Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата07.01.2017
өлшемі0,57 Mb.
#1378
1   2   3   4   5   6   7

 

Бақылауға арналған сұрақтар:  

1. Даму дегеніміз не? 

2. Дамудың неше кезеңі бар және қандай? 

3. Л.С.Выгодский бала дамуын неше кезеңге бөліп қарастырды және қандай? 

4. Эмбрион дегеніміз не?  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 12. Психикалық дамудың жасерекшелік кезеңдері 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар. 

1.

 



Жастың анықтамасы мен түрлері.  

2.

 



Шетел психологиясындағы жастық даму кезеңдерге бөлу.  

3.

 



Кеңес психологиясындағы жастық даму психологиясы. Жетекші іс-әрекет. 

4.

 



Дамудың жастық дағдарыстары. 

 

Шетелдiк жас ерекшелiк психологиясының негiзгi тұжырымдамалары. 



Бала  психикасын  эксперимент  қолданып  зерттеуге  еңбек  сіңірген  психологтар: 

А.Бине  (1857-1911),  В.Штерн  (1871-1938),  К.Кофка  (1886-1941),  Ж.Пиаже  (1896-1980) 

болатын.  

Эрик Эриксон З.Фрейдтің ізбасары, психоаналитикалық теорияны жалғастырушы. 

Тұлғаның дамуы қоғамның экономикалық және мәдени деңгейіне байланысты. Қоғамның 

құндылықтары және нормалары балаға тәрбие процесінде беріледі.  

Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары. 

Дамудың бірінші сатысында (оральды-сенсорлы) нәрестелік жасқа қатысты, әлемге 

сену  немесе  сенбеу  пайда  болады.  Тұлғаның  прогрессивті  дамуында  бала  сенімді 

қатынасты таңдайды. Ол жеңіл тамақтану, терең ұйқы, ішектің дұрыс жұмыс істеуі. 

Екінші  саты  (бұлшық  етті-анальды)ерте  балалық  шаққа  қатысты.  Баланың 

мүмкіндігі дамиды, жүре бастайды. Дербестілікке ұмтылады. 

Үшінші саты (локомоторлы-гениталды), мектепке дейінгі жасқа сәйкес келеді, бала 

қоршаған ортаны белсенді таниды. Дербестілікке ынталылық (инициатива) қосылады. 

Осы кезеңде жыныстық идентификация болады және бала мінез-құлқының белгілі 

бір формасын меңгереді. 

Бастауыш  мектеп  жасы-  пубертатты  алды  Осы  уақытта  төртінші  саты  (латентті) 

дамиды. 


Бастауыш  мектепте  оқу  кезеңінде-  бастауыш  мектеп  оқушысының  кәсіби 

идентификациясы өзін белгілі бір кәсіп өкілі ретінде сезіну. 

Жастық  шақ  тұлға  дамуының  бесінші  даму  сатысын  құрайды.  Балалық  шақ 

аяқталуға жақын, өмірлік жолдардың үлкен кезеңі аяқталып, ұқсастықтың (идентичность) 

қалыптасуына алып келеді. 

Алтыншы сатысы, ерте кемелдену жасына сәйкес келеді, ересек адамның алдында 

жақындасу  (интимдік)  проблемасы  туындайды.  Дәл  осы  уақытта  шынайы  сексуалдылық 

көрінеді. 

Кемелдену  немесе  орта  жас-  тұлға  дамуының  жетінші  сатысы.  Адам  өнімділікке 

және шғармашылыққа ұмтылады. 

Соңғы  саты,  кеш  кемелдену,  адам  өмірлік  жолды  қабылдайды  және  тұлғаның 

тұтастылығын игереді. Осы кезеңде даналық пайда болады. 



Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары 

Даму сатылары 

Әлеуметтік 

қатынастар аймағы 

Тұлғаның полярлық 

сапасы 


Прогрессивті 

дамудың 


нәтижесі 

1. Нәрестелік (0-1) 

Анасы немесе оның 

орнын басатын адам 

Әлемге сену-сенбеу 

Энергия және 

өмірлік қуаныш 

2. Ерте балалық шақ 

(1-3) 

Ата-анасы 



Дербестілік- ұят, 

күмән 


Тәуелсіздік 

3. Балалық шақ (3-6)  Ата-анасы, ағасы 

және әпкелері 

Ынталылық- 

енжарлық, кінә 

Мақсатқа ұмтылу 

4. Мектептік жас (6-

12) 


Мектеп, көршілер 

Компетенттілік-

кемшілік 

Білім және 

ептілікті игеру 

5. Жасөспірім және 

Құрдастар тобы 

Тұлғаның 

Өзіндік 


жастық шақ (12-20) 

сәйкестілігі- 

мойындамау 

анықталу, жан 

қиярлық және 

сенімділік 

6. Ерте кемелдену 

(20-25) 


Достары, сүйіктілері  Жақындық- 

бөлектену 

Бірлестік, 

махаббат 

7. Орта жас (25-65) 

Еңбек, туған үйі 

Өнімділік- тұрып 

қалу 


Шығармашылық 

және қамқор 

8. Кеш кемелдену 

(65 кейін) 

Адамгершілік, 

жақындары 

Тұлғаның 

тұтастылығы- 

үмітсіздік 

Даналық  

 

Жан  Пиаже  теориясының  негізгі  түсініктері  және  принциптері.  Бала  да  ересектер 



секілді  түрлі  танымдық  тапсырмаларды  шешуге  мүмкіндік  беретін,  әрекеттердің  белгілі 

бір  схемаларына  ие.  Бұл  әрекет  схемалары-қарапайым.  Бала  алдындағы  тұрған 

проблемалардың  қиындық  деңгейіне  қарамастан,  олар  екі  негізгі  механизмдерді 

қолданады- ассимиляция және аккомодация. 

Ассимиляция- жаңа проблемалық ситуацияда бар әрекет схемаларын өзгертпей-ақ 

әрекет  ету,  аккомодация,  әрекет  схемаларын  өзгертеді.  Бейімделу  процесінде  жаңа 

проблемалық  ситуацияда  ассимиляция  және  аккомодация  бірігіп  адаптацияны  құрайды. 

Адаптация  тепе-теңдіктің  құрылуымен  аяқталады.  Әлеуметтену-  әлеуметтік  ортаға 

бейімделу процесі.  



Интеллект  дамуының  сатылары.  Сатылар-бұл  бір-бірін  алмастырушы  сатылар 

немесе  деңгейлер.  Интеллектің  даму  процесі,  негізі  интеллектуалды  құрылымның 

қалыптасуы  болатын  үлкен  үш  кезеңнен  өтеді.  Алдымен,  сенсомоторлы  құрылым 

қалыптасады.  Сосын  нақты  операциялар  құрылымы  пайда  болады.  Кешірек  формальды-

логикалық  операциялар  қалыптасады.Ж.Пиаже  бойынша  формальды-логика-  интеллект 

дамуының  жоғарғы  деңгейі.  Баланың  интеллектуалды  дамуы  төменгі  сатыдан  жоғары 

сатыға өтуді көрсетеді.  

Сенсомоторлы кезең бала өмірінің екі жылын қамтиды. Жаңа туылған балада тек 

рефлекстер болады. Бұл саты рефлекстер жаттығуы. Рефлекстердің жаттығу нәтижесінде 

алғаш дағдылар қалыптасады. Екінші сатыда бала басын дауысқа бұрады, қозғалған затты 

көзімен  бақылап  отырады  ойыншықты  ұстауға  ұмтылады.  Дағдының  негізінде  алғашқы 



айналымдық реакциялар қайталанатын әрекеттер жатыр. 

Екінші  айналымдық  реакциялар  үшінші  сатыда  пайда  болады.  Бала  өзінің 

белсенділігіне, өзінің әрекеттерінің нәтижесіндегі өзгерістерге назар аударады. 

Төртінші  саты-  практикалық  интеллектінің  бастауы.  Әрекет  схемалары,  барлығы 

бірігіп мақсатқа жету үшін қолданылады. 

Бесінші  сатыда  үшінші  айналымдық  реакциялар  пайда  болады.  Бала  өзінің 

әрекеттерін әдейілеп өзгертеді. 

Алтыншы  сатыда  әрекет  схемаларының  интериоризациясы  басталады.  Екі  жас 

шамасында  әрекеттің  ішкі  жоспары  қалыптасады.  Осы  жерде  сенсомоторлы  кезең 

аяқталады, бала жаңа репрезентативті интеллект және нақты операциялар кезеңіне өтеді. 

Операционалды көзқарасқа (елестерге) дейінгі кезеңде бала дәлелге, талдауға қабілетсіз. 

Интеллектуалды дамудың соңғы жоғарғы кезеңі- формальды операциялар кезеңі. Ол 

пікірлерді  болжамдар  ретінде  қарайды;  оның  ойлауы  гипотетикалық-  дедуктивті  бола 

бастайды. 

Өмірлік  жолды  кезеңдерге  бөлу  жас  ерекшеліктері  дамуының  заңдылықтарын,  жас 

ерекшелік  кезеңдердің  ерекшелігін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Кезеңдердің  мазмұны  әр 

автордың  ойынша  дамудың  маңызды  жағымен  анықталады.  Л.С.Выготский 



периодизацияның үш тобын бөліп көрсетеді: сыртқы критерий, дамудың бір және бірнеше 

белгісі бойынша. 



Бірінші  топ  үшін  периодизацияны  сыртқыға  негіздеп  құру.  Мысал  ретінде 

биогенетикалық  принцип  бойынша  құрылған  периодизацияны  айтуға  болады.  Осы 

позицияға  қатысты  онтогенез  филогензеді  қайталайды.  Периодизацияның  тағы  бір  түрі 

Р.Заззоның  кезеңдері  (периодизациясы).  Онда  балалықтың  кезеңдері  баланы  оқыту  мен 

тәрбиелеу  жүйесінің  сатыларына  сәйкес  келеді.  Ерте  балалық  шақтан  кейін  мектепке 

дейінгі  жас  басталады,  бұл  жерде  негізгі  мазмұн  отбасында  немесе  мектепке  дейінгі 

мекемедегі  тәрбие  мәселесі.  Ары  қарай  бастауыш  мектеп  жасы  (6-12  жас),  бала 

интеллектуалды  дағдыны  игере  бастайды;  орта  мектепте  оқу  сатысы  (12-16  жас)  ,  бала 

жалпы білімдерді меңгереді. Кейін жоғары немесе универсиеттік саты.  

Кезеңдердің екінші тобы сыртқы емес ішкі критерийлерді қолданады. Бұл критерий 

дамудың  белгілі  бір  жағы,  мысалы  П.П.Блонский  бойынша  сүйектердің  дамуы  және 

З.Фрейд бойынша балалық сексуалдылықтың дамуы болуы мүмкін.  

Павел петрович Блонский объективті, көрінетін, өсіп жатқан ағза конституицсының 

айқын  белгісін  таңдады-  тістің  пайда  болуы  және  алмасуы.  Балалық  шақ  үш  кезеңге 

бөлінеді:  тіссіз  балалық  (8  айдан-2-2ғ5  жас),  сүт  тістері  (6,5  жасқа  дейін),  және  тұрақты 

тістер кезеңі (ақыл тіс пайда болғанға дейін). 



 

 

Бақылауға арналған сұрақтар: 

1. Жас ұғымының анықтамасы? 



2. Шетел психологиясындағы жастық кезеңдерді кімдер қарастырды? 

3. Кеңес психологиясындағы жастық даму психологиясынің өкілдерін атағыз ? 

4. Дағдарыстың анықтамасы? 

5. Адам өмірінде болатын дағдарыстарды атағыз? 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 13.  Мектепке дейінгі жастағы психикалық даму 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1.

 



Адамның дүниеге келуі. Тұқымқуалаушылық және орта. 

2.

 



Нәрестелік шақтың жалпы сипаттамасы.  

3.

 



Ерте  сәбилік  кезең.  Сәбилік  шақ.  Бір  жас  шамасындағы  сәбидің  психологиялық 

ерекшеліктері. Сәбидіің психикалық дамуы. 

4.

 

Ерте балалық шақ. Ерте психикалық дамуы. Заттық іс-әрекет ерте балалық шақтағы 



жетекші іс-әрекет ретінде. Бала тұлғасының, оның «Мен» жүйесінің қалыптасуы. 

5.

 



Мектепке  дейінгі  кезең.  Мектепке  дейінгі  кезеңнің  психологиялық  сипаттамасы. 

Ойын мектепке дейінгі кезеңнің жетекші іс-әрекеті. Мектептегі оқуға даярлық мәселесі. 



 

Нәрестелік кезең 

Бала жарық өмірге келіп анасынан физикалық тұрғыда ажырайды. Ол мүлдем басқа 

жағдайға енеді: суық, жарық, ауа. Мұндай жағдайларға бейімделуде- шартсыз рефлекстер 

көмектеседі. Балада шартсыз рефлекстер қатары болады.  

Бұл  ас  рефлекстерінің  жүйесі.  Ерніне  тиген  нәрсені  сору  пайда  болады.  Шартсыз 

рефлекстерден қорғаныс және бағдарланған рефлекстерді бөліп көрсетуге болады. 

Баланың  миының  қалыпты  жетілуіне  әсер  ететін  бірден  бір  шарт-  ол 

анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Оның ішінде дәм сезу (1-2 күндік бала ащыға 

қарағанда тәттіні жақсы көреді), иіс сезу (әр түрлі иіске басын бұрады, оның дем алуы мен 

жүрек  қағысы  өзгереді),  дыбыс  естуі  (1  апталық  бала  анасының  дауысын  естиді),  көру 

анализаторының  қалыптасуы  (2  айлық  кезде  анасын  көргенде,  бала  көңілденіп  күледі). 

Егер  бала  сенсорлық  оқшаулану  жағдайында  болса,  онда  оның  дамуы  баяулайды.  Бұл 

кезде  даму  ерекшелігі,  баланың  денесінің  дамуына  қарағанда  анализаторлардың  іс-

әрекеттері  тезірек  қалыптасады,  осыған  байланысты  түрлі  шартты  рефлекстік 

байланыстар жасалады  

Бала  өмірге  әлсіз  және  қауқарсыз  болып  келеді.  Ол  анасынан  физикалық  тұрғыда 

ажыратылғанымен  биологиялық  тұрғыда  байланысты.  Ол  өзінің  қажеттілігін  дербес 

қанағаттандыра алмайды. 

Нәресте оған қамқор болатын анасының дауысына еліктейді, оның бетін көріп көзін 

анасының  жүзіне  тоқатып  қарайды,  қолын  созады,  аяғын  қозғалтады,  қатты  дыбыстар 

шығарады және күле бастайды. Бұл эмоционалды реакция жандану кешені деп аталады. 

Жандану  кешені  адамдық  ерекшеліктерге  ие-  күлу,  қарым-қатынасқа  түсу  қажеттілігін 

көрсету. 

Сәбилік  кезең.  Сәбилік  шақта  бала  қарқында  дами  бастайды.  Психикалық  даму 

үлкен  өзгерістерге  ұшырайды.  Үш  жас  кезеңіндегі  баланың  ақыл-ойы  недәуір  жетілген 

болады.  3  жасқа  дейін  осындай  үлкен  өзгерістердің  болуына  бірнеше  факторлар  себеп 

болады.  Бірінші  себеп  –  баланың  тік  жүре  бастауы.  Бала  бір  жастан  асқаннан  кейін  өз 

бетімен тік жүріп түрлі заттардың қасиеттерін, үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. 

Өздігімен  жүрген  соң  заттардың  кеңстіктегі  арақашықтығын  да  ажырата  бастайды, 

кеңістікте  бағдарлану  қабілеті  дамиды.  Екінші  себеп-  әр  заттың  өзіне  тән  қызметін 

ажырату  немесе  балада  заттық  әрекеттің  дамуы.  Үшінші  себеп  –  баланың  ойыны  және 

тиісті  өнерге  үйренуі.  Бұл  әрекет  түрлі,  сондықтан  ойын  мен  іс-әрекеттер  бала 

психикасының  дамуына  үлкен  әсер  етеді.  Алдымен  ойыншық  түріне  немесе  дыбысына 

қызықса,  кейін  оның  нені  бейнелейтініне  мән  береді.Баланың  бойы  бірінші  жылына 

қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады. 



3  жас  дағдарысы.  Ерте  балалық  шақ  және  мектепке  дейінгі  жас  арасында  3  жас 

дағдарысы  болады.  Бұл  бала  өмірінің  неғұрлым  қиын  сәттерінің  бірі.  Өзінің  “Менінің” 

бөлініп  шығу  дағдарысы,  әлеуметтік  қатынастар  жүйесін  қайта  қарау  .  Бала  бағыты 

өзгереді.  Егер  де  жаңа  қатынастар  дұрыс  қалыптаспаса,  оның  ұсынысы  қолдау  таппаса, 

дербестілік  шектеледі,  балада  үлкендермен  қарым-қатынасында  көрінетін  дағдарыстық 


құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский және оның ізінен Э.Келер 3 жас дағдарысының 

7  сипаттамасын  суреттеейді.  Олардың  біріншісі-  негативизм.  Бала  ересектер  қойған 

талаптарға  жағымсыз  реакция  көрсетеді.  Негативизм  таңдамалы  болуы  да  мүмкін,  ол 

отбасы  мүшесінің  біреуінің  тілін  ғана  алмайды  немесе  бір  ғана  тәрбиешіні  тыңдамайды, 

ал басқаларымен қалыпта қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше 

жасау. 

Мектепке дейінгі кезде сөзді меңгеру және игеру процесі аяқталады. 7 жасқа қарай 

тіл  баланың  қарым-қатынасының  және  ойлауының  құралы  болып  табылады.  Сөйлеудің 



дыбыстық  жағы  дамиды.  Кіші  мектеп  оқушылары  өздерінің  сөйлеу  ерекшеліктерін 

түсіне бастайды, сөздерді дұрыс естіп, дұрыс айтады. Сөздік қоры қарқынды дами түседі. 

Кейбіреулерінде  көп,  кейбіреулерде  аз  болады.  Сөздің  грамматикалық  құрылымы 

дамиды.  Сөйлем  құру  тек  сан  жағынан  емес,  сапа  жағынан  да  үлкен  өзгерістерге 

ұшырайды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  бар  сөздік  қорына  негізделе  отырып,  тілдің 

тиісті  ережелерін  пайдаланып,  мыңдаған  жаңа  сөйлемдерді  құрай  бастайды.  Олар  бұл 

кезде тіпті жоқ сөйлемдерді де құрастырып шығарады. Сонымен қатар қолданатын сөзін 

бала тым өткір және ұқсастырып күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. 



Ес.  Мектепке  дейінгі  кезең  –  ес  процесінің  дамуы  үшін  ең  қолайлы  кезең.  Бұл 

кезеңде ырықсыз ес басым. Себебі, бала бір нәрсені есінде сақтау үшін ешқандай мақсат 

қоймайды.  Ол  үшін  қызықты  оқиға,  әрекеттер  жеңіл  есте  қалады,  сондай-ақ  сөздік 

материал есте жақсы сақталады. Ертегі, әңгіме, кино кейіпкерлері есте жақсы сақталады. 

Мектепке дейінгі жастың орта шенінде (4-5 жасқа қарай ) ырықты ес қалыптаса бастайды. 

Саналы,  мақсатты  түрде  есте  қалдыру  тек  эпизодты  түрде  көрінеді.  (Ойынның  түріне 

қарай атқарылатын әрекеттерді есіне түсіреді).  

Қабылдау.  Мектепке  дейінгі  кезде  баланың  қабылдауы  көп  жоспарлы  болады. 

Ақырындап  апперцепция  дами  бастайды-  қабылдауға  өзінің  тәжірбиесінің  әсері.  Жас 

бойынша апперцепцияның рөлі ұлғая түседі. Қабылдаудың мағыналылығы пайда болады. 

Оның ішінде ырықты әрекеттер бөлініп шығады- бақылау, байқау, іздеу.  



Ойлау.  Ойлаудың  дамуындағы  негізгі  бағыт-  көрнекі-әрекеттіктен  көрнекі-

бейнелікке өту .Мектепке дейінгі бала бейнелі түрде ойлайды, бәрақ әлі қисын ой жүгірту 

дамымаған. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай жалпылауға, байланыс орнатуға деген 

тенденция байқалады. 

Эмоция, мотив және өзіндік сана-сезімнің дамуы 

А.Н.Леонтьевтің  айтуынша  мектепке  дейінгі  кезең  «тұлғаның  алғашқы 

қырларының  қалыптасу  кезеңі  »,  дәл  осы  кезде  негізгі  тұлғалық  механизмдер  мен 

құрылымдар  қалыптасады.  Бір-бірімен  тығыз  байланысты  эмоционалды  және 

мотивациялық сфералар дамиды, өзіндік сана-сезім қалыптасады. 

Мотив.  Осы  кезде  қалыптасатын  ең  маңызды  тұлғалық  механизм  мотивтердің 

бағыныштылығы  ол  мектепке  дейінгі  жастың  басында  пайда  болады  және  ары  қарай 

дамиды.  Баланың  тұлғасының  қалыптасуын  мотивациялық  сферасының  өзгерісімен 

байланыстырады.  Мектепке  дейінгі  баланың  мотиві  түрлі  күшке  және  мәнге  ие.  Осы 

кезеңде  баланың  индивидуалды  мотивациялық  сферасы  қалыптасады.  Баладағы  түрлі 

мотивтер  тұрақтылыққа  ие  болады.  Тұрақты  мотивтердің  ортасында  басым  мотивтер 

болады.  

Мектеп  жасына  дейінгі  бала  этикалық  қоғамда  қалыптасқан  норманы  игере 

бастайды, ол қылықтарды мораль нормасы бойынша бағалауды, өзінің мінез-құлқын осы 

нормаларға  бағындыруды  үйрене  бастайды.  Алғашқыда  бала  басқа  балалар  немесе 

әдебиет кейіпкерлерін бағалауды үйренеді, кейін өзінің әрекеттерін бағалауды үйренеді. 



Өзіндік  сана-сезім.  Өзіндік  сана-сезім  мектепке  дейінгі  жастың  соңына  қарай 

қалыптасады. Өзіндік сана-сезімнің дамуы өзіндік бағалаумен тығыз байланысты.  

Өзіндік сана-сезім дамуының тағы бір бағыты- өзінің күйзелістерін ұғыну.  

Өзін  уақыт  бойынша  түсіну  басталады.  6-7  жастағы  балада  өзінің  өткен  шағы 

есінде болады, осы шақты және болашақты түсіне бастайды. 



Балалардың  мектепке  оқуға  психологиялық  дайындау.  6  жасар  балалардың 

тұлғасының  ерекшеліктері  оқу  процесінде  едәуір  қиындықтар  тудырады.  Мектепке 

психологиялық  дайындық-  мотивациялық,  интеллектуалды  сфералардың  және 

ырықтылық  сферасының  дамуының  жоғарғы  деңгейін  шамалаушы  күрделі  құрылым. 

Әдетте, психологиялық дайындықтың екі аспектісін көрсетеді- тұлғалық (мотивациялық) 

және интеллектуалдылық дайындық. 



Мектепте  оқуға  тұлғалық  дайындық,  баланың  жаңа  әлеуметтік  жағдайға 

ұмтылуы-  бұл  бастауыш  мектеп  оқушысының  көптеген  психологиялық  ерекшелігінің 

қалыптасуына  негіз  және  алғышарт  болып  табылады.  Бұл  жерде  мектеп  міндеттеріне 

деген  жауапкершілікті  қатынас  орнайды,  бала  ол  үшін  қызықты  нәрсені  ғана  орындап 

қоймайды, сондай-ақ кез-келген оқу жұмысын орындауға тырысады. 

Мектепте  оқуға  интеллектуалды  дайындық.  Ойлау  процестері-жалпылау, 

объектілерді  салыстыру,  жіктеу,  айқын  белгілерін  бөліп  шығарумен,  қорытынды  жасау 

тәсілдерімен байланысты. Бала танымдық белсенділікке ие болуы керек.  

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ақыл-ойының  дамуындағы  негізгі  ұғымдар: 

балдырғандарды  жас  кезеңдерге  бөлу,  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  түрлі 

кезеңдеріндегі  іс-әрекеттерінің  жетекші  түрі,  сензитивті  кезең,  дағдарыс  кезеңі,  баланың 

тікелей  сезімдік  және  нақты  бейнелеу  арқылы  дүниетанымның  дамуы,  баланың 

шындықты  жанама  және  жалпылау  тәсілдері  арқылы  танымының  өсуі,  алты  және  жеті 

жастағы балаларды мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлау. 

 

Бақылауға арналған сұрақтар:  

1. Тұқымқуалаушылық және орта анықтамасын айтыңыз? 

2. Нәрестелік шақ қай жас кезеңдерді қамтиды? 

3. 1 жас шамасындағы сәби қандай іс-әрекеттер атқара алады? 

4. Бала бойынша «Мен» жүйесі қай жас аралығында қалыптасады? 

5. 3 жас дағдарысы дегеніміз не? 

6  Мектепке  дейінгі  кезеңде  баланың  қай  танымдық  процестері  жақсы  дамиды  ж2не  не 

себептен? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дәріс 14.  Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік жастағы 

психикалық даму ерекшеліктері 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:  

1.

 



Бастауыш мектеп кезеңдегі психикалық даму жағдайларының жалпы сипаттамасы. 

Оқу іс-әрекеті жетекші іс-әрекет ретінде.  

2.

 

Мектеп  жасындағы  ақыл-ой  дамуының  негізгі  қайнар  көзі  ретінде  оқытудың 



мазмұны.  

3.

 



Жеткіншектік  кезең.  Шетелдік  және  кеңестік  психологиядағы  жеткіншектік 

кезеңдегі «дағдарыс» ұғымы.  

4.

 

Пуберттаттық  кезеңдегі  ұлдар  мен  қыздардың  физикалық  жетілуі  мен 



жеткіншектердің бастан кешіретін қиыншылықтары.  

5.

 

Жасөспірімдік  шақ  немесе  ерте  жастық  шақ.  Жасөспірімдік  шақтағы 

психоәлеуметтік даму.  

 

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық дамуы 

 

Бастауыш  мектеп  жасын  балалықтың  шыңы  деп  атайды.  Бала  әлі  күнге  дейін 



балалықтың көп қасиеттерін сақтайды- жеңіл ойлау, аңқаулық. Оқу ол үшін- маңызды іс-

әрекет. 


 

7 жас дағдарысы

 

Бала  мектепке  6  жастан  барады  ма,  әлде  7  жастан  барады  ма  ол  өзінің  дамуының 



қандай да бір кезеңінде дағдарыстан өтеді. Мұндай дағдарыс 7 жаста немесе 6 жаста тіпті 

8 жаста болуы мүмкін. 

 

3  жас  дағдарысы  өзін  ұғынумен  байланысты  болды.  «Мен  өзім»  деген  сөзді 



қолданып  бала  әлемді  өзгертуге  ұмтылды.  Енді  ол  қоғамдық  қатынастар  әлемінде  өзінің 

орнын  ұғына  бастайды.  Ол  өзі  үшін  жаңа  әлеуметтік  позицияны-  оқушы  позициясын 

ашады. Л.И.Божовичтың ойынша 7 жас дағдарысы – бұл баланың әлеуметтік «Менінің» 

туылуы.Өзіндік  сана  сезімнің  өзгеруі  құндылықтарды  қайта  бағалауға  алып  келеді. 

Бұрын  мәнді  болған  нәрсесі  енді  қосалқы  болады,  ескі  қызығушылықтар  өзінің  оятушы 

күшін жоғалтады, олардың орнына басқа жаңа қызығушылықтар келеді.  

Бастауыш  мектеп  жасында  балада  оқу  жетекші  іс-әрекет  болып  табылады.  оның 

белгілі  бір  құрылымы  бар.Д.Б.Эльконин  бойынша  оқу  іс-әрекетінің  компоненттерін 

қарастырамыз. 

Бірінші компонент- мотивация. Оқу іс-әрекеті мотивтелген- ол итермелйді және түрлі оқу 

мотивімен  бағытталады.  Екінші  компонент-  оқу  тапсырмасы  яғни,  бала  орындау 

барысында әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеретін тапсырмалар жүйесі. Оқу операциялары 

әркеттер  тәсілдерінің  құрамына  кіреді.  Операциялар  және  оқу  тапсырмалары  оқу  іс-

әрекетінің  негізіг  буыны  болып  есептеледі.  Төртінші  компонент-  бақылау.  Алғашқыда 

балалардың  оқу  жұмысын  мұғалім  бақылайды.  Біртіндеп  олар  өздері  бақылай  бастайды. 

Бақылаудың соңғы кезеңі- бағалау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет