Дәріс курсы қ останай, 2021 Пікір сарапшылар


Диссонанс – (француз тілінен енген «үйлесімсіз» деген мағынаны білдіреді) құлаққа жағымсыз дыбыстарды диссонанс дыбыстар деп атаймыз. Консонанс



бет43/47
Дата14.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#107721
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Диссонанс – (француз тілінен енген «үйлесімсіз» деген мағынаны білдіреді) құлаққа жағымсыз дыбыстарды диссонанс дыбыстар деп атаймыз.
Консонанс – (француз тілінен енген «үйлесімді» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымды естілетін дабыстарды айтамыз.
Резонанс – (латын тілінен енген «жаңғыық» деген мағынаны білдіреді).
Кинестезия – (грек тілінен алынған «қозғалыс түйсігі» деген мағынаны білдіреді) дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді.
Статика – (грек тілінен енген «тіке тұратын» деген мағынаны білдіреді ) денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіретін түйсіктерді айтамыз.
Вестибулярлық аппарат – (латын тілінен енген «кіре беріс» деген мағынаны білдіреді).
Вибрация – (латын тілінен енген «діріл» деген мағынаны білдіреді ) қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болған түйсіктерді айтамыз.
Иллюзия – (латын тілінен енген «алдану» деген мағынаны білдіреді) түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды айтамыз.
Галлюцинация – (латын тілінен енген «қиялдану, шатасу» деген мағынаны білдіреді).
Апперцепция – (латын тілінен енген «қабылдауға қосымша» деген мағынаны білдіреді ) қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен. өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын айтамыз.
Конвергенция – (латын тілінен енген «жақындату» деген мағынаны білдіреді) қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі болып табылады.
Аккомадация – (латын тілінен енген «көз үйрету» деген мағынаны білдіреді) көздің затты түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі.
Ассоциация – (латын тілінен енген «байланыс» деген мағынаны білдіреді) ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.
Мнемоника – (грек тілінен енген «жаттау өнері» деген мағынаны білдіреді) жасанды жаттау тәсілдері.
Реминисценция – (латын тілінен енген «еске түсіру» деген мағынаны білдіреді) құбылыстарды не заттарды кешігіп еске түсіруді психологияда реминисценция құбылысы деп атайды.
Ретроактивтік – (латын тілінен енген «кері әсер етуші» деген мағынаны білдіреді) өткен материалға ұқсас екінші бір материал оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының төмендеуіне әсер етеді, мұндай құбылыс ретроактивтік тежелу деп аталады.
Проактивтік – (латын тілінен енген «ілгері» деген мағынаны білдіреді) бұрын есте сақталған материалдың екіншісіне бөгет жасауды проактивтік тежелу деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет