Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Ғұндарға қатысты мәліметтерді қандай деректерден алуға болады ? 
2. Ғұн империясының орталығы қандай территориялар болды ? 
3. Аттиланың билікке келуі және оның жаулап алушылықтары ? 
4. Каталаун даласындағы ұрыс және оның нәтижесі қандай болды ? 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. Жумагулов К.Т. Гунны в европейской истории.// «Нива» (Казахстанский общественно-
политический журнал), Астана, 2001, № 1. 
2. Жұмағұлов Қ.Т. Ғұндардың Галлия (Франция) жерiндегi шайқасы. //ҚазМУ хабаршысы, 
тар. сер., N 1, Алматы, 2001. 
3. Жумагулов К.Т. Гунны и ранняя история Казахстана.// Вестник КазНУ, серия 
историческая, вып. № 1. Алматы, КазНУ, 2002, с. 3-7. 
4. Жұмағұлов Қ.Т. Ғұндар алғашқы Еуразиялықтар едi // Қазақ әдебиетi, 12.04.2002,№ 15, 14-
15бб.
3 – ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: МЕРОВИНГТЕР МЕН КАРОЛИНГТЕРДІҢ ФРАНКТІК 
ДЕРЖАВАСЫ.
Бұрынғы империя территориясында пайда болған ірі варварлық патшалықтардың бірі 
франктік держава болды. Осы жерде феодалдық қатынастардың пайда болу процесі белсенді 
түрде жүрді. Франк мемлекетінің ыдырау барысында еуропаның Франция, Германия, Италия 
сияқты үш ірі мемлекеті пайда болды. 
Галлия, франк, Меровинг, Каролинг, феодализм, бенефиция, Салий заңдары. 
Сұрақтары: 
1.Солтүстік Галлияда франк мемлекетінің пайда болуы. 
2. «Салий заңдары» бойынша франктердің қоғамдық құрылымы. 
3. Ү-ҮІІғғ. Франк патшалығы. 
4. Бенефициалдық реформа. 
5. Ұлы Карл тұсындағы франк мемлекетінің территориясының кеңеюі жəне империяның 
негізінің қалануы. 
6. Каролинг мемлекетінің эволюциясы жəне ыдырауы. 
Галлиядағы Рим билiгi ‡ғ. соңына дейiн созылды. 486 жылы Солт‰стiк Галлияға 
франктер келдi. Галлия - герман тайпаларының қол астындағы Римнiң батыс 
форпосттарының бiрi едi. 476 жылы Рим империясы құлады. Франктердiң басында, Франк 
патшалығының негiзiн қалаған, Меровей руынан шыққан-Хлодвиг тұрды. Батыс Рим 
империясының құлаған орнына пайда болған Франк мемлекетi ерте ортағасырлық Европа 
территориясындағы iрi мемлекеттердiң бiрi болды. Өз дамуының шарықтау шегiнде оның 
құрамына қазiргi Францияның, Белгияның, Люксембургтiң барлық территориясы және 
Нидерланды, ГФР, Италия, Испания территорияларының аймақтары кiрдi. 486 жылы 
Суассон т‰бiндегi ұрыста Галлиядағы ақырғы Рим наместнигi Сиагрий франктерден 
жеңiлдi. Франктердiң басында Меровингтер руының ақс‰йегi, 19 жасар Хлодвиг тұрды.
Франк көсемдерiн ығыстыра отырып, Хлодвиг галл мемлекетiнде тәртiп орнатуды 
көздедi. Салий франктерiнiң тайпалары батыс герман тайпаларының ‰лкен тобына жатады. 
Барлық франк корольдерi Меровинг руына жатты. Корольдiк билiк мұра бойынша 
қалдырылғанымен, әскери демократияның белгiлерi де сақталды. Суассон т‰бiндегi ұрыстан 
22 жыл өткен соң, Хлодвиг Галлияның басым бөлiгiн иеленген едi. Хлодвигтiң билiгiн 
Византия императоры Анастасия мойындап, өз елшiлiерiн жiбердi. Хлодвигтiң ұлдарының 


тұсында ‡I ғ. аяғында Франк мемлекетi Пиренейден Жерорта теңiзiне дейiнгi баварлар мен 
тюрингтер қоныстанған Рейннiң оң жағалауын иеленген ұлан-ғайыр территория болды. 
Хлодвигтiң тұсында Аквитания (507), оның ұрпақтары тұсында Бургундия (534) жауланып 
алынды. 536 жылы остготтардан Прованс тартып алынды. ‡I ғ. ортасында франк патшалығы 
Галлиядағы Рим провинциясының барлық территориясын құрамына қосты.
Галлияны жаулап алғаннан кейiн мемлекеттiң даму жолын реттеу қажеттiлiгi туды. 
Осы мақсатта «Салий заңдары» жазылды. «Салий заңдары» 65 баптан тұрады. «Салий 
заңдары»-феодализм генезисiнiң к‰рделi дәуiрiне жататын қызықты дерек. Заң екi бөлiмнен 
тұрады. 486-596 жылдары жазылған негiзгi бөлiм және Ұлы Карл тұсындағы
«Қосымшалар».
Меровинг руынан шыққан корольдердiң орнына майордомдар билiкке келедi (‡II ғ). 
Майордомдар алғашқы кезде франктер ауласында қызмет ететiн ‰й басқарушылары едi. 
Ақырғы жылдары бұлар жалпы мемлекеттiк саяси билiкке араласып, билiктiң барлық 
салаларын қолдарына шоғырландыра бастады. 
‡I ғасырдың аяғында Франк мемлекетiнiң құрамында ‰ш дербес аймақтың 
оқшаулануы байқалды: Нейстрия аймағы-орталығы Париж болған солт‰стiк-батыс Галлия: 
Австразия аймағы-Франк мемлекетiнiң солт‰стiк-шығыс бөлiгi. Бұған Рейн мен Маастың екi 
жағалауындағы ежелгi франк аймақтары кiрдi. Бургундия аймағы-Франк мемлекетiнiң 
құрамына енген бұрынғы бургундтар корольдiгiнiң территориялары. ‡II ғасырдың аяғында 
Нейстрия аймағының құрамынан оның оңт‰стiк бөлiгi Аквитания бөлiнiп шықты.
Австразияның Пипиндер әулетiнен шыққан майордомдары (Пипин 
Геристальскийдiң ұрпақтары), бiрiккен Франк мемлекетiнiң билеушiсi болғаннан соң, Франк 
корольдерiнiң жаңа династиясының негiзiн қалалды. Бұл династия кейiнiрек, өз өкiлдерiнiң 
ең iрi - ұлы Карлдың есiмiмен, Каролингтердiң династиясы деген атқа ие болды. 
Каролингтер әулетiнiң өкiлдерi (Пипиндер) Франк мемлекетiн ‡II ғ. аяғынан IХ ғ. орта 
шенiне дейiн «жалқау корольдердiң» жанындағы майордомдар ретiнде, ал содан соң 
корольдер ретiнде басқарып биледi. Франк мемлекетiнiң тарихындағы бұл дәуiр 
«Каролингтiк дәуiр» деп аталады. 
Карл Мартел шiркеу жерлерiнiң қатарын тәркiледi. Карл шiркеу жерлерiн тәркiлеуге 
деген дiн иелерiнiң қарсылығын «исламдық қауiп» сияқты к‰штi аргументпен тиып отырды. 
Мақсатын iске асыру ‰шiн Карл әскери қызметi ‰шiн ғана шартты жер ‰лесiн бердi. Әскер 
қатарында қызметке тұрушы майордомға ант бердi. Бұндай иелiктiң т‰рi бенефиция деп 
аталды. Карл Мартел ж‰ргiзген бенефициялық реформа жаңа қоғамдық құрылыстың 
феодалдық негiзi едi. 
732-733 жылдары жаңа каролинг әулетiнiң негiзiн қалаушы Карл Мартел Пуатье 
т‰бiнде мұсылмандардың жеңiл атты әскерiн қуғынға ұшыратады. 751 жылы оның ұлы 
«Қортық» Пипин король болып тағайындалады. Пипин корольдықты империяға
айналдырды (741-768 жж). 800 жылы Ұлы Карл Батыс Рим империясының императоры 
болып сайланды. Ұлы Карлдың империясы әрт‰рлi халықтардан тұрған, ұлан-ғайыр 
территорияны иемдендi. 800-840 жылдар аралығы Ұлы Карл империясының ең қуатты 
кезеңдерi болды. Ұлы Карлдың өлiмiнен кейiн империя ыдырап кеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет