Дәріс мақсаты: білімалушылардың сезім және эмоция, ерік мәселелері, эмоционалдық интеллект туралы білімдерін тереңдету



бет4/8
Дата18.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#117789
1   2   3   4   5   6   7   8

Фрустрация, (латын сөзі - жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады. Фрустрация қанағаттанбаушылық дәрежесі адамның төзімін тауысарлықтай болған жағдайда көрініс береді. Фрустрацияға көбінесе эмоцияға берілген, қызба, өмір тартысында шынықпаған сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар үшырайды.

  • Фрустрация, (латын сөзі - жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады. Фрустрация қанағаттанбаушылық дәрежесі адамның төзімін тауысарлықтай болған жағдайда көрініс береді. Фрустрацияға көбінесе эмоцияға берілген, қызба, өмір тартысында шынықпаған сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар үшырайды.
  • Құмарлық, бұл қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған және ұзақ уақыт бойына адамды қызықтыратын жарқын, күшті эмоционалды жағдай. Құмарлық – адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Құмарлық адамның есі-дертін жаулап алады, және құмарлық объектісімен байланысты емес қалғандардың бәрі, екінші, маңызды емес, ұмытылған және ескерілмеген болып көрінеді. Мәселен, өз жұмысына жаны құмар ғалымдар сыртқы келбетке мән бермеген, ұйқы мен тамақты ұмытып кеткен.
  • Құмарлықтың маңызды сипаттамасы оның ерікті сферамен байланысы болып табылады, өйткені ол үлкен күш пен қуатқа ие бола отырып, адамды қызметке ынталандырады. Сонымен бірге, құмарлықтың қайда бағытталғаны өте маңызды. Бағыт тұрғысынан ол жағымсыз және жағымды болуы мүмкін. Музыкаға, спортқа, ғылымға деген құмарлық позитивті. Егер құмарлық моральдық айыптауға лайық болса (құмар ойындарға, есірткіге, алкогольді ішуге деген құмарлық), бұл теріс құмарлық. Теріс құмарлықтың әсерінен адам моральдық тұрғыдан қайта туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет