Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Дәріс 7. Танымдық үрдістер психологиясы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата07.01.2017
өлшемі0,57 Mb.
#1378
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс 7. Танымдық үрдістер психологиясы 

 

 Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1.

 



Түйсік  және  қабылдау.  Түйсік  пен  қабылдаудың  түрлері,  ерекшеліктері  мен  өзара 

байланысы.  

2.

 

Қиял туралы жалпы түсінік. Қиялдың түрлері мен жасалу жолдары.  



3.

 

Ес туралы түсінік. Ес теориялары мен түрлері. Есті дамыту жаттығулары.  



4.

 

Зейін туралы жалпы түсінік. Зейіннің физиологиялық негізі, түрлері, қасиеттері. 



5.

 

Ойлау  және  сөйлеу.  Ойлау  мен  сөйлеудің  түрлері.  Ойлау  мен  сөйлеудің  генетикалық 



негізі. Сөйлеудің негізгі қызметі.  

 

Түйсік туралы жалпы ұғым 

Материялық  дүниедегі  заттар  мен  құбылыстардың  жеке  сипаттарының  біздің  сезім 

мүшелерімізге  әсер  етіп,  оның  миымызда  бейнелеуін  түйсік  деп  атайды.  Түйсік  -  біздің 

айналамызда,  ішкі  жан  дүниемізде  не  болып  жатқанын  хабарлап  отыратын  қарапайым 

психикалық  процесс,  осы  процестің  арқасында  біз  ортаны  бағдарлай,  соның  жағдайына 

қарай  қимыл  жасауға  тырысамыз.  Түйсік  себепсіз  тумайды.  Оның  себепшісі  -  адам 

айналасындағы  реалдық  шындық.  Сол  шындықтың  адам  сезімдеріне  әсер  етуіне 

байланысты  ғана  ми  бейнелеуінен  барып  түйсік  туады.  Былайша  айтсақ,  түйсік-сыртқы 

әсердің  сана  фактісіне  айналуы.  Біздің  қоршап  тұрған  дүниеде  заттар  мен  құбылыстар 

шексіз көп кездеседі. Ал олардың өзіне тән қасиеттері мен сипаттары болады. Белгілі зат 

не құбылыс адамға бетпе-бет кездесіп әсер етсе ғана түйсік туғыза алады. Кездеспеген зат 

пен  құбылыс  адамға  әсер  ете  де  алмайды,  түйсік  туғызуы  да  мүмкін  емес.  Тегі,  дүние 

танудың алғашқы табалдырығы-осы түйсік.  

Түйсіктің физиологиялық негіздері 

Түйсіктердің  физиологиялық  негіздері  организмнің  арнаулы  нервтік  механизмі 

анализаторларда  іске  асып  отырады.  Кибернетика  тілімен  айтқанда,  адам  -  өзін  -  өзі 

басқаратын  система.  Анализаторлар  -  сол  системаның  негізгі  информациялау  мүшесі. 

Организм барлық анализаторлардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық 

нерв системасындағы функцияларын реттеп отырады: бірде жаңа реакция тудырып, бірде 

бұрын өтіп жатқан әрекеттің барысында өзгеріс кіргізіп, оны түзетіп, бағыттап береді. Ми 

қабығында  ылғи  үздіксіз  өтіп  жатқан  күрделі  қызмет  анализатор  арқылы  іске  асып 

отыратын кері байланысқа сүйенеді. 

Анализаторлар үш бөлшектен құралады: 

1.

 



Перифериялық орган - сезім мүшелері (рецепторлар); 

2.

 



Өткізгіш  бөлім  -  рецепторларды  тиісті  орталықтармен  байланыстырып  отыратын 

афференттік және эфференттік жолдар; 



3.

 

мидағы орталықтар.  

Түйсіктердің түрлері 

Түйсіктер,  біздің  сезім  мүшелерімізге  байланысты,  көру  түйсігі,  есту  түйсігі,  дәм 

түйсігі,  искеу  түйсігі,  тері  түйсігі,  кинестетикалық,  вибрациялық  және  органикалық 

түйсіктер  болып  бірнешеге  бөлінеді.  Қай  жерде  орналасуына,  тітіркендіргішті  қайдан 

алуына қарай, рецепторларды үш топқа бөлуге болады:  

1.

 



экстерорецептор; 

2.

 



проприорецептор; 

3.

 



интерорцепторлар. 

Қабылдау 

Адамға  тікелей  әсер  ететін  заттардың  я  құбылыстардың  адам  анализаторларында 

тұтастай бейнелену процесін қабылау дейді. 

Тұтас,  мағыналы  түрде,  затты  бейнелеп  қабылдау  бірнеше  түйсіну  анализаторлары 

арқылы  іске  асады.  Түйсінумен  салыстырғанда,  қабылдаудың  айырмашылығы  заттарды, 

нәрселерді, құбылыстарды тұтастай сәулелендіруінде. 



Қабылдаудың  айырмашылығы  сан  жағында  (оған  бірнеше  түйсіктердің  кіруінде) 

емес, сапалық жағында да болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті 

т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. 

Мелодияны қабылдағанда оны жай ғана дыбыстың қосындысы деп қараймыз, ең алдымен 

сол  дыбыстардың  гармоникалық  үйлесімі,  дыбыстың  үндесіп  сәйкестенуі  деп  танимыз. 

Адам  дыбыстың  биіктігін,  күшін,  тембрін  түйсініп  отырумен  қатар,  басқа  біреудің 

дауысын,  судың  сарқырауын,  балалардың  айқай-шуын,  трамвайдың  салдарын  айырып 

ұғына алады. 

Әдетте адам қабылдаған объектілерін атап отырады, басқаша айтқанда, бұл процеске 

екінші  сигналдық  система  да  қатысады.  Қабылдау  процесі  бейнелеп  отырған  затты 

түсінуді,  аңғаруды,  адамның  өткен  тәжірибесімен  байланыстыруды  тілейді.  Бұл 

айтылғандардан  қабылдау  процесінің,  түйсікпен  салыстырғанда,  анағұрлым  күрделі 

екендігін көруге болады. 

Қабылдаудың физиологиялық негіздері 

Қабылдауға  байланысты  ми  қатынастарындағы  күрделі  нерв  процестерінің 

өзгешелігі  әр  түрлі  рецепторларға  бір  мезгілде  әсер  ететін  тітіркендіргіштердің 

комплекстілігінде  және  бұл  рецепторлардың  үйлесімді  түрде  ынтымақтаса  жұмыс 

істеуінде.  Бірақ  рецепторлардың  қозуы-  сырттағы  заттарды,  құбылыстарды  анализдеудің 

бірінші сатысы ғана. Оларды тереңірек талдап, қабылдау дәрежесіне жету үшін мида бұл 

психикалық процеске негіз болатын уақытша нервтік байланыстар туады. Ми қабығында 

орналасқан анализаторлардың орталықтары бір-бірімен ұласып жатады. 

И.П.Павлов  айтқандай,  организмде  тұратын  «қатынасқа  рефлекс»-  қабылдаудың 

физиологиялық  негізінің  дәл  өзі.  Бұл  рефлекс  үшін  сигналдық  роль  атқаратын 

тітіркендіргіштердің  сипаты  емес,  олардың  бір-бірімен  қатынас  ерекшеліктері.  Мысалы, 

итке  метрономның  120  соғуына  ұнамды  шартты  рефлекс  (  тамақпен  нығайтылып) 

жасалады,  ал  оның  60  рет  соғуына  ұнамсыз  рефлекс  (тамақ  бермейтін)  жасалған.  Содан 

кейін  итке  жарық  тітіркендіргіш  қолданылған.  Ит  120  рет  жарқылдаған  жарыққа  ғана 

сілекейін  ағызатын  болыпты  да,  60  рет  жарқылдағанда  шартты  рефлекс  туғызбаған.  Бұл 

жағдайда тітіркендіргішті қалай ұсыну шапшаңдығы маңыз алады. Осы секілді фактілер - 

қатынасқа  жасалған  рефлекс.  Қорытып  айтқанда,  қабылдаудың  физиологиялық  негізі  ми 

орталықтарынан  қатынасқа  рефлекс  жасап,  уақытша  күрделі  нервтік  байлыныс  тудырып 

отыруында.  

Қабылдау процесіндегі фон мен фигура 

Фон  мен  фигураның  түрлі  жағдайларға  қарай  орын  ауыстырып  отыруы  мүмкін. 

Мәселен, студент сөреден психология оқулғын алып жатқан кезде, көңілі оның қасындағы 

Л.Н.Толстойдың  «Анна  Каренина»  атты  романында  ауып  кетті.  Сол  кезде  адамның 

қабылдауында  «Анна  Каренина»  фигура  болып  қабылданады  да,  психология  оқулығы 

басқа кітаптармен бірге фон қатарына қосылып кетті. 



Апперцепция 

Қабылдау  қай  жағынан  алсақ  та,  ол-адамның  тәжірибесімен  және  қабылдайтын 

объектісімен  бұрын  таныс  не  таныс  еместігімен  байланысты  болатынын  аңғарамыз.  Ол- 

адамның білім дәрежесімен, көзқарасымен, психологиялық қалпымен тығыз байланысады. 

Қабылдаудың  адамның  өткен  тәжірибесіне,  жалпы  психикалық  өмір  мазмұнына 

тәуелділігін апперцепция деп атайды.  



Кеңістікті қабылдау 

Кеңістікті  қабылдау,  уақыт  пен  қозғалысты  қабылдау  сияқты,  өте  күрделі 

процестердің  бірі.  Бұл  қабылдаулар  кенеттен  тумайды  олар  адамның  өмірлік 

тәжірибесімен  байланысты бірте-бірте пайда болады. Кеңістікті қабылдау деп заттардың 

үлкендігін, алыстығын, түрін олардың қатынасын, бағытын айтады.  

Уақытты қабылдау 

Уақыт-үнемі  қозғалыста  болып  отыратын  материяның  өмір  сүруінің  объективтік 

шын  формасы.  Материяның  өмір  сүру  формасынан  материялық  процесердің  өрістету 


тізбегі,  олардың  ұзақтығы,  шексіз  дамуы  көрініп  отырады.  Материялық  процестер 

кеңістікте  барлығы  бірдей  бір  мезгіле  бола  бермейді:  олардың  біреуі  ерте,  біреуі  кеш 

дамиды.  Процестердің  айырмашылығы  қашан  басталғандығында  емес,  қанша  ұзақтыққа 

созылғандығында.  «Дүниеде  қозғаушы  материядан  басқа  еш  нәрсе  жоқ,  ал  қозғаушы 

материя кеңістікпен уақыттың ішінде қозғалмайынша басқаша қозғала алмайды», дейді. 

Қабылдаудың тұрақтылығы 

Қабылдаудың  тұрақтылығы  заттардың  үлкендігін,  түрін,  түсін  көзбен  анық 

байқауына байланысты.Физикалық жағдайының өзгеруіне қарамастан, заттарды өзгертпей 

қабылдау, бір қалыпта бейнелеу қабылдаудың константтылығы деп аталады. 



Көру иллюзиялары 

Көр  иллюзиялары  деп  заттардың  алыстығын,  түрін  үлкендігін  қате,  жаңсақ 

қабылдауын  айтады.  Айналадағы  заттарды  шаққа,  осы  шақтан  келер  шаққа  ауысып,  бір 

бағытта  жүріп  отырады.  Уақиғалардың  ауысып  отыруы-олардың  объективтік  белгісі. 

Ондай  тізбектілік  жеке  адамның  түйсігі  мен  қабылдауы  арқылы  болатын  субъективтік 

құбылыс емес, ол адам санасынан тәуелсіз өтіп жатады. Уақытты қабылдау деп шындық 

құбылыстардың тізбегін, бір ізділігін, тездігін, объективтік ұзақтығын бейнелеу процесін 

айтамыз. 



Ойлау үрдісі 

Ойлау–  объективті  шындықты  белсенді  бейнелеудің  жоғарғы  формасы, 

дүниені 


тану

 мен  игерудің  жоғарғы  сатысы,  тұлғаның  танымдық  әрекеті.  Ойлау  формалары  мен 

құрылымдарында  адамзаттың  бүкіл  танымдық  және  тарихи-әлеуметтік  тәжірибесі, 

материалдық  және  рухани  мәдениеті  дамуының  басты  нәтижелері  қорытылып, 

бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. 

Біз  тікелей  біле  алмайтын  заттар  мен  құбылыстарды  тек  ойлау  аркылы  ғана 

білеміз. 

Түйсік


қабылдау


 процестерінде  сыртқы  дүниенің  заттары  мен  құбылыстары 

жайлы  қарапайым  қорытындылар  жасалады.  Бірақ  қарапайым  қорытындылар  сыртқы 

дүние  заттары  мен  құбылыстарының  ішкі  құрылысын,  оның  қажетті  қатынастары  мен 

байланыстарын  толықтай  ашып  бере  алмайды.  Адамның  ой-әрекеті  әсіресе  тұрлі 

мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

 

Ойлау – заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи 

байланыстары  мен  қатынастарын  бейнелейтін  психикалық  процесс.  Ойлау  -  таным 

процестерінің  ішіндегі  ең  биік  сатыда  тұрған  жоғары  процесс.  Дәлдеп  айтқанда,  ойлау  - 

адам баласына ғана меншікті психикалық процесс. 

Ойлау  дегеніміз  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының    байланыс-

қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау 

танымдық процестер арқылы алған мәліметтерді өңдейді. Ой-сыртқы дүнині бейнелеудің  

ең  жоғарғы  формасы,  сөз-ойды  басқа  адамға  жеткізетін  құрал.  Бала  тілі  шықпай  тұрған 

кезденде  ойлай  алады.    Ойлаудың  пайда  болуына  жаңа,  белгісіз  нәрселерге  зер  салып, 

қызығудың  да    маңызы  зор.  Белгісіз,  түсініксіз  заттарды  білуге  деген  құштарлық,    түрлі 

сұрақтарға  жауап  іздеп,  ой  әрекетімен  шұғылдануға    адамды  итермелейді.  Адамның 

ойлауы сұраққа жауап беруден , мәселені шешуден , оның мән-мағынасын түсіне білуден 

жақсы байқалады.  

Ойлаудың физиологиялық негіздері 

Физиологиялық  тұрғыдан  алып  қарасақ,  ойлау  –  адам  миының  үлкен  жарты 

шарларының  қабығында  үздіксіз  өтіп  жататын  анализдеу  және  синтездеу  әрекеті.  Ойлау 

процесін іске асыру үшін ми қабығы түгелдей қатынасып отырады. Ойлау процесі үшін ең 

алдымен  мәні  зор  физиологиялық  процестер  анализаторлардың  мидағы  ұштарының 

арасында туып жататын уақытша нервтік байланыстар. 

Физиологтар  уақытша  байланыс  деп,  психологтар  ассоциация  деп  атайтын 

құбылыстарды қалай болса да айыруға, бір - бірінен бөлуге қандай негіз бар?» -дейді ұлы 

физиолог. 


Бұл  ассоциациялар  жайылмалы  қалыпта  пайда  болады  да,  реалды  шындық 

байланыстарын тұтас күйде сәулелендіреді. Тек уақытша нервтік байланыстардың бірне 

ше  қайталануының  арасында  айқындала  түседі  де,  сыртқы  дүние  туралы  түсінік 

беретін  физиологиялық  негіз  болады.  Бірінші  сигналық  системаның  уақытша  нервтік 

байланыстары сөз түрінде сыртқа тепкенде, адамға ұғым сатысында ойлауға мүмкіншілік 

туғызады.  Адам  ойлау  процесінде  бірінші,  екінші  сигналдық  система  тығыз  байланыста 

тұрса да, екінші сигналдық система жетекші роль атқарады. 

Ой тәсілдері 

Ойлау  анализ  және  синтез  процестерінен  басталады.  Аанализ  дегеніміз    ой  арқылы 

түрлі заттар мен құбылыстардың мінді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синте ой арқылы 

заттың , құбылыстың барлық элементтрі біріктіріледі. Анализ бн синтез бір-бірімен тығыз 

байланысты,  бір-бірінсіз  жүрмейтін  құбылыс.  Бұлар  бір-бірінен  ажырамайтын  ой 

процесінің егізгі компоненттері.  

 

Аанализ  бен  синтездің  негізінде  салыстыру  деген  ой  операциясы  пайда  болады. 



Салыстыру процсінде заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Ойлау 

операциясының  күрделі  түрі  –абстракция  мен  жалпылау.  Шындықтағы  құбылыстар  мен 

заттарды жалпылау арқылы оның басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. 

Абстракцияға  қарама-қарсы    процесті  нақтылау  деп  атайды.  Нақтылау-абстракциялық 

ұғымды  соған  сәцкес  келетін  жеке  ұғымдармен  түсіндіру,  яғни  жеке  заттар  туралы  ой. 

Жалпылау дегеніміз  бір  текті  заттардың,  құбылыстардың  ортақ  қасиеттерін  оймен  екіту. 

Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек.    

Ойлау түрлері: теориялық (түсіндірмелік және бейнелік) және тәжірибелік (көрнекі 

бейнелік және көрнекі әрекеттік).  



Ойлаудың формалары 

Ойлау формалалары ұғым, пікір, ой қорытындысы болып үшке бөлінеді.  



Ұғым  –  ойдың  шын  дүниедегі  заттар  мен  құбылыстардың  жалпы  және  мәнді 

сипаттарын  бейнелейтін  формасы.Ұғым  дегеніміз  заттар  мен  құбылыстар  туралы    ой. 

Ұғымда заттардың жалпы  және негізгі қасиеттері бейнеленеді.   

Ойлау  процесінде  кездесетін  ұғымның  екі  түрі  болады:  біріншісі  –  заттық  немесе 

нақтылы  ұғым;  екіншісі  –  абстракт-дерексіз  ұғым.  Нақтылы  ұғым-нақтылы  формасы, 

бейнесі  бар  объектіге  қатынасы  бар  ұғым.  Мәселен,  адам,  бор,  стол,  танк,  ракета,  бидай 

т.б.  Бұларды  көзбен  көруге,  қолмен  ұстауға  болады.  Абстракт-дерексіз  ұғым  деп 

жаңағыдай  тұтас  заттарға  емес,  олардың  жеке  сипаттарына,  сапаларына,  қалыптарына, 

заттар мен құбылыстардың өз ара байланыстары мен қатынастарына арналған ұғымдарды 

айтамыз.  Мәселен,  шексіздік,  теңсіздік,  қозғалыс,  баға,  тұрмыс,  ақтық,  биіктік  т.б. 

Ұғымдардың  мазмұны  пікірлер  арқылы  ашылады.  Мұнда  нәрсе  мен  оның  қасиет-

белгілері  арасындағы  байланыстар  ашылып  көрсетіледі.  Пікірлер  сан  жөнінен  жалпы, 

ішінәра, дара болып бөлінеді. Пікірлер екі түрлі жолмен құралады: тікелей және жанама.  

Ой  қорытындалары  дегеніміз  бірнеше  пікірден  бір  жаңа  пікір  шығару  тәсілі..  Ой 

қорытындыларының мынандай үш түрін ажыратамыз: дедукция, индукция, аналогиялық. 



Дедукция  –  жалпыдан  жекеге  қарай  қарай  жүретін  ой  қорытындысы.  Индукция  -  ой 

қорытындысының жекеден жалпыға қарай дамып отыратын ойқорытындысының түрі. 

 Аналогия  ұқсастық  бойынша  ой  қорытындыларын  жасау.  Бұл  –  жеке  -  дара  жағдайдан 

жекеге  қарай  өрбіп  отыратын  ой  қорытындысы.  Дедукциялық  ой  қорытындысының  кең 

тараған түрі – силлогизм.  

Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері 

Ойлаудың түрлері нақтылы іс-әрекет, нақтылы бейнелеу және абстрактілі ой. 

Ойлаудың  даралық  ерекшеліктері  адамның  танып  білуінің  сапалық  сипаттары  мен 

ерекшеліктерін  қамтитын  ақыл-ойдың  қызметі  болып  саналады.  Ондай  салаларға  өз 

бетінше  ойлау,  оның  орамдылығы,  ойдың  тездігі  мен  ұшқырлығы  сияқты  қасиеттер 

жатады.  Барлық  ойлау  әрекетіне  тән  басты  қасиет  –  дара  адамның  әрбір  нәрсенің  мәнді 

қасиеттерін өздігінен ажыратып, олардан жаңа қорытындылар жасай білуі.  


Ой болжамы арқылы жұмбақ нәрселерді шешу 

Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Гипотеза дегеніміз - әр түрлі деректер 

негізінде объектілер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы қорытынды 

жасау.  


Сөйлеу үрдісі 

Адам  өзінің  қажеттілігін  өтеуе  байланысты  басқа  біреулермен  пікірлеседі,  ой 

алмасады. Тіл арқылы өз ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды.  

Сөздің мәнерлігі дегеніміз-адамның сйлу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, 

яғни  әрбі  сойлемді  өзінің  сазымен  айта  алуы.  Мәнерлі  сөйлей  білу  мұғалім  мамандығы 

үшін  өте  маңызды.  Сөйлеу  әрекеті  үлкен  ми  сыңарларының  анализдік  және  синтездік 

қызметінің нәтижесі.  

Тіл.  Тіл  дегеніміз  -  өзіндік  бейнелердің  жүйесі.  Ол  белгілі  шындық  пен  болмысты 

білдіретін  бөлшек.  Осы  белгінің  қасиеттеріне  орай  әр  алуан  іс-әрекеттер  орындалып, 

жүзеге  асады.  Белгілердің  немесе  тілдің  екі  түрлі  мәні  бар.  Жалпы  тілдік  белгілерді 

психологиялық  фактор  әрі  құрал  деуге  де  болады.  Тілдік  белгінің  бірінші  мәні  –  оның 

қоғамдық - әлеуметтік мәні. 

Тілдік  белгілердің  екінші  мәні-  олар  арқылы  адамдар  бір-бірімен  қарым-қатынас 

жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның 

саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді. 



Тіл үш түрлі қызмет атқарады:  

1.

 



 Адамзаттың  қоғамдық  тәжірибесі.  Бұл  қызмет  адамның  тіл  арқылы  білімді  меңгеріп, 

дүниені танып білуін қамтамасыз етеді.  

2.

 

Тілдік  қатынас  нәтижесінде  адамдар  тілдесіп,  бір-бірімен  түсініседі.  Тілідің  мұндай 



қызметін ғылыми атауды коммуникативті қызмет деп атайды. 

3.

 



Әрбір адамның өз мінез – құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті 

тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. 

Адамның  өзінің  ғана  емес,  өзгелердің  де  тәжірибелерін  қолданады,  алға  қойған  мақсат-

міндеттерін шешеді. 

Сйлеу сыртқы және ішкі болып үлкен 2 топқа бөлінеді.  

Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу диалог және 

монолг болып бөлінеді.  

Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған 

орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үш түрлі салаға 

топтастырылып қарастырылады: 

1.

 

Сөйлеудің коммуникатитік қызметі. Мұның мән жайы жоғарыда баяндалады. 



2.

 

Сөйлеудің  сигнификативтік  қызметі.  Бұл  латынның  «сигнал»  -  белгі,  таңба  деген 



сөзінен  шыққан.  Сигнификативтік  қызмет  бойынша  сөйлеуде  адамдар  бір-бірін  белгілер 

мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін белгі, 

адамдардың  түрлі  қимыл  -  қозғалыстары  мен  ым-ишаралары,  зат  алмасулары  арқылы 

қарым-қатынас жасау – сөйлеудің сигнификативті қызметін білдіреді.  

3.

 

Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алуан хабарлар мен жай жоспарлардың мәнерлі 



сөзбен,  құлаққа  жағымды  үнмен,  дауыс  ырғағымен  адамның  жан  дүниесін  тебірентіп, 

өзгелерге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне 

әсер  етіп,  тұла  бойын  шымырлатып  жібереді.  Сондықтан  сөйлеу  әрекетінің  бұл  түрі 

сөздерді нақыштап етеді. Сөйлеген сөз, айтылған ой- адам психикасына күшті әсер ететін 

тітіркендіргіш. 

Афференттік  қозғалыс  афазиясы  –  сөздерді  буындарға  бөліп  айта  аламай 

қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Семантикалық 

афазия  -  әрбір  сөздің  грамматикалық  құрлысы  мен  мәнін  жеткізудегі  кемістік.  Мысалы, 

осындай кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы» деген сөздерді дұрыс айтқанымен, «әкесінің 

ағасы»  не  «  әкесінің  інісі»  деген  сөздердің  мәнін  ажырата  алмайды.  Сенсорлық  афазия 


ауруына  душар  болған  адамдар  сөздердің  дұрыс  қабылдай  алмай,  олардың  дыбыстық 

бөлшектенің мәнісін түсінбейді. 



  Қиял үрдісі 

Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа обыраздар, соны 

елестер  мен  идеялар  тудыру  процесін  қиял  деп  атайды.  Қиял  -  адамға  меншікті 

психикалық  процесс,  жануарларда  бұл  функция  болмайды,  өйткені  бұл  -  адамның  еңбек 

әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция.  

И.М.Сеченов:  «Барлық  өмір  бойы  адамның  басынан  оның  есінде  орын  тепкен 

элементтерден  құралмаған  бірде-бір  ойдың  өтуі  мүмкін  емес.  Тіпті  ғылыми  табыстарға 

негіз болатын жаңа ойлардың өзі бұл ережеден шығарып тастауға болмайды» деді. 



Қиялдың физиологиялық негізі 

Қиялдың  жаратылыстық  -  физиологиялық  негізі  –  мидағы  оңашаланған  орталықтар 

емес,  мидың  үлкен  жарты  шарларының  қабығы.  Адамның  қиялдау  әрекетіне  қозу  мен 

тежелудің  іздік  процестері,  иррадиация  мен  концентрация,  оң  және  теріс  индукциялар, 

талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген 

жүйке процестерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған 

жаңа образдар мен елестер туады. 

 

Қиялдың түрлері. Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, 

қиял  ырықсық,  ырықты  болып  екіге  бөлінеді.  Психологиялық  әдебиеттерде  ырқсыз 

қиялды пасивті қиял, ырықты қиялды активті қиял деп атайды. 

1.

 



Ырықсыз  қиял  –  адамның  алдына  мақсат  қоймай-  ақ  басындағы  елестердідің 

ағытылып,  бірінен  соң  бірі  өтіп  жататын  кезде  туады.Мұндай  қиялдың  пайда  болуы 

адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты болады. 

2.

 



Қиялдың саналы әрі жемісті түрі- ырықты қиял. Бұл адамның алдына саналы түрде 

мақсат  қоя  отырып,  әдейі  бейнелер  жасау  мен  қажетті  бейнелер  тудырады.Оларды 

орындауға, қимыл- әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді.Ырықты қиял 

түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар. Олар- қайта жасау қиялы және жасампаздық 

қиял және арман болып үшке бөлінеді. 

1.

 



Қайта  жасау  қиялы  адамның  өмір  тәжірибесінде  кездестірген,  бұрын  болған 

бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркенгіштерге байланысты туындайды. 

Мұндай  қиялдың  пайда  болуында  сөздік  тітіркенгіш  қызыметін  әр  түрліформалары 

негізінде туындайды. 

Қайта  жасау  қиялы  –  адамның  ой  -  өрісін  дамытып  отыратын  психикалық  үрдіс. 

Қиялдың қызыметін оның алдына қойған мақсаты мен міндеттерінен аңғаруға болады. 

2.  Қиялдың  ең  жоғарғы  түрі  –  жасампаздық  қиял.  Қиялдың  бұл  түрі  арқылы  жаңа 

бейнелер жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты 

суреттер  мен  шартты  бейнелерге  сүйенеді.Жасампаздық  қиял  –  қоғамның  мәні  бар  жаңа 

соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызымет атқаратын психикалық үрдіс. 

3. Адам қиялының ерекше түрі –арман.Бұл активті әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен 

мүдемізге  орай  бейнелер  жасау,  игі  мақсат-мүдемізді  іс  жүзінде  асыруды  қиял  арқылы 

орындау.Ол  шығармашылық  қиял  емес,  бірақ  соған  дайындықтың  бастапқы  сатысы. 

Арманның  кезеңдері:  арманның  әрекетке  қатысы,  шындыққа  жанасуы,  келешек  үшін 

мәні.Арманның  мәні  оның  мазмұны  бос  қиялға  қараған  да  белгілі  бір  мақсатқа  не 

нәтижеге  жетелейді  және  белсенді  іс-әрекет  жасауға  итемелейді.Сонымен  қорыта  келген 

де  қиял  ол  бұрын  қабылданған  бейнелердің  адам  снасында  мақсатты  және  мақсатсыз 

түрде қайта жаңғыртылып, жаңа бейнелер жасалу үрдісін айтамыз. 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет