Сұрақтары:
1. ХҮ-ХҮІІ ғғ. ауыл шаруашылығы
2. Қала, сауда жəне өнеркəсіп
3. еуропалықтардың Қытайға енуі.
4. 1639-1346 жылдардағы шаруалар соғысы
Х‡ІІ ғасырдың 30-40-шы жылдары Қытай державасы өте терең құлау ‰стінде тұрды.
40-шы жылдары көтерілістер жаңа кезеңге аяқ басты. Осы кезде б‰лікшілер
лагерінде екі
орталық пайда болды, біріншісі-Хубей және Шэньсида, екіншісі-Сычаньда. Көтерілісті
басқарушы Ли Цзычен және бұрынғы әскери адам Чжан Сяньчжоу болды.
Қытай
императорларының басты орталық қалаларының бірі Сиан басып алынған соң, көтерлілісті
басқарушылардың бірі, Ли Цзычен өзін император деп жариялады. 1644 жылы
көтерілісшілердің Пекинге жорығы өте сәтті болды. Оларға қарсы к‰шті қарсы шыққан
әскер болған жоқ. 1644 жылы сәуірде Ли Цзычен әскері Пекинді жаулап алды.
Көтеріліс
жеңіспен аяқталды.
1644 жылы көктемде маньчжурлар Қытайды жаулап алуға кірісті. Олар Пекинді жаулап
алысымен Абахай ханның бір баласы өзін богдоханмын деп жариялады. Осы кезден бастап
267 жыл бойына Қытайды маньчжурлардың Цин династиясы (1644-1911) билік құрды.
Сонымен қытайды маньчжурлардың жаулап алуының бірінші кезеңі 1644-1647 жж. болды,
Осы кезеңде циндік əскерлер Солтүстік жəне Орталық Қытайды өздеріне бағындырды, енді
тек Оңтүстік Қытай ғана қалды. 1648 жылдыры көптеген провинцияларда маньчжурларға
қарсы халық көтерілістері болды. Маньчжурлар Қытайды толық басып алғаннан кейін елде
аграрлық жағынан болсын, қала экономикасында болсын, Қытайдың əлеуметтік-
экономикалық жағдайы өзгере қойған жоқ. Мысалы миндік
Қытайда өңделмелі жер екі
категорияға бөлінді: гуань (чиновниктердікі) жəне минь (халықтікі). Қытай деревнияларында
«училище» жерлері болды, одан түсетін кіріс ауыл мектептеріне жұмсалды. Ал «храмдық»
жерлерден түсетін кіріс діни салт-дəстүрлерге жұмсалды. Сонымен бірге жерді ұжымдық
түрде пайдалану да болды. Ол жерлерді сатуға жəне арендаға беруге болды.
Саяси жағынан циндік Қытай шығыс деспотына жатты. Елді басқарушы богдохан
шексіз билікке ие болды. Елді басқару тәртібі көп ғасырдан
бері келе жатқан екі
классикалық формуламен ж‰рді: «В Поднебесной нет земли, кроме принадлежащей
государю» и «Все, живущие в Поднебесной, является подданными государя».
Әкімшілік
жағынан ел 18 провинцияға бөлінді, ал оның басында губернатор тұрды. Әрбір провинция он
облыстарға бөлінді, яғни барлығы 180 облыс болды. Ал әрбір облыс уездерге бөлінді,
сонымен Х‡ІІІ ғасырда олардың саны жарты миллиондай болды. Өз кезегінге елді басқару
органдары бөлімшелерге бөлінді: қаржы, сот, мемлекеттік монополия, білім саласы. Х‡ІІ-
Х‡ІІІ ғасырларда қала қолөнерін ұйымдастыруда біршама алға басушылық болды. Ұсақ
саудагерлер мен қолөнершілер қала халқының көп бөлігін құрады. Олар корпоративті
ұйымдарға бірікті (хан). Х‡ІІғ. Аяғында Х‡ІІІ ғасырдың басында
Қытай экономикасында
г‰лдену кезеңі біліне бастады.
Әсіресе кең тарағаны мақта және жібек мата өнімдерін шығару болды. Оларды елдің
ішінде пайдалануға ғана емес, сонымен бірге экспортқа да шығарып отырды. Тек Шанхай
қаласының өзіне 200 мың мата өндірушілер жұмыс істеді. Қытайда фарфор шығарудың
‰лкен орталығы Цзиндэчээн қаласы болды.
Х‡ІІ-Х‡ІІІ ғғ. Қытайдың рухани өмірі 1628-1647 жж.
Шаруалар соғысымен, мин
династиясының құлауымен және маньчжурлардың елді басып алуымен де тікелей
байланысты болды. Осындай оқиғалардан кейін тек дәст‰рлі мемлекеттік қана емес, рухани
өмірде де өзгерістер байқалды. Әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер
идеологиялық бақылауды әлсіретіп жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: