Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Хлодвиг билік басына қашан келді ? 
2. Меровингтік франктер бойынша қандай дерек бар ? 
3. Салий франктері мен рипуар франктерінің арасындағы айырмашылықтар ? 
4. Бенефици қандай жағдайларда беріледі ? 
5. Пуатье т‰біндегі ұрыс қашан болды ? 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. Лебек С. Происхождение франков. ‡-ІХ века. М., 1993. 
2. Левандовский А.П. Карл Великий. Через империю к европе. М., 1993. 
4-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР СОҢЫНДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА. 


ІХ-ХІғғ. Батыс Еуропа елдерінде феодалдық қатынастардың одан əрі дамуымен жəне осы 
процеске қатысты ерекшеліктердің қалыптасуымен бірге жүрді. 
Верден шарты, Лотарь мемлекеті, Мерсен бітімі, Прованс, Сона, Рона өзендері. 
Сұрақтары: 
1.ІХ-ХІғғ. Франция. 
2. ІХ-ХІғғ. Германия. 
3. ІХ-ХІғғ. Солтүстік Еуропа мен Англия. 
IХ-ХI ғғ. аралығында феодализм Батыс Европаның көптеген елдерiнде орнығып 
болды. Феодалдандыру процесiнiң аяқталуы к‰рделi жағдайда өттi, бiрiн-бiрi алмастырған 
тұрақсыз мемлекеттiк бiрлестiктер пайда бола бастады. Осындай өзгерiстердiң барысында 
Европада жаңа, феодалдық қоғамның нұсқасы көрiне бастады. Каролинг империясы 
құлағаннан кейiн құрылып, 843 жылғы Верден шартының нәтижесiнде iргесi бекiген ‰ш 
мемлекеттен келесi ғасырларда Франция мен Германия ғана одан әрi өмiр с‰рдi. Саяси және 
этникалық тұтастығы жоқ, Лотарь мемлекетiнiң тағдыры басқаша қалыптасты. Бұл мемлекет 
Лотарь өлгеннен кейiн ыдырады да, оның орнына жаңадан ‰ш корольдiк пайда болды: 
Италия ( Солт‰стiк және орта Италияны қоса есептегенде), Прованс (Рона албы мен Жерорта 
теңiзi жағалауында) және Лотарьдың ұлы – II Лотарьдың есiмiмен аталған Лотарингия. 870 
жылы Мерсен бiтiмi бойынша Франция королi ( Батыс Франк корольдығы) мен Германия 
королi ( Шығыс Франк корольдiгi) Лотарингияны өз ара бөлiсiп алды. Германия солт‰стiк 
және оңт‰стiк-шығыс бөлiгiн иемденiп, Францияға оңт‰стiк-батыс бөлiгi қосылды. Бұдан 
кейiнгi уақыттарда Лотарингия немесе оның жеке аймақтары бiресе Германия, бiресе 
Франция қолына көшiп отырды, сөйтiп, екi ел арасындағы к‰рестiң негiзгi аренасына 
айналды. Х ғ. басында (925ж.) Лотарингия Германияның құрамына кiрдi де, 959 ж. екi 
герцогтыққа бөлiндi – жоғарғы Лотарингия (кiшi Лотарингия аты сақталып қалған Мозель 
өзенi ағысы бойындағы аймақ) және төменгi Лотарингия (кейiн Брабант, Геннегау, 
Люксембург, Кельн архиепископтығы және басқа да бiрнеше феодалдық иелiктер құрылған 
Шельда, Маас, Рейн арасындағы аймақ). IХ ғ. аяғында Прованс пен оған қарасты 
аймақтардан екi Бургунд корольдiгi – 879 ж. Төменгi Бургундия (Сона мен Рона бойымен 
Жерорта теңiзiне дейiнгi жердi иемденген) және 888 ж. жоғарғы Бургундия (Сона мен Рона 
беткейiнен Альпiге дейiн жер кiрдi) құрылды. Бұлар Хғ. (933ж.) бiрыңғай Бургундия 
корольдiгiне бiрiктi. ХIғ. (1033ж.) Бургундия корольдiгi Германия империясының құрамына 
кiрдi. Бұлардан басқа, Франция территориясында (Луара мен Сона аралығында) IХғ. 
Франция корольдығының құрамында Бургундия герцогтығы пайда болды. IХ-ХIғғ. 
Европаның басқа бөлiктерiнде де жаңа мемлекеттер құрылып, этникалық жаңа топтар мен 
халықтардың қалыптасу процесi ж‰рдi. Европаның оңт‰стiк батысында, Пиреней т‰бегiнiң 
солт‰стiк таулы аудандарында ‡III ғ. бастап, Вестгот Испаниясын араптар жаулап алғаннан 
кейiн, 718 ж. корольдiк болған Астурия өз тәуелсiздiгiн сақтап қалды, ал IХ ғ. ұлы Карл 
негiзiн қалаған Пиреней сыртындағы Испан маркасынан бөлiнiп шыққан Наварра корольдiгi 
құрылды. Испан жерiнiң қалған ‰лкен бөлiгiнде ‡III ғ. пайда болып, Х ғ. Кордова 
халифатына айналған араб мемлекетi - Кордова эмираты өмiр с‰рдi. ХI ғ. бiрiншi 
жартысында ол бiрнеше жеке эмираттар мен князьдiктерге бөлiндi. Британиядағы 
англосаксондық корольдiктер IХғ. бiр корольдiкке – Англияға бiрiктi. Британияның 
солт‰стiгiнде тәуелсiз Шотландия корольдiгi, ал батыста – Уэльстiң Кельт князьдiгi өмiр 
с‰рдi. Ирландияны қоныстанған тәуелсiз кельт тайпалары арасында кландардың бiрiгу және
жоғарғы король ‰кiметiнiң құрылу процесi ж‰рiп жатты. Европаның солт‰стiгiнде IХ-ХI ғғ. 
Скандинавия елдерi – Дания, Норвегия, Швеция феодалдық даму жолына т‰стi. Бұл елдерде 
алғашқы феодалдық мемлекеттердiң қалыптасу процесi Батыс Европаның басқа елдерiне 
қарағанда әлдеқайда кейiн басталды. ‡IIIғ. дат корольдiгi құрылды, IХ ғ. норвегия 
корольдiгi, ал ХI ғ. Швеция корольдiгi қалыптаса бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет