Қызметкер (лермен) 200 __ ж. "____"_________ ______ сағ. болған жазатайым оқиғаны арнайы тексерудің АКТІСІ _____________________________________________________________
(Ұйымның атауы (ҚР "Еңбек туралы" Заңының 9-бабының 1-тармағы)
және зардап шегушінің (лердің) Т.А.Ә.)
Төрағасы __________________________________________________
(Т.А.Ә., істеп жүрген лауазымы)
және комиссия мүшелері __________________________________________
(Т.А.Ә., істеп жүрген лауазымы)
_________________________________________________________________
құрамында, бұйрықпен ____________________________________________
(Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының
атауы немесе ҚР Үкіметінің шешімі)
тағайындалған комиссия 200 __ ж. "___"_________ бастап "___" _____
дейінгі кезеңде осы жазатайым оқиғаны арнайы тексеруді жүргізіп, осы актіні жасады.
1. Зардап шегуші (лер) туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
Тегі, !Туған !Кәсібі, ! Кәсібі ! Нұсқамалардың !Зардап
аты, !жылы !лауазымы! бойынша! күндері: !шегушінің
әкесінің ! ! ! еңбек ! кіріспе, !қамқорлығындағы
аты ! ! ! стажы ! қайталама, ! отбасы
! ! ! ! білімін ! мүшелері
! ! ! ! тексеру ! туралы
! ! ! ! ! мәліметтер
1.6. Оқыс жағдайлардың статистикасы мен талдауы
4. Жазатайым оқиғалардың статистикасы және талдау 37. Н-1 нысанындағы актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға жазатайым оқиғалар мен өндiрiстегi өзге де денсаулық жарақаттарын тiркеу журналына жазылады (6-қосымша) және өндiрiстегi уақытша еңбекке жарамсыздық пен жарақат алу туралы статистикалық есепке енгiзiледi, оған жұмыс берушi қолын қояды және белгiленген тәртiппен статистика органдарына ұсынады.
38. Жұмыс берушi Н-1 нысанындағы актiге сәйкес еңбек жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық органына тиiстi мерзiм iшiнде ұйымда болған жазатайым оқиғалардың өсу қарқынының үдемелi қорытындысын белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтер беруге мiндеттi.
39. Егер жазатайым оқиға салдарынан болған уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңiнде зардап шегушi қайтыс болса, жұмыс берушi ол туралы еңбек меминспекторына хабарлауға және тиiстi кезеңдегi статистикалық есепке қажеттi өзгерiстер енгiзуге мiндеттi.
40. Жұмыс берушiлер жыл сайын жазатайым оқиғалардың себептерiне жан-жақты талдаулар жүргiзуге, қажеттi шаралар қабылдауға және оның нәтижелерi туралы қызметкерлерге хабарлауға мiндеттi.
41. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өндiрiстiк жарақаттану себептерiн талдайды, жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн зерттейдi және қорытындылайды, осы негiзде тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi және оларды жұмыс берушiлерге, қызметкерлер мен олардың өкiлдерiне дүркiн-дүркiн хабар бередi.
42. Аймақтар және республика бойынша жазатайым оқиғалар туралы статистикалық мәлiметтер жыл сайын жариялануға жатады.
5. Қызметкерлердiң жұмысқа баратын немесе жұмыстан келетiн жолында ұшыраған жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алудың тәртiбi 43. Жұмысқа баратын және жұмыстан келетiн жол бойында екi сағат iшiнде болған, кемiнде бiр күн еңбекке жарамдылығынан айрылуға душар еткен жазатайым оқиғалар тексеруге жатады. Бұл ретте қызметкердiң еңбекке жарамдылығын жоғалтуы өндiрiске байланыссыз болып саналады.
44. Жазатайым оқиғаны тексерудi жұмыс берушiнiң өкiмiмен құрылған, құрамында жұмыс берушiнiң, қызметкерлердiң және кәсiподақтың өкiлдерi бар комиссия жазатайым оқиға фактiсi туралы хабар алған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жүзеге асырады.
45. Тексеру нәтижесi бойынша Н-2 нысанындағы жұмысқа баратын немесе жұмыстан келетiн жолда ұшыраған жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру актiсi төрт данада (7-қосымша) жасалады, оған тексеру жүргiзген комиссия мүшелерi қол қояды, жұмыс берушi бекiтедi және мөрмен куәландырады.
Н-2 нысанындағы актiнiң бiр данасы еңбекке жарамсыздық парағымен, екiншiсi - тексеру материалымен бiрге еңбектi қорғау қызметiнде сақталады, үшiншiсi - зардап шегушiнiң қолына берiледi, төртiншiсi - қызметкерлердiң өкiлдерiне жiберiледi. Н-2 нысанындағы акт арнайы журналда тiркеледi және бес жыл сақталады.
1.7. Өндірістегі қауіпті және зиянды факторлар жайлы түсінік
Зиянды өндірістік фактор — жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмыс жарамдылығының төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсеріне алып келуі мүмкін өндірістік фактор, белгілі бір жағдайларда (қарқындылық, ұзақтық және т.б.) жұмыс істеушіге әсері кәсіптік ауру, жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуін тудыруы, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігін арттыруы, ұрпағының денсаулығының бұзылуына алып келуі мүмкін орта және еңбек процесінің факторлары. Сандық сипаттамасына (концентрация және т.б. деңгейне) және әсер ету ұзақтығына байланысты зиянды өндірістік қауіпті болуы мүмкін.
Қауіпті өндірістік фактор — жұмыс істеушіге әсері жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуіне (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлім-жітімге алып келуі мүмкін өндірістік фактор, әрекет ету табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизикалық болып болінеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б. 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.
Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.
1.8. Өндірістегі құрылыс, реттеуші, монтаждық жұмыстардың орындалуы кезіндегі қауіпті факторлар
Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жұмысшыларды әртүрлі оқыс жағдайдан қорғауға және олардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Осы ретте, жұмыс беруші тарап кәсіпорындағы қауіпсіздік талаптары мен шарттарын орындауға міндетті саналады. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік – тұрақты бақылауда Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жұмысшыларды әртүрлі оқыс жағдайдан қорғауға және олардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Осы ретте, жұмыс беруші тарап кәсіпорындағы қауіпсіздік талаптары мен шарттарын орындауға міндетті саналады. Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті бақылау үшін еңбек шартының арнайы бақылау жүйесі қызмет етеді. Ол өз кезегінде өндірістің ерекшелігі мен жағдайына орай, қызмет түріне байланысты тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.
2019-08-23 БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ҚОҒАМ Жұмыс орнындағы қауіпсіздік – тұрақты бақылауда Автор: Раяна Ринатовна Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жұмысшыларды әртүрлі оқыс жағдайдан қорғауға және олардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Осы ретте, жұмыс беруші тарап кәсіпорындағы қауіпсіздік талаптары мен шарттарын орындауға міндетті саналады. Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті бақылау үшін еңбек шартының арнайы бақылау жүйесі қызмет етеді. Ол өз кезегінде өндірістің ерекшелігі мен жағдайына орай, қызмет түріне байланысты тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Жұмыс орындарын аттестациялау дегеніміз не? Еңбек шарты бойынша жұмыс орындарын аттестациялау – жұмыс аумағындағы қауіпсіздік деңгейін бағалау үшін жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы. Аттестациялау кезінде өндірістік операцияларды орындау барысында жіберілген зиян әрі қауіпті факторлар кездесуі мүмкін. Бұл –өндіріс мәдениетінің басты элементтерінің бірі. Ал жұмыс орнындағы аттестациялаудың негізгі мақсаты – өндірістегі жазатайым оқиғалар мен жұмыста душар болатын аурудың алдын алу бойынша шаралар қабылдау. Жұмыс орындарын аттестациялау мынадай міндеттерге жауап береді: Жұмыс қызметі әсерінен адам денсаулығына залал келтіретін факторларды зерттеу; Еңбек шартының қолайсыздығы үшін компенсация төлеу және жекелеген кәсіп түрлеріне экономикалық тұрғыдан көмек көрсету; Ағымдағы жұмыс жағдайын жақсарту үшін кешенді іс-шаралар жасау және адам денсаулығына зиян келтіретін факторларды азайту.
Жұмыс беруші нені білуі қажет? Ұйым басшысы аттестацияның маманданған ұйыммен жүргізілетінін, заң аясында аккредитацияланғанын және 5 жылда бір рет өтетінін білуі тиіс. Осы ретте, кәсіпорындар үшін ешқандай ерекшеліктер жоқ: ел аумағындағы барлық өндірістік ұйымдар аттестациядан өтеді. Егер кәсіпорында жаңа технологиялық жабдықты немесе процестерді ауыстыру, енгізу, орнату бойынша жұмыстар жүргізілсе, онда осындай қайта құрылған өндірістік орындарды аттестациялау олар пайдалануға берілгеннен кейін 90 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
1.9. Құжаттарды толтыру рәсімі