Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Зейін  Затты  қабылдағанда,  елестеткенде,  ойлағанда,  тыңдағанда,  сананың  соларға  бағытталуын зейін



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата07.01.2017
өлшемі0,57 Mb.
#1378
1   2   3   4   5   6   7

Зейін 

Затты  қабылдағанда,  елестеткенде,  ойлағанда,  тыңдағанда,  сананың  соларға 

бағытталуын зейін дейді. 

Зейін деп айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық 

әрекетімізді тұрақтата алу.  


Зейін  дегеніміз  қабылдау,  зердеде  тұту,  қиялдау,  ойлау,  сөйлеу  сияқты  процестер 

емес, сол процестерге сананың бағытталуы. Кісі ештеңе байланыссыз, бостан-босқа зейін 

қоймайды, қабылданатын нәрсесіне ғана зейін аударады, соған ілтипаты түседі. 

Зейіннің физиологиялық негіздері 

Зейіннің  физиологиялық  негіздерін  И.П.Павлов  ашқан    нерв  процетерінің  өзара  

индукция  заңына  байланысты    түсінуге  болады.  И.П.Павлов,  егер  ми  қабығының  бір 

алабында  қозу  процесі  пайда  болса,  осымен  байланысты  қалған  алаптарында  тежелу 

процесі пайа болатындығын айтқан. (теріс индукция заңы). 

Зейіннің  физиоогиялық  негіздерін  орыс  физиологы,  академик  А.А.Ухтомскийдің 

доминанта  теориясы  бойынша  да  түсіндеруге  болады.  Көпеген  тітіркендіргіштердің 

ішінде  біреуі  миға  көбірек  әсер  етеді  де,    мидың  бір  алабын  қаттырақ,  күштірек 

қоздырады, осындай алапты доминанта деп атайды. Доминанта-латынның доминанс деген 

сөзі, қазақша үстемдік ету дегенді білдіреді.  



Зейіннің түрлері: ырықты, ырықсыз, үйреншікті.  

Зейіннің қасиеттері 

Зейін  атқаратын  қызыметіне  қарай  бірнеше  қасиеттерден  құралады.Олар:  зейіннің 

көлемі,  бөлінуі,  шоғарлануы,  тұрақтылығы,  ауысуы.  Енді  осылардың  мағынасына 

тоқталайық. 



1.

 

Зейіннің  көлемі-  адамның  бір  көргенде-  ақ  қабылдаған  нәрселердің  саны.Зейін 

көлемін  анықтау  үшін  уақыттың  1\10  секунд  ішінде  10-12  нәрседен  тұратын  сандар, 

әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден 

жеткілікті,  бірақ  көргеннен  барлық  кескіндерді  саналы  түрде  бейнелеуге  уақыт 

аздау.Ересек  адамдарда  зейін  көлемі  өзара  байланыссыз  4-5  нәрседен  тұрады,  ал  балада 

одан аздау болады. 



2.

 

Зейіннің  бөлінуі-  адамның  кез-  келген  іс-  әрекет  үстінде  зейіннің  бір  мезгілде 

бірнеше обьектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен 

азайту  амалмен  есеп  шығарып  көрсек,  мұның  оңай  емес  екенін  байқаймыз.Мұндай  бір 

әрекет  екінші  әрекетке  кедергі  болады.  Іс-  әрекет  үрдісінде  зейін  бір-  ақ  нәрсеге  ауады. 

Себебі  оның  физиалогиялық  негізі  –  ми  қабығындағы  оптималдық  қозу  ошағының 

жалғыздығы.Күнделікті  өмірдегі  іс-  әрекетінде  адам  өзінің  зейіннін  бөле  білдіруді 

жетілдіре, тәрбиелеу керек. 

3.

 

Зейіннің  шоғырлануы-  адам  санасының  белгілі  бір  обьектіге  айырықша 

бағытталуы.  Зейіннің  шоғарлануы  оның  көлемімен,  бөлінуімен  де  тығыз  байланысты. 

Зейін  бағытталған  обьектілер  саны  неғұрлым  аз  болса,  шоғырлану  соғұрлым  күшті 

болады. Іс- әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу 

керек.  Зейін  шоғырлануының  физиалогиялық  негізі  –  қозудың  оптималдық  ошағы 

туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. 



4.

 

Зейіннің  тұрақтылығы  –  оның  обьектіге  бағытталып,  ұзақ  уақыт  бойы 

шоғырлануын  айтады.  Зейіннің  бұл  қасиеті  жүйке  үрдісінің  күшіне,  әдеттерге  т.б 

жағдайларға  байланысты.  Зейіннің  алаңдауы  –  тұрақты  зейінге  қарама-  қарсы  сипат.Ол 

зейіннің толқуынан көрінеді.Мысалы: квадрат салынған бейнеге ұзақ уақыт қарасақ 



онда оның қозғалғандығын байқауға болады. Ал көңілді қайта тұрақтандырсақ онда 

орнына келеді. Бұл тәжірибе зейіннің тұрақтылығына арналған мысал болады. 

5.

 

Зейінің  ауысуы-  зейіннің  бір  обьектіден  екінші  обьектіге  әдейлеп  көшуін 

айтамыз.  Зейіннің  ауысуының  толқудан  айырмашылығы  –  оның  саналы  түрде 

болатындығын.  Іс-  әрекет  үстінде  адам  алдына  жаңа  міндеттер  қойып,  зейінін  бір 

обьектіден  басқа  обьектіге  не  сол  обьектінің  бір  қырыннан  екінші  қырына  ауыстырып 

отырады. Зейінің бұл қасиетінің физиалогиялық негізі – қозудың оптималдық ошағының 

тежеліп, жаңадан жпсалуы. Зейіннің ауысуы жүйке үрдістерінің қозғалғыштарына – қозу 

мен  тежелудің  тез  ауысып  отыруына  байланысты.Бұл  кейде  күшті  тітіркенгіштердің 

әсерінен де болуы мүмкін. Себебі: қатты тітіркенгіштер баяу ауысады. 



 

Ес процесі 

Бұрын  қабылдаған  зат,  құбылыс  образдарын,  өз  көңіл  күйлерін  ойда  сақтап  қайта 

жаңғыртатын  психикалық  процесті  ес  дейді.  Бұрынғы  уақытша  нерв  байланыстары 

қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырада, санасына қайтадан келеді. Естің 

бұл  күйін  қайта  жаңғырту  дейміз.  Адам  көптен  көрмеген  танысып  кездестіргенде, 

бұрынғы  болған  жері  есіне  түседі.  Қабылдаған  нәрсемен  кездеспей-ақ  қайта 



жаңғыртуды еске түсіру деп атайды. Өз қасында жоқ кісінің образы еске түседі. 

Есте қалдыру және оның түрлері, әдістері 

Ес  әрекеті  есте  қалдырудан  басталады.  Адамның  тіршілігінде  қабылдағаны, 

ойлағаны, басынан кешіргені есінде қалады. Қабылдау процесінде тітіркендірген нәрсенің 

ми  қабығында  ізі  қалады  да,  нәрсе  мен  адамның  өмір  тәжірибесінің,  білімінің  және 

нәрсенің өз құрамындағы бөлшек, элементтерінің арасында байланыстар жасалады. Адам 

тітіркендіргіштердің  әсерін  ырықты  не  ырықсыз  түрде,  механикалық  және  мағыналы 



түрде  есінде  сақтайды.  Есте  қалдырудың  әдістері  бар:  алға  мақсат  қоймай,  сәтті  ететін 

тәсіл  қолданбай  есте  қалдырсақ,  ырықсыз  есте  қалдыру  болады.  Адамның  өмір 

тәжірибесінде  кездесетін  нәрселер,  құбылыстар,  күнделікті  уақиғалар,  басқа  кісілердің 

қылығы,  олармен  сөйлескен  сөздің  мазмұны,  көрген  кинофильмнің,  театрда  ойнаған 

пьесаның,  үйренейін  де  мақсат  етпей  оқыған  кітаптың  мазмұны  сияқтылар  ырықсыз 

түрде есте қалады.  

Алға  мақсат  қойып,  арнаулы  тәсілдер  қолданып  есте  қалдырып,  ырықты  есте 

қалдыру  болады.  Ырықты  есте  қалдыру  -  ұғып  алу  мақсатына  бағынатын  ақыл  әрекеті. 

Оқу процесінде оқу материалын есте қалдыру үйреніп алу болады. Үйреніп алу дегеніміз- 

оқу материалын есте қалдырғанша әбден толық қайталап пысықтау. Өлеңді, анықтаманы, 

ережені, заңды, формуланы, тарихи күндері біліп үйреніп алу. Үйреніп алуды адам алдына 

мақсат  етіп  қойса,  есте  қалдыру  нәтижесі  болады.  Мысалы,  біз  өзгеше  түр  сипатын 

әдейлеп  ұғып  алмасақ,  төңірегіміздегі  неше  рет  қабылдап  жүрген  нәрсенің  түсін, 

формасын,  көлемін  дұрыс  айтып  бере  алмаймыз.  Ырықты,  ырықсыз  есте  қалдырудың 

сәтті болуы - істі белсенділікпен және өздігінен орындауға байланысты. Адам материалды 

толық  қабылдауды,  шашаусыз  түсінуді,  өздігінен  істеп  орындауды  мақсат  ететін  болса, 

есте қалдыру биік сатыға көтеріледі. 



Механикалық есте қалдыру 

Материалдардың  ішкі  мазмұны  қадағаламай,  сыртқы  байланыстарын  түсінбей 

(ұқпай)  есте  қалдыру  механикалық  болады.  Механикалық  есте  қалдырғанда,  үйреніп 

отырған 


материалдардың 

бөлшектерінің 

қалай 

ұштасқаны-сөздің, 



қимылдың 

алдыңғысының  соңы,  кейінгісінің  алды  қалайша  түйіскені  -  есте  қалады.  Үйреніп 

отырғанымыз  сөзбен  айтылатын  материал  болса,  сөздер  бұлжымастан  естіген  ,оқыған 

қалпында  есте  қалады  да,  сөздер  материалын  ескеруіміз  кетеді.  Мысалы,  меруерт  және 

мандарин  сөздерінің  бірінен  соң  бірін  айтып,  бірнеше  рет  пысықтасақ,  арасында  іргелес 

ассоциация  жасалады  да,  кейін  біреуін  айтқанда,  екіншісі  еске  түседі.  Шет  тілден 

үйренген  сөздер,  ғылымның  қиын  атаулары,  уақиғаның  даталары,  телефон  нөмерлері, 

көшенің , кісінің- әсіресе шет ел адамдарының- аттары механикалық есте қалады.  



Мағыналы есте қалдыру 

Материалды  жақсы  ұғынып,  терең  түсініп,  мағыналы  байланыстарын,  маңызды 

қатынастарын  анықтай  отырып  еске  түйіп  қалу  мағаналы  есте  қалдыру  болады.  Есте 

қалдыруды  мағаналы  ететін-ойлау.  Ойлау  процесі  есте  қалдырып  отырған  материалды, 

нәрсені  анализдеп,  синтездеп,  дерексіздендіріп,  жалпылай  отырып,  нәрсе  мен  адамның 

өмір  тәжірибесінің,  білімінің  және  нәрсенің  құрамындағы  элементтердің  арасындағы 

шынайы байланыстарын, маңызды қатынастарын анықтайды.  

 

 

 

 


Бақылауға арналған сұрақтары:  

1. Түйсік және қабылдаудың анықтамасын айтыңыз? 

2. Түйсік пен қабылдаудың түрлері, ерекшеліктері мен өзара байланысы қандай? 

3. Психологиядағы қиялдың анықтамасы? Қиялдың түрлері атаңыз? 

4. Ес және оның түрлері?  

5. Психологияда естің қандай теориялары бар? 

6. Зейін дегеніміз не?  

7. Зейіннің физиологиялық негізі, түрлері, қасиеттерін атаңыз? 

8. Ойлау дегеніміз не? Ойлаудың түрлері мен ой қорытындыларын атаңыз? 

9. Сөйлеу дегеніміз не? Сөйлейдің түрлерін атаңыз?  

10. Сөйлеудің негізгі қызметін атаңыз? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дәріс 8.  Психикалық күйлер 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1.

 



Психикалық күйлер туралы ұғым.  

2.

 



Психикалық күйлердің көріну деңгейі. Психикалық күйлердің жіктемесі. 

3.

 



Эмоция және сезім.  

4.

 



Психологиядағы ерік мәселесі. Еріктік сапалар.  

5.

 



Қажеттіліктер, мотив.  

 

 



 

Көңіл-күй -  адамның психикалық процестерге , барлық қызметіне, соның ішінде оқу 

материалын меңгеруге әсер ететін эмоциялық жағдайы. Көңіл-күйіне қарап адамды: шат, 

жайдарлы,  көңілді,  жылы  жүзді  дап  ажыратуға  болады.  Көтеріңкі  көңіл-күй  адамға  қуат 

беріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып  жібереді. Кейде  адамның 

көңіл-күйі  жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы, 

жұмыс  істейтін  орны  ынтымақты,  отбасы  жарасымды  болса,  мұндайда  оның  көңіл-күйі 

көтеріңкі  болады.  Адамның  денсаулық  жағдайы,  жүйке-жүйесіндегі  ерекшеліктері  де 

көңілге әсер етеді. Тіршілік ұшін мәнді де, маңызды нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. 

Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда адам шат-шадыман кұйге 

түседі.  Керісінше  адам  сәтсіздікке  ұшырап,  көздеген  мақсатына  жете  алмаса,  қиналып 

мазасызданады. Ерік-жігері кұшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстаған идеясына сенімі 

мол  адамдар  қандай  ауыр  жағдайларда  да  өздерін  көтеріңкі  сергек ұстайды.  Көңіл-күйін 

меңгере білу кімге болса да  аса қажетті қасиет.  

 

Сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  адамның  қажетіне  сәйкес  келу-



келмеуінің  нәтижесінде  пайда  болып  отыратын  психикалық  процестің  түрін  сезім  деп 

атайды. Сезімдер  - өте күрделі психикалық процестердің бірі.  

 

. Шаттану, мұң, үрей, қуаныш, қорқу, масаттану, өкіну, - бұлардың бәрі сезімдер мен 



эмоциялар.  Егер  қабылдау,  түйсік,  ой  жөне  елестерде  сан  алуан  заттар  мен 

құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттері, әр түрлі байланыстары, тәуелділіктері 

бейнеленсе,  эмоция  мен  сезімде  адам  танып  білетін  заттар  мен  құбылыстардың 

мазмүнына өзінің қатынасын білдіреді. Адамның қоршаған ортасы мида бейнелене келіп, 

сезім  затына  айналатын  объективтік  қатынас  пайда  болады.  Эмоция  мен  Сезімдерден 

адамның  өз  мінез-қүлқына,  қылығына,  пікіріне,  әрекеттеріне  қанағаттануы  немесе 

қанағаттанбауы көрінеді. 

Эмоция және сезім — бұл адамдардың айналадағы өмір шындығына және өз басына 

деген өзіндік қарым-қатынасы. 

Сезімдер  -  өте  күрделі  психикалық  процссс.  Сезімдерден  эмоцияларды  айыра  білу 

қажет.  Жануарлар  эмоциясы  түгелдей  биологиялық  сипаттағы  қүбылыс,  бұл 

жануарлардың  сыртқы  ортаға  бейімделу  көрінісінен,  әр  түрлі  шартеыз  рефлекетердің 

тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады. 

1.Эмоция 

— 

адамның 

түрлі 


органикалық 

қажеттілігіне 

байланысты 

туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері. 

Ал  сезімдер  —  адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасау  қажетінен  туатын  және 

біртіндеп даму процссінде болатын нәрсе (дос адамдардың сүйіспеншілігі). 

2.Эмоцияда монерлі қозғалыс (ым-ишара) көбірек байқалады. Адам тек организм түрінде 

көрсете алады. 

Ал  сезімдерде  мәнерлі  қозғалыс  жөнді  байқалмайды,  тұрақты,  терең  әсерлі  сезім  жеке 

адам психикасының басты белгілерінің бірі. 

3.Эмоция қызметін имби жүйесі мен (ми бағанының үлкен ми сыңарларына жақын жері) 

гипоталамус  бөлігі  (денедегі  зат  алмасу,  температура,  нерв  орталығы)  басқарады.  Нерв 

орталығына зақым келсе, адам тойғанын білмейді. 

 

Ал  сезім  ми  қабығының  жұмысынан  өзгеріп  отыруынан  жақсы  көрінуі  мүмкін.  2-



сигнал жүйесінің басқарушылық ролі зор. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді. 

4.  Эмоция  жануарларда  да  кездеседі.  Жануарлар  психологиясы  биологиялық  сипаттағы 

реакциялардың жиынтығы. 

Адамдар эмоциясы мен сезімі қоғамдық сипатта болады. 

Эмоцияны сезімдердің психологиялық процестің нақты көрініс беретін түрі деуге болады. 

Сезімдердің негізгі қасиеттері (сапасы) 

Сезімдердің негізгі 2 қызметі бар: 

1)  Реттеуші, 2) сигналдық. 

Сезімдердің  реттеушілік  қасиеті  -  көңіл-күй  тұрақтылығына,  мінез-қүлқына  бағыт 

беретіндер, кедергілерді жеңуге итермелейтіндер. Эмоция реттегіштігі — эмоция қозуды 

бәсеңдетеді. 

Адамның  эмоциясы  мен  Сезімдері  мимика  (бет  олпеті)  пантомимикалық  (  бұлшық 

еттер  қозғалысы)  сияқты  монді  қимылдар  жүзсге  асады.  Монді  қимылдар  сезімдер  мен 

эмоциялардың  экепрсссинтік  жағын  сигналдық  қызметі  арқылы  жүзеге  асырады. 

Дауыстың  және  мимика  сигналдар  әңгімелеекен  адамдармен  қарым-қатынастың  белгілі 

түрін тудырады және бұл байланыс атмосферасын жасайды. 

Күрделі эмоциялар:  

1)  Көңіл  күйі-адамның  толғаныс  тебірсністерін,  әрекеттерін  көрсететін  біршама  ұзақ 

эмоциялық күй. Эмоциялық күйлер өткінші және тұрақты көңіл күйлерге бөлінеді. 

2) 

Аффекті 


күй- 

эмоцияның 

бірте-бірте 

күшеюінен 

көрінеді. 

Аффект-қысқа  мерзімді,  бұрқ  етпе,  өте  күшті  эмоциялық  реакция  (төтенше  шиеленіскен 

жағдайда). 

3)  Стресс-  күтпеген,  шытырман  жағдайда  пайда  болатын  күй  (зорлану),  қауіп-қатер 

жағдайда, шапшаң шешімге келу жағдайда, қорқыныш жағдайда. 

4)  Құмарлық  кісіге  жүк  артады,  міндеттілік  туғызады,  міндет  борысты  етеді,  бұлар 

еңбекке жүктейдіғ еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол-деп Абай атамыз айтқан екен.  

5)  Фрустрация  —  тұрақты  жағымсыз  көңіл-күйге  душар  ететін,  шектен  асқан 

қанағаттанбаушылық, сана мен әрекеттің бұзылуы негізінде күшті нерв - психикалық күй 

-  өкіну,  ызалану,  жабырқау,  айналадағыларға  селсоқ  қарау,  өзін-өзі  жазғыру  түрінде 

болады.  Адам  үлкен  күйзсліс  үетінде  ұзақ  уақыт  эмоциялық  ерекшелікте  және  нерв 

жүйесінің типі көрінеді. 

Жоғарғы сезімдер адамдарға ғана тән. Олар:  

1.  Адамгершілік  немесе  имендылық  (достық,  жолдастық,  адалдық,  ар-намыс,  борыш, 

жауапкершілік, ұят) 

2. Эстетикалық  сезім дегеніміз адамның сулулықты сезінуі.  

3.  Интелектілік  сезімдер  адамның  тану  процестерімен,  ақыл-ой  әрекетімен  тығыз 

байланысты. Бұларға білуге құмарлық, күдіктеруғ сенімділік, интуиция болжау жатады.  

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады:  

1.Жағымды не ұнамды эмоциялар (қуаныш, сүйіспеншілік, ризашылық) 

2.  Жағымсыз  не  ұнамсыз  эмоциялар  (қорқыныш,  қайғығ  абыржу,  налу,  үрейлену, 

үмітсіздену) 

3.  Қарапайым  эмоциялар  (органикалық  қажеттіліктердің  өтелу-өтелмеуіне 

байланысты эмоциялар: көңіл, аффект , құмарлық). 

  

Ерік туралы үғым 

Адамның  қиындықтарды  жеңуді  талап  ететін  мақсатты  әрекеттер  мен  қылықтарды 

жүзеге  асыру  қабілетінен  кәрінетін  сананың  реттегіштік  жағы  —  ерік.  Ерік  адамның 

практикалық  және  танымдық  әрекетін  ретке  келтіруден  көрінеді,  соларды  жүзеге 

асырудан  тұрады.  Ерік  таныммен  байланысты  қарастырылады.  Сонымен  бірге,  ерік 

босатқыш және тежегіш механизм. 

Мінез-құлықтың еріктік реттелуі мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін 

ақыл-ой  және  дене  күшін  саналы  тұрде  бағыттау.  1)  әрекет  үетінде  адамның  мақсаты 

елеуеіз болуы мүмкін; 2) кейде әрасан күш жүмсалса да кейбір жайтты ескермегендіктен; 


«Еңбегі еш кетеді». 3) Кейде ақылды адам дұрыс шешім қабылдайды, бірақ іске асыруы 

өте қиын. И.М.Сеченов: сезімнің әрекет жағы. Еріктің физиологиялық негіздері - үлкен ми 

сыңарларының төбелік бөлігінде қимыл-қозғалысты басқаратын учаеке әрналасқан. Ол ми 

қыртысының басқа бөліктерімен байланысты. Мысалы: көру талдағышының ми қыртысы 

үшындағы қозу қимыл-қозғалыс учаскесіне беріледі де, онда қозу туғызады. Хабар алған 

соң  қозғалыс  клеткалары  кез-келген  сәтте  қимыл  жасауға  бүйрық  бере  алады.  Бірақ 

аралықта  информацияны  жинақтау,  өңдеу,  талдау  бар.  Ал  бұл  2-сигнал  системасы 

көмегімен  іске  асады.  2-сигнал  байланыстары  негізінде  адамның  саналы  іс-әрекеті  іске 

асады.  Зейінді  реттейді,  сезімді  туғызады.  2-еигнал  байланыстары  қимыл-әрекеттерді 

бөгеу, ерікті тежеу қызметінде шешуші роль атқарады. 

Қимыл-қозғалыстың  ырықты  болуы  бүкіл  ми  қыртысының  жалпы  жұмысының 

нәтижесі,-дейді.  И.П.Павлов  ерік  шартты  рефлекстік  табиғатқа  ие.  Еріктік  әрекеттер 

күрделі және қарапайым болып 2-ге бөлінеді. 

Қарапайымда — мақсат қою және орындау күрделіде — мақсатты аңғару, жоспарлау 

және орындау. 

Ерік сапалары әр түрлі: 1) ерік күші (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-

өзі  меңгере  алу,  батылдық,  шыдамдылық  т.б.);  2)  адамгершілікке  сыйымды  ерік 

қимылының  сапалары  (жеке  мүддені  қоғам  мүддееіне  бағындыру);  3)  еріктің  адам 



дербестігінен байқалатын сапалары (инициатива, тәртіптілік, жинақылық т.б.). 

  

 

 

Бақылауға арналған сұрақтар:  

1. Психикалық күйлерге не жатады? 

2. Эмоция дегеніміз не және оның түрлері? 

3. Аффект ұғымының анықтамасы? 

4. Сезім анықтамасы? 

5. Жоғарғы сезімдерге не жатады? 

6. Ерік дегеніміз не? 

7. Адамға қажет еріктің сапаларын атаңыз? 

8. Қажеттілік және мотив анықтамасы?  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 9.  Психикалық қасиеттер 

 

 Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1  .Темперамент  –  психикалық  іс-әрекет  пен  мінез-құлықтың  формалды  өзара 

қасиеттері. Темпераменттің мінезді реттеудегі рөлі.  

2. Мінез – тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық ерекшеліктің бірлігі. Мінез 

типологиясы. 

3. Қабілет туралы түсінік. Жалпы және арнайы қабілет.  

4. Нышандар қабілеттің органикалық алғышарты ретінде. Талант. 

 

Темперамент  —  нерв  жүйесінің  тума  қасиеттерінен  туындайтын  адамның  жеке 



өзгешеліктерінің  бірі.  Адамдардың  қозғыштығы,  қимыл-қозғалысы,  жалпы  белсенділігі 

темпераменттерден көрінеді. 

Темперамент  туралы  алғашқы  ой-пікірлер  ежелгі  грек  дәрігері  Гиппократ  (б.э.д. 

460-365) еңбектерінде айтылған. Гиппократ айтуынша, адамдар мен жануарлар денесінде 

4 түрлі сұйық зат бар. Темперамент сол сұйықтардың басымдығына байланысты,-дейді. 

1.  Денені 

жылытып 

тұратын 


қан 

басым 


болса 

сангвиникалық 

(латынша «сангиус» «қан») темпераменті

2.  Шырын 

басым 

болса 


(грекше 

«флегма» 

«шырын») 



флегматик 

темпераменті; 

3.

 

Организмде 



қара 

өт 


басым 

болса, 


меланхолик 

(грекше 


«мсланхолс» 

- қара от) темпераменті; 

4.

 

Сары өт (грекше «сһоіс» - өт) басым болса, холерик темпераменті



Гиппократ  организмдегі  сұйықтардың  бірінен  екіншісінің  басым  болуы  кейбір 

аурулардың шығу тарихын түсіндіруге жарайды,-дейді. 

Темпераменттің  физиологиялық  негіздерін  шартты  рефлекетер  арқылы  ғылыми 

тұрғыдан  түсіндірген  академик  И.П.Павлов  болды.  «Нерв  жүйесінің  типтері»  деген 

еңбегінде  Павлов  былай  деп  жазды:  «Нерв  жүйесінің  типтері  мен  қабығындағы  қозу, 

тежелу  процсетерінің  3  негізгі  белгісінің  (күші,  тепе-тендігі,  қозғалғыштығы) 

жиынтығынан  құрастырылады.  Нерв  процесінің  күші  —  бүкіл  нерв  жүйесі  мен  нерв 

клеткаларының  жүмыс  қабілеттілігінің  кәрсеткіші.  Күшті  нерв  жүйесі  түрлі 

тітіркендіргіштерге төзімді келсе, әлсізі мұндайға шамасы келмей «мәрт сынып» жатады». 

Нерв  процесінің  тепе-теңдігі  —  бұл  қозу  мен  тежелудің  бұл  сайма-сайлығын 

көрсетеді.  бұл  процестер  кейде  бір-бірімен  тепе-тең  келіп,  кейде  тең  келмей,  біреуі 

екіншісінен күшті болады. 

Нерв процесінің қозғалғыштығы — бір процестің 2-ші процеспен алмасу, шапшаңдығы. 

бұл  мидың  кездейсоқ  және  қолайсыз  өзгерістерге  бейімделуіне  мүмкіндік  береді.  Осы 

қасиеттердің  түрліше  араласып,  қосылуы  жоғары  нерв  қызметінің  түрлі  типтерін 

сипаттайды. 

Осылардың  ішінде  4  тип  жиі  ұшырасады.  Бұлардың  үшеуін  И.П.Павлов  күшті 

типке, біреуін-әлсіз типке жатқызады. 

Павлов  ашқан  нерв  жүйесінің  негізгі  типтері  темпераменттердің  физиологиялық 

негіздерін  жақсы  түсіндіреді.  Павлов  сангвиниктерді  ширақ,  нерв  жүйесі  күшті,  қозуы 

мен  тежелуі  тең,  қозғалғыш  адам  —  холериктерді  ұстамсыз,  нерв  жүйесі  күшті,  қозуы 

тежелуінен басым; Флематиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең 

болғанмен,  қозғалысы  баяу  адамдар  десе;  меланхоликтерді  —  нерв  жүйесі  әлсіз  типті 

адамдар деп сипаттайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет