Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата07.01.2017
өлшемі0,57 Mb.
#1378
1   2   3   4   5   6   7

 

 

 

Дәріс 4. Іс-әрекет психологиясы 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.  

2. Іс-әрекет теориялары.  

3. Іс-әрекеттің түрлері, мақсаты мен мотивтері.  

 

Адамның    психикалық  өмірінің    жан-жақты  дамуы  белгілі  әрекетпен  айналысуына  



юайланысты  болады.    Адам  өмір  сүру  барасында    өз  психикасының  түрлі  жолдармен  

жарыққа  шығарады.  Мысалы;  мектеп  жасына  дейінгі  бала  өз  психмкасын  ойын  арқылы 

білдірсе,  ересек  адам  өзіне  тән  ерекшеліктерін  еңбек  процесінің  сан  алуан    салаларында 

көрсетеді.  Әрекет  дегеніміз  түрлі  қажеттіліктерді  өтеуге  байланысты  белгілң  мақсатқа 

жетуге  бағытталған  процесс.  Адам  іс-әрекеті  күрделі  процесс.  Оның  құрамына  жеке 

амалдар  мен  қозғалыстардың    әрекеттердің  жүйесі  кіреді.  Іс-әрекет  ұғымынан  әрекет 

ұғымын  ажырату  қажет.  Өйткені  іс-әрекеттің  ауқымы  аса  кең,  ал  әрекеттің  сипаты  кең. 

Әрекет  іс-әрекеттің  шағын  бөлігі.  Ол  жеке  мақсатты  орындауға  бағытталады,  әрекетті 

орындау тәсілдері операция деп аталады.   

Алам  әрекеті сан  алуан; ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі  бір  мақсат, міндеттерге 

бағытталады.  Бұлардың  барлығына  тән  ортақ  қасиет  белгілі  қажетке  байланыста  туып 

отыратындығы.  

А.Н.Леонтьев анықтаған іс-әрекеттің құрылымын былайша көрсетуге болады. 

Қажеттілік                        Түрткі                                       Әрекет 

Қажеттіліктер-ағзаның  бір  нәрсеге  керекті  кескіннің  ұсынатын  және  іс-әрекетке 

талаптанатын  субъективті  құбылыс  болып  табылады.  Барлық  қажеттіліктерді  негізгі  2 

топқа бөлуге болады: биологиялық және ақпараттық. 

Түрткіні  А.Н.Леонтьев  адамды  іс-әрекетке  талаптандыратын  және  оны  басқаратын, 

қажеттіліктің  нақты  пәні  ретінде  анықтайды.  Қажеттіліктер  қанағаттандырылмаса, 

эмоциялық күші жағынан әртүрлі сәйкестену кейде аффектіге әкеп соғады.  

Әрекеттер-шығарылатын мақсаттың көрінісі, нәтижеге жету процесі болып табылады. 

Мақсатты  бөлу  және  олардың  әрекетін  қалыптастыру  түрткі  функцияларын  ажыратуға 

әкеп соғады. Олардан бағыт және ниеттену функциялары бөлінеді.  

         Мақсат  дегеніміз  адамның  іс-әрекетінің  көздеген  нәтижесі.  Мақсат  белгілі  бір 

зат,  құбылыс  немесе әрекет  болуы  мүмкін.  Міндет  – белгілі  тәртіптерге  сәйкес  мақсатқа 

жетуге бағытталған әрекеттің мақсаты. Мысалы, қандай да бір мамандықты меңгеру үшін, 

алдымен оның теориялық аспектілерін оқу, яғни белгілі оқу міндеттерін шешу, сонан соң 

бұл білімді практикада пайдаланып, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, яғни практикалық 

іс-әректтің бір қатар міндеттерін шешу қажет.  

Қазіргі  қоғамда  адам  түрлі  іс-әрекеттермен  айналысады.  Олардың  барлық  түрлерін 

нақты адамға қатысты топтастыру мүмкін емес. Дегенмен барлық адамдарға ортақ негізгі 

қызмет түрлерін ажыратуға болады. Олар: ойын, оқу, еңбек.  

Ойын  өзінің  табиғатына  орай  бала  тұлғасын  қалыптастыратын  тарихи  қаланған 

әлеуметтік  механизм  және  әдіс  болып  табылады  (Л.С.Выготский,  А.Н.  Леонтьев,  Д.Б. 

Эльконин, және басқалар). 

Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  А.В.Запорожец,  Д.Б.Эльконин  мектебінің  бір  қатар 

зерттеулері ойынның баланың жалпы психикалық дамуына, жекелеп алғанда, оның ерікті 

мінез-құлқының  мотивациялық-қажеттіліктік,  танымдық  саласына  тигізетін  елеулі 

маңызын көрсетті.  

Ойын  бұл  шартты  түрде  шынайы  өмір  мазмұны  бейнеленетін  тәжірибенің  ерекше 

түрі.  Ойынның  адамзат  қоғамы  мен  бала  дамуындағы  міндеттерін  зерттеуде  адам  мен 

жануарлар  ойынының  айырмашылықтарын  ажырату  маңызды  болып  табылады.  Бұл 

ойынның ерекше іс-әрекет ретіндегі мәнін анықтау үшін де маңызды. Іс-әрекет ретіндегі 

жалпы  анықтаманы  алғаш  берген  А.Н.Леонтьев  болды  (1987).  Бұл  анықтама 


қажеттіліктерді  өтеу  үшін  ойынның  міндетті  еместігін  атап  көрсететін  авторлардың 

көптеген  жұмыстармен  үндесіп  жатыр.  Сонымен  бірге  ойын  филогенезін  зерттеу  ересек 

жануарлардың  ойындары,  олардың  төлдерінің  ойындарынан  ерекшеленетінін,  оның 

жоралғы  және  биологиялық  шартты  –  жыныстық,  аумақтық  және  басқа  да  қылықтарды 

жүзеге асырумен байланысты екендігін көрсетеді (Хайнд, Дьюсбери).  

Іс-әрекет  тұжырымдамасы  бойынша,  ойын  мазмұны  ойыншықтармен,  оларды 

ауыстыратын  заттармен  және  ойындағы  серіктестерімен  тәжірибелік  әрекеттерге  қанық 

болатындықтан  бір  мезгілде  тәжірибелік  іс-әрекет  ретінде  де;  және  тәжірибеге  шартты, 

айналдырылған, бейнелі формада абстракцияланатын іс-әрекет ретінде де көрініс табады;  

Оқу.  Оқу  мақсаты  адамның  білім  алуы,  дағды  мен  іскерлікті  меңгеруі  болып 

табылады. Оқу арнайы оқу орындарында ұйымдасқан түрде, сол сияқты қандай да бір іс-

әрекеттің  қосымша  нәтижесі  ретінде  жолшыбай  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Ересек 

адамдарда  оқу  өз  бетінше  білім  алу  түрінде  жүреді.  Оқу  әрекетінің  ерекшелігі  - 

индивидтің психикалық дамуына тікелей әсер ететіндігі.  

Адам психикасын қалыптастыруда еңбектің алатын орны ерекше. Адамды адам еткен 

– еңбек. Осы еңбектің арқасында адам қазіргі қоғамды орнатты, материалдық және рухани 

әлемнің  заттарын  жасады,  дамудың  шектеусіз  келешектерін  ашты.  Еңбек  құралдарын 

жасап,  жетілдірді.  Еңбек  өнімдділігін  арттырды,  ғылымды,  өндірісті,  техникалық  және 

көркем шығармашылықты дамытты.  

Адамның  іс-әрекеті  –  аса  күрделі  де  көпқырлы  құбылыс.  Іс-әрекеттің  жүзеге 

асыуында  адамның  иерархиялық  құрылымының  барлық:  физиологиялық,  психикалық 

және әлеуметтік бөлшектері қатысады.  



 

Бақылауға арналған сұрақтар: 

1.

 



Адам іс-әрекетінің динамикасы мен құрылымы қандай? 

2.

 



Танамдық процестардің дамуы іс-әрекетпен қалай байланысады? 

3.

 



Іс-әрекеттің анықтамасын айтыңыздар? 

4.

 



Іс-әрекеттің негізгі түрлерін атаңыздар? 

5.

 



Мотив дегеніміз не? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 5.  Психологиядағы тұлға психологиясы 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1. Тұлға туралы жалпы түсінік. 

2. Тұлғаның негізгі көреткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.  

3. Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға теориялары.  

 

Адам  –  саналы  тіршілік  иесі.  Адамды  көптеген  ғылымдар  зерттейді:  анатомия, 



физиология,  медицина  (биологиялық  тіршілік  иесі  ретінде)  және  қоғамдық  ғылымдар: 

педагогикалық  психология,  социология,  физика,  тарих,  этика,  саяси  экономика  және  т.б. 

Қоғамдық ғылмдар ададмды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар 

адамды жеке адам (кісі, азамат) тұрғысынан зерттейді.  

Ал  жеке  адамдды  (ұғым)  біз  қалай  анықтаймсыз:  еңбек  ету  нәтижесінде  жануарлар 

дүниесінен  бөлініп  шыққан,  қоғамда  дамып,  қалыптасатын,  адамдармен  тіл  арқылы 

қатынас, байланыста болатын адам.  

Жеке адамды педагогика оқыту мен тәрбиелеу объектісі тұрғысынан зерттейді.  

Социология жеке адамды әлеуметтік топтардың мүшесі ретінде зерттейді. 

Ал психология жеке адамның даму және қалыптасу заңддылықтарын зерттейді. 

Жеке адамның анықтамасын әртүрлі психологтар түрліше береді (А.В. Леонтьев, К.К. 

Платонов, Г. Омпорт).  

Даралық  ұғымына  келсек,  әрбір  адам  өзіне  ғана  тән  ерекшеліктерімен  көрінеді. 

Өзіндік  ерекшеліктері  бар  адам  дара  адам  болып  табылады.  Кейбіреулердің  даралығы 

ерекше  көзге  түседді.  Даралық-  интелекттілік,  сезімдік-эмоциялық  және  еріктік 

сфераларда немесе іс-әрекеттің барлық саласында бірдей көрінуі мүмкін.  

Интеллект  –  басқалар  байқамайтын  нәрсені  көре  білу  қабілеттлігі;  естіген,  білгенді 

өңей білу ерекшелігі, әртүрлі мәселе қойып, оны шеше білу ерекшелігі.  

Сезімдік-эмоциялық  шапшаңдығы,  сезімталддық,  сезімдегі  нәзіктік,  сұлулықты, 

үйлесімділікті сезе білу.  

Еріктік  –  ерік-күш  жігерінің  жоғарылылығы,  таң  қаларлық  ерлік  жасай  білуі, 

ұстамдылық таныта білуі.  

Жеке адамды зерттеуде бірнеше ағымдар, тұжырымдар бар.  

1.

 



Биогенетикалық  концепция.  Оны  ұстаушылар  –  американ  психологы  С.  Холл, 

неміс психологы Э. Кречмер және австрия психологы – психоанализ теориясының «әкесі» 

З.  Фрейд.  Бұлардың  көзқарасы  бойынша  жеке  адамда  негізгі  болып  табылатын  –  тұқым 

қуалаушылық.  Холл  –  филогенездің  онтогенезде  қайталануы,  Кречмер  –  адам  типтері 

оның  дене  құрылымына  ғана  байланысты.  Фрейд  –  адамның  мінез-құлқы  тек  қана 

биологиялық  инстинктеріне,  қызығуларына,  құмартуларына  байланысты  –  дейді 

(қоғамның рөлін төмендетеді).  

2.

 



Қарама-қарсы ағым – социогенетикалық көзқарас. Әлеуметтендіру теориясы – адам 

биологиялық  тіршілік  иесі  ретінде  өмірге  келіп,  әлеуметтік  жағдай  әсерінен  ғана  жеке 

адам болып қалыптасады.  

3.

 



Үйрету теориясы – Торндайк, Скиннер жеке адамның қалыптасуы тек үйрету мен 

білім және дағының әсері. Рольдер теориясы – қоғам әр адамға, оның қоғамдағы орнына 

байланысты  ғана  рөлді  ұсынады.  Солардың  арқасында  оның  мінезі,  қарым-қатынасы 

қалыптасады. Адамның биологиялық ерекшеліктерін толығымен мойындамау.  

4.

 

Психогенетикалық  концепция  –  бұл  тұжырым  бойынша  бірінші  орында 



биологиялық  ерекшелік  те  емес,  қоршаған  орта  да  емес,  тек  психологиялық  процестер 

алға шығады.  

Қызығу жанама және тікелей қызығу болып бөлінеді. 

Тікелей  -  іс-әрекеттің  (шахмат  ойнау,  кітап)  өзіне  қызығу,  жанама  –  іс-әрекет 

нәтижесінде (оқуды бітіру, білім алу) қызығу. 


Қызығулар,  жан-жақты,  тұрақты  деңгейімен  анықталады.  Жеке  адам  құрылымында 

дүниетаным, сенім және иеал маңызды орын алады, ол ғылымилық, жүйелілік, логикалық 

дәйектілік  пен  дәлелдік,  жалпылау  және  нақтылау  деңгейі,  іс-әрекет  пен  мінез-құлық 

байлнаыстарынан  көрінеді  (адамның  білімінің,  ақыл-ой  деңгейінің  тереңдігіне, 

адамгершілік қасиеттеріне байланысты).  

Адамның сезімі – мінез-құлқының сапалы мотиві, адамның іс-әрекетіне маңыздылық 

пен  айқын  бағыттылық  және  сезімдермен  тығыз  байланысты  (адамгершілікке  сену, 

құдайға сену). Маңызды мотивтердің бірі – идеал. Идеал – жеке адамның осы уақыттағы 

сенетін образы, соны басшылыққа ала отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жүзеге асыру. Санадан 

тыс  түрткілер  адамның  (құмарту)  ынтығу  (асқа,  жыныстық  ынтығу)  және  бағдар. 

Адамның қажеті мен мақсатын жөнді сезе алмаған жағдайда бағдар болады. 

Белсенділік - белсенділіктің қозғаушы 

күші 


қажеттілік 

пен 

құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс пен іс-әрекет болса, оның не қарқынды, не баяу 



жүруі қажеттілік пенқұштарлық шегіне байланысты.  

Белсенділік

элементарлық белсенділік , 

биологиялық белсенділік , әлеуметтік 

белсенділік болып жіктеледі. Белсенділіктің бұл түрлерін өзінің қамтылу аясына қарай әр 

ғылым  өз  әдісіне  сай  зерттейді. Әлеуметтанудағы белсенділік  адамның  мінез-құлқы 

мен іс-әрекетін сипаттайтын  негізгі  белгілердің  бірі.  Мұны саяси  белсенділік, әлеуметтік 

белсенділік және  психикалық белсенділік деп  бөледі: Саяси  белсенділік -  жеке  түлғаның 

не  әлеуметтік  топтың  саяси  процеске  араласу  деңгейін  білдіретін  ұғым.  Бұл 

белсенділік әлеуметтік  топтың өзі  көздеген  мақсаттарына  сай  саяси  жүйеге  ыкпал  етіп, 

оны  өзгертуге  ұмтылуынан  байқалады.Әлеуметтік  белсенділік -  белгілі  бір  тарихи 

кезенде әлеуметтік  топтың,  қауымның  қоғам  алдына  қойылған  міндетті  саналы  түрде 

шешуге  бағытталған іс-әрекеттерініңжиынтығы. Әлеуметтік  белсенділік қоғам  өмірін 

әртүрлі  аясында  (саяси-қоғамдық  істерде, еңбек, мәдениет және тұрмыс саласында) 

көрініс  береді.  Психикалықбелсенділік -  субъектінің  ұстанған  бағдарын  жүзеге  асыру 

барысыңдағы іс-әрекетінің жігерліліп.  Ол  жеке  түлғаның  өзіндік  ерекшеліктеріне,  яғни 

белгілі  бір  ахуалға  сай  әсерленуіне,  мінез-кұлқына,  шешім  қабылдау  қабілетіне 

байланысты. Психологиядағы белсенділік -  адамның  сыртқы  ортамен  93  қарым-қатынас 

жасауының сипаты. Бұл орайда белсенділік іс-әрекетпен байланысты бағаланады. 

 Психологияда белсенділікті тұлға белсенділігі, ситуацияға үстем белсенділік , іздену 

белсенділігі, 

шектен 

асқан 


белсенділік 

деп 


бөледі. 

Тұлға белсенділігі - 

адамның шығармашылықтағы, 

іс-әрекеттегі, 

қоғамдағы, 

қарым-катынастағы 

тегеуріңділігі.  Бұл  адамның  әлеуметтікөзгерістерге араласуынан  байқататын  қасиет. 

Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптіліп мен өз көзқарасынан таймауынан, сөзі мен 

ісінің  бірліпнен  көрінетін  адамның  белсенді  өмірлік  позициясы  ретіңде  сипатталады; 

ситуацияға үстем белсенділік - субъектінің ситуациялық алаптардьін деңгейінен биік болу 

қабілеті.  Ситуацияға  үстем  белсенділік  арқылы  субъект іс-әрекеттің ішкі  және  сыртқы 

кедергілерін  (мысалы,  енжарлық  самарқаулық  селқостық,  т.б.)  жеңеді белсенділік тің  бұл 

түрішығармашылық жағдайларда, танымдық белсенділікте риясыз бас тігуде және шекген 

аскан белсенділікте көрінеді; іздену белсенділігі болашағы беймәлім ситуацияны өзгертуге 

бағытталатын  мінез.  іздену белсенділігі -  міңез-құлықтың  көп  типтерінің  бірі  болып 

табылады  Оның  психикалық  көріністері  -  жоспарлау,  киялдау,  т.б.;  шектен 

асқан белсенділік нәтижелі іс-әрекетті сипаттайтын,  істің  жоғары  нәтижелігінің  маңызды 

көрсеткіштерінін бірі. 

  

Дербестік —  жеке  адамның  қайталанбайтын,  өзіндік  болмысы,  өзінің  субъектісі 

түрінде  оның  мақсаты  мен  мән-мағынасы  болатын  іс-қимылы.  Сыртқы  мақсатқа 

қанықгьшық  пен  сыртқы  қажеттілікке  бағындырылған  іс-әрекетке  (жатсыну  жүйесіндегі 

қызмет, 


сондай-ақ 

материалдық 

өндіріс 

саласындағы 

еңбек) 

кдрсы 


қойьшады.

Маркс


 адамның әлеуметтік жағынан азаттық алуын оның қандай да болсын іс-

әрекетін  шын  мәніндегі  дербестікке  бағыттауымен  байланыстырды.  Алайда  бүл  әрекет 



табиғатқа  жауапкершілікпен  қарау  қажетгілігінен  адамды  шет  қалдырмайды,  адам  іс-

әрекетінің мүдделері оған қайшы келмеуі керек.

 

Даралық (лат.individuum- бөлінбейтін ) - тұлғаның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, 

оған  ғана  тән  жеке-психологиялык  ерекшеліктері  жиынтығы.  Жеке  мінездің, 

темпераменттің, 

мүдделердің, 

интелектінің, 

қабілеттер 

мен 

қажеттіліктердің 



ерекшеліктерінен  көрінеді.  Адамзаттың  жеке  калыптасуына,  оның  тәрбие  процесінде 

толық ашылатын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ықпал етеді.

 

 

Бақылауға арналған сұрақтар: 



1.

 

Тұлға дегеніміз не ? 



2.

 

Тұлғаның  негізгі  көреткіштері:  белсенділік,  саналылық,  дербестік,  жеке 



даралық ұғымдарына анықтама беріңіздер? 

3.

 



Психолгияда тұлғаны зерттеген теорияларды атағыздар? 

4.

 



Тұлға құрылымы дегеніміз не? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Дәріс 6. Қарым-қатынас пен топтар психологиясы 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1.

 



Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері.  

2.

 



Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері.  

3.

 



Топ және тұлға. Шағын топтардың жіктелуі.  

4.

 



Топтық әсер ету механизмдері.  

5.

 



Тұлғаның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі.  

 

Қарым-қатынас  психологиясының  негізі  келіссөздер  мен  сұхбаттарды  тиімді 



жүргізудің  сәттерін  айқындау  мүмкіндігі  және  оны  практикада  қолдану,  сұхбат 

жүргізгенде  психологиялық  тұрғыдан  сауатты  болу,  тиімді  қарым-қатынас  туралы 

білімдер жүйесін қалыптастыру болыа табылады. 

Сұхбат жүргізу мәселесі қазірде қарым-қатынас психологиясын оқытудағы көкейкесті 

мәселе  болып  отыр.  Соңғы  жылдары  қарым-қатынас  психологиясы  көптеген 

ғылымдардың пәні болып отыр. Онымен философтар да, социологтар да, экономистер де, 

заңгерлер де, педагогтар да айналысады. 

Қарым-қатынас  психологиясы  қарым-қатынаста  адамға  жаңа  импульс,  қуаныш, 

рахаттану береді және адамды кәсіптік қызметте жаңа биіктерге, деңгейлерге көтереді. 

Қарым-қатынас  –  адамдар  арасындағы  қалыптасуындағы  және  дамуындағы  күрделі, 

көп  деңгейлі  процесс.  Нәтижесінде  адамдар  бір-бірінен  ақпараттар  алмасады, 

қабылдайды. Адамдармен қарым-қатынас – бұл ғылым және өнер. Мұнда білім де, табиғи 

мүмкіндіктер де өте маңызды. 

Әртүрлі  адамдар  мен  жануарлардың  өмір  сүруін  қарастыра  отырып,  біз  оның  екі 

жағын  байқаймыз:  табиғатпен  байланыс  және  тірі  денелермен  байланыс.  Бірінші  түрін 

қызметтің  түрі  деп  қарастырдық.  Ал,  байланыстың  екінші  түрін  организдердің 

организмдермен  ақпарат  алмасатын  байланысы,  өзара  әрекеті  деп  сипаттайды.  Бұл  түрді 

«қарым-қатынас» деп атайды. 

Қарым-қатынас барлық тірі организмдерге тән, бірақ адам деңгейіндегі ол ең жоғары 

кемелденген  түрге  ие  болады.  Қарым-қатынаста  келесі  аспектілер  бөлінеді:  мазмұн, 

мақсат және амал-тәсіл. 

Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи 

да басқа адамдармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні 

белгілі.  Топтар  үлкен,  шағын,  ресми,  бейресми,  формалы,  формасыз,  ұйымдасқан, 

ұйымдаспаған, жасанды табиғи, референттік болып бірнеше түрге бөлінеді.  

Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез 

келген  адаммен  өз  қалауынша,  нақты  қажетіне  қарай  қатынасқа  түседі,  оны ңбір мүшесі 

екіншісін  жақын  тұтады,  бір-бірімен  жиі  араласып  жүреді,  байланыстары  тұрақты  сипат 

алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлінеді.  

Формалы  топ  мүшелерінің  арасында  белгілі  құжаттардың  талабына  сай  әр  түрлі 

сипаттағы  іскерлікқатынастар  ойнайды.  Ондай  қатынастардардан  жетекшіге  бағыну, 

тиісті  құқықты  орындау,  ресми  орындардың  алдындағы  жауапкершілікті  сезіну  ерекше 

көрінеді. Формалы топтардды (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір-

бірін  ұнатпау,  сыйламау,  менсінбеу,  жауласу  сияқты  құбылыстар  да  болуы  мүмкін.  Бұл 

жайт  мондағы  іскерлік  қатынасқа  қолайсыз  әсер  етеді,  оның  табысты  болуына  залалын 

тигізеді.  

Формасыз  (бей  ресми)  топ  –  бұл  ұнату,  ортақ  көзқарас  сияқты  психологиялық 

себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет 

етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық 

қатынаста болу.  

Әртүрлі  деңгейегі  топтардың  ішінде  референттік  топтың  мәні  ерекше.  Бұл  -  әр 

адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуі мүмкін) 



ішінен  біреуіне  ғана  ерекше  тәнті  болып,  соны  ғана  қастерлеп,  қадір  тұтып,  жүрек 

қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі 

принциптерді қолдап ғана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын 

пида етуге дейін барады.  

Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі –ұжым (коллектив) деп аталады. 

Адамдардың  ерекше  ұйымшылдығының  арқасында  олардың  мүдделерінің  бір-бірімен 

ұштасып,  «бір  жеңнен  қол»,  «бір  жағадан  бас»  шығаратындай  халге  жетуі,  топты 

ңпсихологиялық  ахуалының  орнауы,  онда  «ырың-жырыңның»  орын  алмауы,  дамудың 

биік  деңгейіне  көтерілу  –  ұжымның  басты  белгісі.  Кез  келген  топтың  көп  жағдайда 

ұжжым  деңгейіне  көтеріле  алмайтыны  да  көбінесе  осындай  топта  келеңсіз  жағдайларды 

ңорын  тебуінен  туындайды.  Әр  адам  топта  қандай  болмасын  топта  белгілі  бір  рөл 

атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты болмайды.  

Топтағы  аддамдарды  танып-білу,  басқару  мәселесі  «психологиялық  үйлесім» 

ұғымымен  де  тығыз  байланысты.  Бұл  ұжымддағы  ортақ  ісің  табысты  болуына 

ондағылардың  өз  қызметінен  рахат,  ләззат  алуын  қамтамасыз  етуіне  мүмкіндік  беретін 

психологиялық  жағдай.  Топтағыларды  ңбір-бірімен  үйлесімділігі  жасрасса,  яғни  бірінің 

қылығы  екіншісіне  ұнайтын  болса,  олар  бір-бірінің  мінез-құлқын,  қарым-қатынасын 

жатырқамай  дұрыс  қабылдаса  –  онда  психологиялық  үйлесімнің  болғаны.  Ал,  мұндай 

ахуал жоқ жерде, біреудің мінезін екіншісі ұнатпайтын жағдайда, тіпті ақылға сыйымды 

нәрсенің өзі де қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді.  

 

Бақылауға арналған сұрақтар:  

1.

 

Психологиядағы қарым-қатынастың анықтамасы? 

2.

 

Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдерін атаңыз? 



3.

 

Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері қандай? 



4.

 

Топ дегеніміз не ? Шағын топтардың жіктелуін атаңыз? 



5.

 

Топтың түрлері қандай? 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет