Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Бастауыш мектеп оқушысының мотивациясы және өзіндік бағалауы



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата07.01.2017
өлшемі0,57 Mb.
#1378
1   2   3   4   5   6   7

Бастауыш мектеп оқушысының мотивациясы және өзіндік бағалауы. 

Мотивациялық  ядро  А.Н.Леонтьев  бойынша  тұлғаның  ядросы  болып  табылады. 

Балада  көптеген  мотивтер  болады,  соның  бірі-  өзінің  жаңа  статусын  бекітетін  оқудың 

әлеуметтік мотиві. Оқудың әлеуметтік мотивіне жақсы оқушы статусымен қатар, міндет, 

жауапкершілігі,  білім  алу  қажеттілігі  жатады.  Оларды  оқушы  түсінеді  және  оларға  оқу 

жұмысында мағына береді.  

 

Өзіндік бағалау. Мектептегі бағалау өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етеді. 

Тұлғаның  толыққанды  дамуы  компетенттілік(біліктілік)  сезімінің  қалыптасуына  алып 

келеді. Э.Риксон бойынша бұл осы кезеңінің орталығы болып табылады. Балада адекватты 

өзіндік  бағалаудың  дамуы  үшін  сыныпта  психологиялық  жайлылық  және  қолдаудың 

болуы қажет. Баланың өзіндік бағалауының құрылуы оның ерекшелгіне және мұғалімнің 



сыныппен  қарым-қатынас  ерекшелігіне  тәуелді.  Сондай-ақ  отбасылық  тәрбиенің  де  рөлі 

үлкен мәнге ие. 



Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы. 

1.  7-8  жастағылар  мектептегі  моральдық  нормалар  мен  ережелерді  дұрыс  түсініп, 

орындай алады. 

2.Біріккен  оқу  процесінде  балаларда  өзара  қарым-қатынас  дамиды.  Олардың  дос 

болуы- бірге отыруы, бір жақта тұруы- яғни мақсаты мен мүдде ортақтығына негізделген. 

Олар әлі де болса басқа адамды толық түсіне бермейді. Оқу процесінде белгілі ережелерді 

ұстану, ерікті зейіні мен есінің дамуы бала эмоциясының өзгеруіне де әсер етеді. Эмоция 

күйлері  тұрақтырақ,  өздері  ұстамды  және  саналы  әрекет  атқарады.  8-10  жастағы 

балалардың  эмоциясы  тұрақты  (қуаныш,  реніш).  Кейбір  балаларда  аффект  жағдайлары 

болуы  мүмкін.  Негізгі  себеп-  талап  қою  деңгейі  мен  оларды  қанағаттандырушылық 

арасындағы айырмашылық. 

“Жеке  бас”  деген  ұғымға  Мен  деген  түсінік  те  кіреді.  Бастауыш  мектеп 

оқушысының  жеке  басы  деген  түсінікке  оның  сыпайылылығы,  керісінше  осыған  қарам-

қарсы әдепсіздік сапалары да жатады.  



Психикалық функциялардың дамуы. 

Танымдық  процестеріне  келсек,  қабылдауында  оқу  материалын  көрнекі 

материалды, түсінуге интеллектуалдығы қажет болады. Кез-келген жұмыста жеткіншекті 

ойлауға итермелеп отыру қажет. Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану осы кезеңде 

қалыптасады.  Өзіндік  ерекшеліктерді  білу  қажеттілігі,  өзіне  деген  қызығу,  өзі  туралы 

ойлану-  жеткіншек  кезеңінің  өзіндік  ерекшелігі.  өз  кемшіліктеріне  көп  көңіл  бөлу,  бұл 

кезең бойында сақталады.  

Өзіндік сананың ерекше формалары: ересектік сезімі және “Мен тұжырымдамасы” 

пайда  болады.  Ересектік  сезімі-  өзіне  ересек  адам  ретінде  қатынаста  болу,  өзін  ересек 

адам  ретінде  сезіну.  Ересектік  сезімі  мінез-құлықтың  этикалық  нормасымен  тығыз 

байланысты.  “Мен  тұжырымдамасы”  -  өзі  туралы  ішкі  үйлескен  көзқарастардың, 

бейнелердің  жиынтығы.11-12  жаста  өзінің  ішкі  әлеміне  деген  қызығушылық  пайда 

болады,  кейін  өзін-өзі  тану  күрделеніп,  тереңдетіледі.  Жеткіншек  өзінің  ішкі  әлемін 

ашады. Жеткіншектік жаста өзіндік бағалау өзінің деңгейі бойынша төмен және тұрақсыз 

болады. Жеткіншек жастағы “Мен” бейнелері әр түрлі. Физикалық “Мен” өзінің  сыртқы 

көрінісі,  тартымдылығы,  өзінің  ақылы  ,  әр  түрлі  салалардағы  қабілеті  туралы 

көзқарастарының  жиынтығы  біріге  отырып,  “Мен  тұжырымдамасының”  –  шынайы 

“Менін  қалыптастырады.  өзін,  өзінің  түрлі  қасиеттерін  тани  отырып  “Мен 

концепциясының”  когнитивті  компоненті  қалыптастырылады.  Шынайы  “менмен”  қатар 



идеалды “Мен” болады.  

Жеткіншектік реакциялар 

 

Қызығушылық  –  жеткіншектің  бір  ерекшелігі,  ол  жаңа  қызық  мәнді  нәрсені 



қабылдауға ашық даяр болады. 

 

Әуестену (увлечения)- дәл осы кезеңде белгілі бір іс-әрекетке күшті қажеттіліктің 



болуы.  Д.Б.Эльконин  бойынша  жеткіншектік  кезең  оқу  іс-әрекетіне  өте  сензитивті 

(сезімтал) кезең. Ереже бойынша әуестену оқу сипатына ие болмайды. Мектептегі оқумен 

тек  интеллектуалды-эстетикалық  әуестену  байланысты  болуы  мүмкін.  Олар,  сүйікті  - 

тарих, радиотехника, музыка, сурет сабақтары деген терең қызығушылықпен байланысты 

болуы  мүмкін.  Дене  -мануалды  қызығушылық  өзінің  күшін  нақтылау,  шыдамдылық, 

қандай-да бір мануалды дағдыны игерумен байланысты. Әуестенудің ең қарапайым түрі- 



ақпаратты  коммуникативті  әуестену.  Жинақтаушы  әуестену-  коллекция  жинаудан 

көрінеді.  



Құрдастарымен  қарым-қатынасы.  Құрдастарымен  қарым-қатынас  та  әуестену 

сияқты  өте  эмоционалды  болады.  Осы  кезеңдегі  жетекші  іс-әрекет  интимді-тұлғалық 



қарым-қатынас.  

Достық  қарым-қатынаста  жеткіншектер  өте  таңдағыш  келеді.  Бірақ  олардың  ортасы  тек 

достарымен ғана шектелмейді, едәуір кеңейеді.  



Ересектермен  қарым-қатынасы.  Жеткіншектердің  ата-анасымен  қарым-

қатынасы олар үшін мәнді сфера болып табылады. Қарым-қатынасқа түсуде қиындық ата-

анасының  баласының  мінез-құлқын,  оның  оқуын,  достар  таңдауда  араласуынан  пайда 

болады.  Отбасындағы  тәрбие  де  жеткіншектің  дамуына  үлкен  әсер  етеді.  Отбасылық 

тәрбиенің кең таралған түрлеріне тоқталып кетейік.  

Демократиялық  ата-ана  жеткіншектің  мінез-құлқындағы  дербестілікті  және 

тәртіптілікті бағалайды.  



Авторитарлы  ата-ана  жеткіншектен  сөзсіз  бағынуды  талап  етеді,  өздерінің 

бұйрықтарымен, шектеулерінің себебін түсіндірмейді. 



Гипоопека-бақылаудың болмауы, ата-аналық қатынастың парықсыз(безразличный) 

болуы- отбасылық қатынастың жағымсыз нұсқасы.  



Гиперопека- жеткіншекке эмоциялы байланысқа негізделген, шамадан тыс қамқор 

болу-  бұл  баланы  енжар  болуға,  өз  бетінше  орындай  алмаушылыққа  алып  келеді. 

Қиындықтың бір түрі ата-ананың жоғарғы күтімдерінен болады.  

Жасөспірімдік кезең психологиясы (16-17 жас). 

15 (немесе 14-16)жас – жеткіншек және жастық арасындағы өтпелі кезеңі. Бұл уақыт 

9  сыныпқа  келеді.  Осы  сыныпта  ары  қарайғы  өмірі  жайында  ойлана  бастайды. 

Жасөспірімнен  кәсіби  өзіндік  анықталу  талап  етіледі.  Бұл  жерде  ол  өзінің  қабілеті  және 

бейімділігі туралы ойлану керек, болашық кәсіп туралы көзқарасы болуы қажет. Бұл кезде 

балалардың  көбісі  мазасыз,  эмоциялы  және  кез  келген  таңдаудан  қорқады.  Сондықтан 

көбісі оқуды мектепте жалғастырғанды жөн көреді. 

Өтпелі кезеңде қабылдау әлсірей түседі. Олардың болашақ 

өмірімен  байланысты  сұрақтарына  бағытталуда  ересектерге  деген  қызығушылық 

пайда болады. 



Жасөспірім шақтағы тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері.  

Жасөспірімдердің ең маңызды психологиялық ерекшелігі-ол өзін ересек сезінуі. Бұл 

сезім жасөспірімнің талап ету дәрежесінің әлі жетпеген болашақтағы оның жағыдайынан 

басмы болуынан айқын көрінеді. Жасөспірім өзінің қарқынды дамып келе жатқан ересек 

саналу қажеттілігін дербестік аясын кеңейту арқылы қол жеткізуге тырысады. Алайда, бұл 

сатыда  бала  толықтай  дербес  бола  алмайды.  Өсіп  қалған  дербестік  сезімі  мен 

жасөспірімнің психологиялық мүмкіндіктері арасында пайда болатын қайшылықтар оның 

әрі қарай психикалық дамуына алып келеді. 

-«локальді  –ерке,  қырсықтық»  (10-12  жас)-  баланың  дербестікке  ұмтылуы  үлкендер 

тарапынан  оның  жекелеген  тапсырмаларды  шеше  алу  мүмкіндігі  мен  маңыздылығын 

мақұлдауды қажетсінуден көрінеді. Бұл процесте олардың есейгендігін мойындауын қалау 

эмоционалды түрде орын алады. 

-«оң-мағыналы»  (12-13  жас)-  олардың  бұл  талабын  қоғамда  мақұлдауын  қалау. 

Мұнда  олар  өз  міндетін  ұғынып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  отбасындағы,  қоғамдағы 

құқықтарын ұғына бастайды; ендігі жерде «мен қалаймын» деген ересектік дәрежеде емес 

«мен  жасай  аламын»,  «мен  жасауым  жасауым  керек»  деген  дәрежеде  ұмтылыстары 

қалыптаса бастайды. 

-«мақұлдату-іскерлік»  (14-15  жас)-  ересектер  әлемінде  әрекет  етуге  дайындығы, 

ересектік тұрғыда қоғамда өзін-өзі көрсете білуі мен мүмкіндіктерін қолдануға тырысуы. 

11  сыныпта  жағдай  неғұрлым  шиеленіскен  болады.  Бұрынғы  жылдары  абстрактілі 

болған  өмірлік  таңдау  шынайылыққа  айналады.  Өзіндік  бағалаулары  кейбіреулерді 

жоғары  болады-  және  өмірінің  барлық  жағын  қамтиды;  кейбіреулерде  өзіндік  бағалауы 

төмен,  өз-өзіне  сенімсіз.  Өзіндік  бағалаудың  өзгеруімен  байланысты  мазасыздану 

жоғарылайды.  Өзіндік  бағалау  және  мазасыздану  деңгейіндегі  бірнеше  тербелістерге 

қарамастан  тұлғаның  тұрақтануы  туралы  айтуға  болады.  Бұл  кезеңде  өз-өзін  реттеу 

қарқынды  дамиды,  өзінің  мінез-құлқын,  эмоциялық  көрінісіне  бақылау  жоғарылайды. 



Көңіл-күйі тұрақтанады. 16-17 жаста балалар темпераментінен тәуелсіз неғұрлым ұстамды 

болады. 


Осы  кезде  тұлғаның  өнегелілік  тұрақтылығы  дамиды,  өзінің  мінез-құлқында 

жасөспірім өзінің көзқарастары, сенім-нанымдарына бағытталады.  

Өзін-өзі  анықтау,  жасөспірім  кезіндегі  тұлғаның  тұрақтануы  дүниекөзқарасының 

өңделуімен байланысты. Осы кезде ол формалды-логикалық дамудың жоғарғы деңгейіне 

жетеді. 

Өзіндік  анықталумен  байланысты  тағы  бір  мезет-  оқу  мотивациясының  өзгеруі. 

Жасөспірімдердің  жетекші  іс-әрекеті  оқу-кәсіби,  оқуды  болашақ  кәсіби  іс-әрекет  үшін 

қажетті  база  деп  қарай  бастайды.  Оларды  болашақта  қажет  деп  санайтын  сабақтар 

қызықтырады. 

 

 



 

 

Бақылауға арналған сұрақтар: 

1. Бастауыш сынып  кезеңі қай жас аралықты қамтиды? 

2. Бастауыш сынып кезеңінде негізгі іс-әрекетті атаңыз? 

3. Жеткіншектік кезең қай жас аралықтарды қамтиды? 

4. Жеткіншектік жас дағдарысы дегеніміз не? 

5. Пуберттаттық кезеңге анықтама беріңіздер? 

6. Жасөспірімдік шақ немесе ерте жастық шақ қай жас аралықты қамтиды? 

7. Психоәлеуметтік даму дегеніміз не? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Дәріс 15.  Кемел жас және кәрілік шақ психологиясы 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1.

 



Ерексектік жастағы даму.  

2.

 



Ересектік жастағы физикалық даму.  

3.

 



Тұлға, отбасы, жұмыс: ересек адамның дамуының негізгі контексті. Кәсіби цикл. 

4.

 



Геронтопсихология.  

5.

 



Қартаюдың  биологиялық  және  әлеуметтік  белгілері.  Танымдық  аумақтағы 

өзгерістердің сипаттамасы 

6.

 

Қарт адамның зейнеткерлікке шығуға бейімделу дәрежесіне әсер ететін физикалық, 



экономикалық және әлеуметтік факторлар.  

 

Бұл  жастағы  адамдар  стресске,  депрессияға  бейім  келіп,  жалғыздықты  сезінеді. 



Кемел  жас  кезеңде  өмірдің  ең  маңызды  жағы  кәсіби  іс-әрекет  пен  отбасылық  қарым-

қатынас  болып  табылады.  Кемел  жас  шақты  ең  басты  ерекшелігі  өз  өмірінің  мазмұны 

үшін  өзгелердің  алдындағы  жауапкершілікті  сезіну.  Кемел  жас  шақтағы  көптеген 

адамдарда 40 жастағы дағдарыс болады. Бұл өмірдің мәніне байланысты дағдарыс болып 

табылады.  Адам  өз  өміріне  деген  қанағатсыздықты  уайымдайды.  Өмірлік  жоспары  мен 

олардың іске асу арасындағы алшақтықты сезінеді. Бұл уақытта олардың балалары бөлек 

өмір  сүре  бастайды,  жақын  адамдары  мен  туысқандары  қайтыс  болады.  40  жастық 

дағдарыста  адам  өзінің  өмірдегі  ойларын  қайта  құрып,  «Мен-концепциясын»  қайта 

жасауына тура келеді.  

Кәсіби  жетістікке  жету  мәселесін  көптеген  психологтар  «акмэ»  ұғымымен 

байланыстырады.  Ол  дегеніміз  шыңға  жету.  Психолог  Э.Клапаредтің  айтуынша  Кемел 

жас  шаққа  келген  адам  кәсіби  жетістіктің  шыңына  жеткенен  кейін  өзінің  дамуын 

тоқтатады.  Өзінің  кәсіби  шеберлігін  шығармашылық  потенциялын  жоғарлатпайды. 

Осыдан  барып  көптеген  адамдарда  өмірлік  энергиямен  өмірлік  белсенділік  төмендейді. 

Бұл  жастағы  психикалық  функцияларында  инволюциондық  процесстер  басталады.  Бұл 

биологиялық  қартаюдың  басталуымен  байланысты.  Кемел  жас  шақтың  ерте  және  орта 

кезеңде бірінші фаза, яғни функциялардың жалпы қасиеттердің прогрессивті даму фазасы 

жалғаса  береді.  Дегенменде  прогрессивті  дамудың  екінші  фазасы  да  бар,  ол  кәсіби  іс-

әрекет  үрдісіндегі  психикалық  функциялардың  ерекшелігімен  байланысты.  Кәсіби  іс-

әрекеттің  барлық  түрлері,  шеберлік,  білім  және  тәжірибе  адамның  жоғары  деңгейдегі 

физикалық және функционалдық дайындығымен бірге жүріп отыру керек.  

Сонымен,  жетекші  іс-әрекет  еңбек  болып  табылады,  балаларға  көмектесу, 

отбасындағы,  жарымен  арасындағы  қарым-қатынас  мәселелері  бірінші  жоспарға  шығып, 

тұрақты сипатқа ие болады. Зрелость кезеңі белсенді еңбек ету кезеңі болғандықтан, адам 

өзінің барлық бос уақытын жұмысқа арнайды.  

2.  Балалармен  қарым-қатынас.  Ересек  адамның  ең  басты  міндеті  -  өз  баласын 

тәрбиелеп,  өсіру.  Өсіп  келе  жатқан  балаларымен  қарым-қатынас  жасау  ерекшелігі 

жағдайға  байланысты  ата-аналарда  әр  түрлі  болады.  Ол  жағдайлардың  ең  жетекші  түрі 

ата-ананың  балаға  деген  эмоциялық  қатынасы.  Психологияда  оның  үш  вариантын 

қарастырады:  эмоциялық,  оның  негізі  сөзсіз  махаббат;  шартты  махаббат  және  балагы 

қабылдамау.  Аналық  сөзсіз  махаббатты  Э.Фромм  сипаттап  берген:  «Аналық  махаббат  – 

бала  өмірі  мен  оның  қажеттіліктері  үшін  сөзсіз  берілу.  Аналық  махаббат  ең  жоғары 

тұратын  махаббат».  Баланы  оның  әдемілігіне  немесе  қабілеттілігіне,  қазір  немесе 

болашақта әкелетін қайғысына байланысты жақсы көрмейді. Балаға дәл осылай махаббат 

керек. 

Шартты  махаббат-  шынайы  емес  махаббат.  Мұнда  баланы  тек  қана  ата-ананың 



талаптарына жауап бергенде ғана жауап береді. Баланы тіл алғыш болғаны үшін, қиындық 

тудырмағаны үшін, жақсы оқығандығы үшін жақсы көреді. Осы талаптарға қаншалықты 

жауап  берсе  ол  соншалықты  махаббатқа  ие  болады.  Осындай  шарттыз  махаббат 


салдарынан  балада  сенімсіздік,  мазасыздық  пайда  болады  да,  өзін-өзі  бағалау  деңгейі 

төмендейді. Баланы қабылдамау әр отбасында әр түрлі болады. Оны ата-ана сезінуі немесе 

саналы  түсінбеуіде  мүмкін.  Оның  себептері  әр  түрлі.  Мысалы:  ұл  баланы  күтіп  еді, 

дүниеге  қыз  бала  келді.  Мамасы  әдемі,  ал  оның  қызы  тұйық,  көріксіз  және  осы 

қасиеттерімен  атасын  ашуландырады.  Немесе  әкесі-  матеметик,  ал  баласында 

математикалық қабілеттер жоқ. 

3.  Кемел  жас  кезінде  адам  дамуы  оның  психологиялық  жасының  динамикасымен 

тығыз байланысты. 

Оның  бір-бірімен  өзара  байланысты,  бірақ  бір-біріне  сәйкес  келмейтін  үш  түрін 

бөліп көрсетуге болады. 

1.  Хронологиялық  2.  Физикалық  немесе  биологиялық  3.  Психологиялық.  Адамның 

физикалық  жасы  оның  хронологиялық  жасынын  ерекшеленіп  тұрады.  Мысалы:  40 

жастағы адам өзінің жасына қарағанда жас көрінуі мүмкін немесе керісінше кәрі көрінуі 

мүмкін. 


Психологиялық жас адамның өзінің қалай сезінетіндігін көрсетеді. Ол көп жағдайда 

физикалық жасқа ықпал етеді. Психологиялық жас-бұл жастық идентификация. Бұл уақыт 

туралы  ойға  байланысты  сана-сезім  аспектісі.  Уақытты  қабылдау,  жас  туралы  ойды 

қалыптастыру,  мысалы:  3  жастағы  бала  «қазіргі  уақытпен»  өмір  сүреді,  тікелей 

қабылдағандарына  ғана  эмоциялық  жауап  қайтарады.  Есте  сақтау  мен  қиял  мектепке 

дейінгі  жастан  бастап  қана  маңызды  бола  бастайды.  3-4  жастан  бастап  бірінші  балалық 

шақтары  естерінде  қалады.  Бала  қазіргі  шақпен  қоса  өткен  шақ  пен  болашақты,  яғни 

уақыттық  перспективаны  меңгереді.  Психологиялық  өткен  шақ  пен  болашақ  адам 

әрекеттеріне ықпал етеді. Жас есейген сайын уақыттық перспектива кеңейе түседі, уақыт 

құндылығы  өзгереді,  «өз  уақытты»  сана-сезімнің  дамуына  байланысты  маңызды  бола 

түседі. 

Сонымен,  Кемел  жас  -  адам  өміріндегі  ең  ұзақ  та  маңызды  кезең  болып  табылады. 

Кемел  жас  даму  мақсатын  көздейді.  Кемел  жастық  кезең  кейбір  адамдар  үшін  жайғана 

хронологиялық  ұғым  болса,  келесілері  белгілі  бір  мақсаттқа  жетіп  өздерінің  өмірлік 

белсенділіктерін  байаулатады.  Үшіншілері  өздерінің  өмірлік  перспективаларын  үнемі 

кеңіте отырып дамуларын жалғастырады. 



Геронтология  –  адамның  және  жануарлар  организмінің  қартаю  заңдылықтарын 

зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық және 

медицинаның гернатрия (грек. герон және иатрия-емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді.  

20  ғасырдың  30-40  жылдары  Қазақстанда  қариялар  мен  мүгедектер  үйі,  геронто 

және  гериатрия  кабинеттер  (Алматы,  Қарағанды  және  т.б.)  ауруханаларда  гериатриялық 

бөлімдер  ашылды,  жүйелі  зерттеулер  жүргізіле  бастады.  Бұл  зерттеулердің  нәтижесінде 

қартаюдың  әлеуметтік-гигиеналық  себептері  мен  клиникалық  белгілері  анықталды;  адам 

жасының ұлғаюына байланысты  жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер 

зерттелді.  Егде  тартқан  және  қартайған  адамдардың  әдетте  байқалмайтын  жүрек 

ақауларына сипаттама берілді.  

Қартаю  –  биологиялық  процесс;  белгілі-бір  жасқа  жеткеннен  кейінгі  ағзаның 

мүмкіншіліктерінің  үдемелі  төмендеуі.  Қартаю  кезінде  адамның  жүйке  жүйесінде,  ішкі 

секреция  бездерінді,  иммундық,  жүрек  қан-тамырының  жүйелерінде  елеулі  өзгерістер 

байқалады.  Қарт  адамдарда  жыныс,  қалқанша,  ұйқы  бездерінің,  гипофиздің,  бүйрек  үсті 

бездерінің,  айрықша  бездерінің  гормон  өндіру  қабілеттілігі  төмендейді.  Қартаю  кезінде 

жүректің  жиырылу  күші  кемиді,  қан  айналу  көлемі  азаяды.  Қартаю  кезінде  тәннің 

серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып, әжім 

пайда  бола  бастайды.  Бұл  кезде  шаш  ағарып,  сирейді,  көздің  көруі,  құлақтың  естуі 

нашарлайды, тіс түсе бастайды.  

Қартаюдың  бір  көрінісі  ретінде  организмде  дәнекер  тіндердің  өзгеруін  келтіруге 

болады.  Осыдан  өкпеде,  бауырда,  жүректе  т.б.  ішкі  ағзада  олардың  атқаратын 

жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды.  



Дәнекер  тіндердің  өзгерістерден  қарттарда  жара  мен  сүйек  сынықтарының  бітуі 

жастарға қарағанда баяу жүреді. 

Қартаю  кезінде  адамның  жүйке  жүйесінде  ішкі  секреция  бездерінде  иммундық, 

жүрек  қан  тамырлар  жүйелерінде  елеулі  өзгерістер  байқалады.  Жүйке  жүйесінің 

өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. 

Осындай кәрілікке тән белгілердің 15-25жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп 

аталады.  Ерте  қартаюдың  ең  негізгі  себебі  –  қозғалудың  азаюы,  бұлшықет  жұмысының 

жеткіліксіздігі (гиподинамия). 

Қартаюға  байланысты  ағзада  зат  алмасу  процесі  нашарлайды,  сондықтан  қуатты 

тағамдарға қажеттілік те төмендейді.  

Қартаю  заңдылықтарын  зерттейтін  ілім  геронтология,  ол  жастары  ұлғайған  адамдар 

мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім болып табылады. 

Кәрілік адам өмірінің ең соңғы кезеңі болып табылады. Осы жасқа жеткен алдамдар 

үш топқа бөлінеді. 

1. Кемел жастағы адамдар Пожелой возраст 

2. Қартайған алдамдар. 

3. Ұзақ өмір сүретіндер. 

  Қартаю кезеңі ересектік жастан кәрілікке өту кезеңі болып табылады. Генетикалық 

бағдаламаланған  қартаю  үрдісі  осы  кезеңін  ең  негізгі  ерекшелігі  болып  табылады.  Бұл 

жастағы  адам  физикалық  жағынан  әлсіз  болады,  энергиялық  қоры  азайады,  қан 

тамырлары  мен  иммунндық  жүйесінің  қызметі  нашарлайды,  яғни  организмнің  жалпы 

қартаюы жүреді. 

Кәрілік  адам  өміріндегі  соңғы  кезең  болғандықтан  өлім  мен  оған  деген  қатынас 

туралы  бірнеше  мәселелер  туындайды.  Өлімге  дайындалу  керек  пе?  Оны  адам  қалай 

уайымдайды?  Өлім  әрқашанда  қайғылы  ма?  Немесе  табиғи  үрдіс  болып  табылады  ма? 

Өлім  мәселесі  –  философиялық  және  діни  мәселелермен  байланысты  болғанмен  де 

психологиялық мәселе болып табылады.  

Өлімге  деген  қатынасқа  антикалық  замандағы  философтардың  өздері  көңіл  бөлген. 

Эпикурдың айтуынша, өлім адам қайғысының маңызды бір көзі болып табылады екен.  

Кәрілік  жасы  –  адамның  орта  жастан  кейін  келетін,  қоғамдық  еңбектен  босап, 

еңбегінің зейнетін көретінматериалдық қамтамасыз етілетін құрметті демалысқа шығатын 

жасы.  Шартты  түрде  кәрілік  адамның  зейнетке  шығу  жасына  жетуінен  басталады  деп 

есептеледі.  Алайда,  шын  мәнінде,  кәрілік  адамның  жеке  басының  қасиеттеріне, 

психологиясына,  өзін  сақтауына,  өмір  салтының  салауаттылығына,  ішкі  мәдениетіне 

байланысты.  сондықтан,  кейбіреулер  зейнеткер  жасына  жетпей  немесе  жете салып  өзөін 

қаусаған  кәрі  сезінсе,  екінші  біреулер  зейнеткер  жасына  келгеннен  кейін  де  ондаған 

жылдар бойы кәрілігін сезінбей, қоғамдық белсенділігін жалғастыра береді.  

Кәрілік  кемақылдылық  кейде  шектен  асып,  ақылдан  ажырап  қалу  деңгейіне  дейін 

құлдырап  қалуы  мүмкін.  Қазақта  мұны  алжу  дейді.  Кәрілік  кемақылдылық  қартайған 

адамдардың  бәріне  тән  емес,  ол  ақыл-ойы  мен  жеке  басының  мәдениеті  жоғары,  өзіне 

сыншыл көзқараспен қарайтын, парасатты адамдарда сирек кездеседі. 

 

Бақылауға арналған сұрақтар: 



1. Ересек шақтағы жаму дегеніміз не? 

2. Геронтопсихологияның атықтамасы және зерттеу объектісі? 

3. Қартаю дегеніміз не? 

4. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік белгілерін атаңыз? 

 

 

 

 

 


Дәрісті жазуда қолданылған әдебиеттер: 

 

Негізгі: 

1.

 



Гальперин П.Я. Введение в психологию. - М., 1976, 1999. 

2.

 



Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.- М., 1996. 

3.

 



Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – М., 1989; СПб., 1999. 

4.

 



Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. - М., 1985. 

5.

 



Немов Р.С. Психология: В 3 кн. – Кн. 1. – М., 1995. 

 

Қосымша: 

1.

 

Выготский Л.С. Соб. соч.: В 6 т. – М., 1982-1984. 



2.

 

Годфруа Ж. Что такое психология: В 2 т. – М., 1992, 1998. 



3.

 

Грановская Р.М. Элементы практической психологии. – Л., 1984, М., 1998. 



4.

 

Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1977. 



5.

 

Ждан А.Н. История психологии. От античности до наших дней.- М., 1998. 



6.

 

Столяренко Л.Д. Основы психологии. - Ростов-на-Дону, 2002. 



7.

 

Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология. - М., 1998. 



8.

 

Фабри К.Э. Основы зоопсихологии. - М., 1976. 



9.

 

Петренко В.Ф. Психосемантика сознания. – М., 1988. 



10.

 

Психология / Под ред. А.А. Крылова. – М., 1998. 



11.

 

Немов Р.С. Психология: Кн. 1. – М., 1995. 



12.

 

Годфруа Ж. Что такое психология: В 2 т. – М., 1992, 1998. 



13.

 

Абрамова Г.С.Практическая психология. – Екатеринбург,1998. 



14.

 

Психодиагностика в комплексном лонгитюдном исследования студентов/Под ред. 



А.А.Бодалева и др.Л.,1974. 

15.


 

Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии:В 2т.–Т.1. М.,  СПб., 1999. 

16.

 

Практикум по общей и экспериментальной психологии / Под ред. А.А. 



Крылова.Л.:ЛГУ,1987. 

17.


 

Фресс П., Пиаже Ж.Экспериментальная психология. – Вып.1,2.М.,1966. 

18.

 

Анастази А.Психологическое тестирование.- Кн.1.2.М.,1982. 



19.

 

Соколова Е.Т. Проективные методы иследования личности.М.,1980. 



20.

 

Логинова Н.А. Психобиографический метод исследования и коррекции 



личности.Алматы,2001. 

21.


 

Асеев В.Г. Возрастная психология. Уч.пособие.- Иркутск,1989. 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет