Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата07.01.2017
өлшемі0,57 Mb.
#1378
1   2   3   4   5   6   7

Мінез 

«Мінез»  гректің  «характер»  деген  сөзінен  шыққан.  Мағынасы-  із  қалдыру.  Мінез  - 

әрбір  адамның  жеке  басына  тән  өзіндік  психологиялық  қасиеттер  мен  ерекшеліктердің 

жиынтығы.  Мінездің  қасиеттері  мен  ерекшеліктері  әркімде  әр  қилы  жағдайда  байқалып, 

адамның  сол  жағдайларға  қатынасын  білдіреді.  Мінез  ерекшеліктері  -  адамның  даралық 


өзіндік  психикалық  қасиеттері.  Дегенмен,  адамның  бойындағы  ерекшеліктердің  бәрі 

бірдей,  мысалы,  естудің  нәзіктігі,  көздің  көргіштігі,  есте  сақтаудың  шапшаңдығы,  ақыл-

ойының тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайтынды.  

Мінезді  классификациялауға  алғаш  қадам  жасаған  Платон  болатын.  Ол  мінездің 

типологиясын  этикалық  принциптерге  сүйене  отырып  жасады.  Адам  мінезінің  даралық 

ерекшелік  екендігін  ғылым  тарихында  тұңғыш  рет  сипаттап  жазған  ертедегі  грек 

философы Теофраст (б.з.д. ІУ-ІІІ ғғ). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән 

қасиет  дейді.  Алғашқы  кезде  мінез  адамның  әлеуметік-адамгершілік  ерекшеліктерін 

білдірген.  

ХІХ  ғасырда  француз  ғалымы  А.  Бен  мінезді  тек  психологиялық  ерекшелік,  дара 

адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т. Рибо 

мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, орыс медигі әрі педагог П.Ф. Лесгафт ерік қасиеті 

деді.  

И.  Кант  (18  ғ)  мінезді  темпераментпен  салыстыра  отырып,  оны  адамда  жүре  пайда 



болатын  қасиет  деп  анықтады.  Сонымен  қатар  ол  адамның  даралық  қасиеттеріндегі  туа 

пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайа болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетті. Мінез 

жөніндегі осында йекі түрлі көзқарас әлі күнге өзара тартыс туғызып келеді.  

И.П.  Павлов  қандай  сигнал  жүйесінің  басым  екендігіне  орай  адам  мінезінің 

типтерін мынадай үш түрге бөледі:  

1.  Ойшыл  тип  –  бұл  негізінен  сөзбен  байланысты  екінші  сигнал  жүйесі  рефлекторлық 

қызметінің басымдылығы. 

2. Көркем тип - бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылылығы.  

3.  Орташа  тип  -  мұнда  екі  сигнал  жүйесінің  бір  де  бірі  басымдық  көрсете  алмайды. 

Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады.  



Мінездің  құрылымы  мен  қасиеттері.  Адам  мінезінің  құрылымы  әрқилы 

қасиеттердің  жиынтығынан  тұрады.  Дегенмен,  кейбір  мінез  ерекшеліктері  бір-біріне 

тәуелді,  өзара  байланысты  болып  келеді.  Мінездегі  осындай  әр  түрлі  қасиеттерден 

құрылған бір тұтас бірлікті мінез құрылымы дейді.  



Мінездегі  қасиеттер  жүйесі.  Психологияда  мінез  топтастырылып  мынадай  төрт 

түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады:  

1.  Мінездің  еңбекке  байланысты  қасиеттері:  еңбексүйгіштік,  адалдық,  жауапкершілікпен 

қарау, жалқаулық , немқұрайдылық т.б. 

2. Ұжымға, адамдарға қатысты ққасиеттері: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, 

асқақтық, менсінбеушілік. 

3.  Өзіне-өзінің  қатынасы:  өркөкіректік,  ,  даңғойлық,  тәкәппарлық,  мақтаншақтық, 

өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілдік.  

4.  Заттарға  қатысты:  ұқыптылық,  салддыр-салақтық,  заттарды  ұстап-тұтуы  мен 

ұқыпсыздығы.  



Мінездің  қалыптасу  заңдылықтары.  Мінездің  жекелеген  қасиеттері  адамзаттың 

сыртқы  ортамен  және  өзге  адамдармен  қарым-қатынасында  байқалады.  Адамның  өзінің 

материалдық  мұқтаждықтарын  қамтамассыз  етуі,  жұмыссыздығы  не  болмаса  болашаққа 

деген сенімділігі немесе сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік – мұның бәрі де адам мінезінде 

терең із қалдырады. Әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.  

Мінездің  өзіндік  ерекшеліктері  отбасында  қалыптасып,  дамиды.  Отбасындағы 

климаттық ахуал балалардың мінезінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.  

Қабілет 

Қабілет  деп  әр  адамның  белгілі  бір  іс-әрекет  түріне  икемділігін  айтады  немесе 

қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жүмысына байланысты адамның 

бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Қабілет 

мәселесін тереңнен талдаған Б.М. Теплов болды. Оның тұжырымдамасына сәйкес тума 

қасиет  қабілеттің  дамуына  негіз  болатын  анатомиялық  және  физиологиялық  ерекшелік 

— нышан. 


Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда 

түрліше  сипатта  өтеді.  Адамның  қандай  да  болмасын  белгілі  бір  іс-әрекет  түріне 

қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: 

1.

 



Іс-әрекетті тез өзгерту. 

2.

 



Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы. 

Егер  адам  өзге  адамдармен  салыстырғанда,  біріншіден

,

  қолға  алған  істі  қалайда 



болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, 

екіншіден,  белгілі  бір  деңгейде  жетістіктерге  жетсе,  оны  қабілетті  адам  дейді.  Сонда 

қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда 

түрліше керсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады? 



2 Нышан және қабілет 

Арнайы  жүргізілген  зерттеулердің  көпшілігі  адамның-қабілеті  ата  тегіне,  яғни 

тұқым  қуалау  факторына  байланысты  деген  көзқарасты  қолдайды.  Бұл  көзқарас 

бойынша, әр адамның қабілеті — оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет. 

Дегенмен,  қабілетті  адамда  тек  туа  пайда  болатын  қасиет  деген  дұрыс  емес. 

Себебі, қабілет—адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын 

нәрсе  —  қабілеттің  дамуына  негіз  болатын  анатомиялық  және  физиологиялық 

ерекшелік  —  нышан. Нышанның  табиғи негізі  —  жоғары  жүйке жүйесінің қызметтері, 

бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және 

олардың  алмасып  отыруы.  Ол  өмір  тәжірибесі,  тәлім-тәрбие  істері  нәтижесінде  үнемі 

дамып жетіледі. 

Нышан  —  мидың,  жүйке  жүйесінің,  талдағыштардың  адамдар  арасындағы 

табиғи  даралық  өзгешеліктерін  айыруға  себеп  болатын  тума  анатомиялық  және 

физиологиялық  ерекшеліктері.  Адамның  белгілі  бір  іс-әрекетті  орындауға  бейімді 

болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл Нышандар 

іс-әрекеттің  нәтижелі  болуының  толық  жағдайы  болып  саналмайды.  Ол  үшін  адам 

бойындағы  нышандарды  дер  көзінде  анықтап  алу  керек.  Содан  соң  оны  әр  алуан 

әрекет  үстінде  дамытып  отыруға  бейімделіп,  тәлім-тәрбие  арқылы  өрістете  түсу 

қажет. 

Қабілеттің даралық айырмашылығы. 

Адам  қабілетінің  даралық  ерекшеліктеріне  талант,  дарындылық,  данышпандық 

сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша 

қабілеттілігі,  өмірдің  қандай  да  бір  саласында  өзін  ерекше  қырынан  көрсетуі.  Мұны 

мынадан  айқынырақ  түсінуге  болады:  қазақ  даласында  өздерінің  ақындық,  әншілік, 

серілік  қасиеттерімен  танылған  Ақан  сері,  Біржан  сал,  Үкілі  Ыбырай,  Әсет,  Мәди 

тәрізді басқа да таланттардың есімдері осы көзге дейін ел есінде. 

Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант — адамның нақты 

бір  істі  нәтижелі  орындаудағы  қабілетінің  біршама  жағымды  қасиеттерінің  өзара 

байланысты  түрде  үндесуі.  Талантты  адам  өмірде  белгілі  бір  пайдалы  әрекетпен 

шұғылданады,  сол  бағытта  ірі  жетістіктерге  де  жетеді.  Соның  арқасында  оның  іс-

әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді. 

 

Бақылауға арналған сұрақтар: 

1. Темперамент анықтамасы ? 

2. Темпераменттің типтерін атаңыдар? 

3. Мінез дегеніміз не? 

4. Адам бойындағы жағымды және жағымсыз мінездерді атаңыз? 

5.Психологиядағы қабілет ұғымының анықтамасы? 

6. Қабілеттің жоғарғы формаларын атаңыз? 

 

 



 

Дәріс 10. Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1.

 



Даму психологиясының  пәні, мәселелері мен әдістері. 

2.

 



Даму психологиясының мақсаты мен міндеттері.  

3.

 



Даму психологиясы мен жасерекшелік психологиясының өзара байланысы  

4.

 



Пісіп-жетілу, қалыптасу, даму, жас түсінігі. 

Даму  психологиясы-  адамның  индивидуалды  өмір  барысында  психикалық  даму 

динамикасын  және  заңдылықтарын  зерттейтін  психология  бөлімі.Адамның  психикалық 

процесін әртүрлі жағынан сипаттау үшін негізгі төрт категория қолданылады: даму, пісіп 

жетілу, өсу және қалыптасу.Даму барысында адам  мінез-құлқы мен психикасың сандық, 

сапалық  құрылымдық  қайта  құрылуын  туғызатын  заңды  өзгерістері  мен  бағыттары 

қайталанбас процесс ретінде түсіндіріледі. 



Бағыттылық  –  дамудың  ішкі  өзара  байланысты  жолына  алып  келетін  қабілет 

жүйесі.Дамудың бағыттылығы жүйелік принципі мен түсіндіріледі. 



Заңдылық-  әр  адамдағы  бір  типті  өзгерістерді  қайта  жаңғырта  алып  келетін 

қабілет  жүйесі.Бұл  жүйеге  үлгі  болып  «индивид-  орта»  қарым-қатынасы,  генетикалдық 

психологияда; «бала- ересек» жүйесі жатады. 

Пісіп-жетілу  –  адамның  индивидуалды  қасиетіне  тәуелді  процесс;  организмнің 

сыртқы  түрінің  генетикалық  бағдарланған  жүйесінің  өзгерісі  ғана  емес,  оның 

қиыншылығын, интеграциясын, ұйымдастыруын және функциясынан туатын процесс

Өсу  –  пісіп-жетілу  кезіндегі  сол  және  басқа  функциялардың  сандық  өзгеру 

процесі.Егер даму барысында сапалық өзгерістер болмаса- бұл өсу (Д.Б.Эльконин) 

«Даму»,  «пісіп  жетілу»,  «өсу»  түсініктері  даму  теориясында  сол  немсе  басқа  даму 

категориясында  методологиялық  позициясына  байланысты  арақатынасы  әртүрлі  болуы 

мүмкін.Кейбір  теорияларда  оны  (мысалы:  пісіп-жетілудің  спиралды  теориясы  А.Гезелл: 

пісіп-жетілу- даму).Ал келесісінде дамуды пісіп-жетілуге қарсы қояды (әлеуметтік үйрету 

теориясы  А.Бандура,  тарихи-  мәдени  теория  Л.С.Выготский).Егер  пісіп-жетілу  мен  өсу 

тұқым-қуалаушылық  және  қоршаған  орта  факторларына  негізделген  болса,  ал  қалыптың 

көп  жағдайда  адамның  өзін-өзі  дамыту  факторымен  анықталады.Психологияда  дамудың 

келесі формаларын бөліп шығарады: онтогенез және филогенез . 



Онтогенез  (грек.  онтос-  тіршілік  және  генезис  шығу  тегі,  пайда  болу)-  жеке 

организмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейін даму процесі 



Филогенез  (грек.-түр  туыс  және  шығу  тегі)-организмдер  топтарының  тарихи 

тұрғыдан  қалыптасуы  организмнің  тарихи  дамуы  органикалық  дүниенің  әр  түрлі  тип, 

класс,  отряд,  туыс  және  түрлердің  эволюциясы.Жеке  дара  даму  –  онтогенез  бен  тарихи 

даму- .филогенез тірі табиғаттың бір тұтас дамуының ажырамас қырлары болып саналады 

және бір-біріне өзара әсер етеді. 

Даму аймағы: Даму аймағы- дамып жатқандықты көрсетеді. Даму аймағы:  

- психофизикалық (адам денесінің сыртқы және ішкі өзгерістері); 

- психосоциолды (эмоционалды және  тұлғалық өзгерістер, «Мен»  концепциясы мен 

өзіндік сананың қалыптасуы; 

- танымдық (ақыл-ой қабілетінің, интеллектінің, танымдық процестердің дамуы;  

Психикалық  даму  мақсаты:  Адам  даму  психикалық  дамудың  мақсаттына 

қойылатын  бағыттылықты  меңгереді.Даму  мақсатын  түсіну  көптеген  концепцияларда 

әртүрлі.Даму  мақсатының  сапасы  ретінде  адамның  өз  жеке  күйзелістерін  сезіну,  бала 

әлеуметтенуі  және  жоғары  психикалық  функциясы  (Л.С.Выготский),  мінез-құлық 

автономиясы,  ата-ана  жанұясынан  бөлектену  (әлеуметтік  үйрену  теориясы),  өзін-өзі 

жетілдіру,  актуализация  (А.Маслоу,  К.Роджерс),  мәдениет  құндылықтарын  және 

тармақтарын 

меңгеру 


(мәдениеттену 

М.Мид, 


Дж.Брунер, 

Л.С.Выготский) 

қарастырылады.Психикалық  даму  факторы-  оның  барлық  жүрісіндегі  шартталған 

себептері.Олардың тұқымқуалаушылық, орта, тұлға белсенділігі жатады. 



Тұқымқуалаушылық  –ата-анасынан  ұрпақтарынан  қандай  да  бір  белгілердің, 

ерекшеліктердің  бірілуі.  Тұқымқуалаушылықтың  материалдық  тасымалдаушылары 

гендер-  молекулалары  организмнің  барлық  клеткаларының  хромосомаларында  бар 

дезоксирибонуклеин  қышқылдарының  бөліктері  болып  табылады.  Тұқымқкалаушылық 

генотип  және  фенотипі  бөліп  көрсетеді.Гендер-  қазіргі  кезде  ерлер  мен  әйелдердің 

арасындағы  ұқсастық  пен  айырмашылықтарды,  олардың  әлеуметтік  рөлдерін  және  т.б. 

талдаған  кезде  қолданылатын  термин.Генетика-  (грек.генетикос-туылуға,  шығу  тегіне 

байланысты)- организмнің өзгергіштігі мен тұқымқуалаушылық заңдары туралы ғылым. 

 

генотип  –барлық  гендердің,  организмнің  генетикалық  конституциясының 



жиынтығы  (адамның  тарихи  өткені  туралы  ақпараттан  тұрады,  генотип  адамды 

дараландырады:  генотиптің  потенциялды  сандық  варианты  3  х10,  ал  жер  бетіндегі 

тұратын адамның саны 7х10). 

 



фенотип-  онтогенезде  генотиптің  сыртқы  ортамен  біріккен  іс-әрекеті  барысында 

дамыған барлық белгілер мен негізгі қасиеттерінің жиынтығы. 

 

Орта  –  адамның  өмір  сүруі  үшін  қоршап  тұрған  материалды  қалыптастыруына 



әсері,Л.Эрманның,  П.Парсонстың  (1984)  зерттеулерінде  генотиптің  организмнің 

қасиеттеріне (салмағы, бойы, вербалды емес интеллект тұрақты әсері көрсетіледі. 

 

Тұлға  белсенділігі,  субъективтілік  (Н.А.Бернштейт,  С.Л.Рубенштейн,  А.В. 



Брушлинский,  К.Роджерс,  А.Маслоу  т.б.).Адам  тек  шынайы-  табиғи  (табиғи- 

социомәдениетті)  жарытылса  емес,  сонымен  бірге  жоғары-  шынайы  В.И.Слободгинов. 

Осыған орай даму категориясы бір мезетте өзіне үш өзіндік процесті біріктіреді. 

 



пісіп жетілу және өсу- заңдылықтарының шығу себептерінің тұтастығы ретінде. 

 



қалыптастыру- дайындау (форманы табу) және өзін жетілдіру ретінде (мәдениетте 

көрсетілген  дамыған  үлгіні  табу);  социомәдениет  мақсатын  және  нәтижесінің  қоғамдағы 

мәнінің тұтастығы ретінде. 

 



қайта  құрылу-  негізгі  өмірлік  вектордың  ауыстыру  және  өзін-өзі  дамыту 

ретінде.Тұлға  ұғымы-  отандық  психологиядағы  негізгі  ұғымдардың  бірі,  ал  оқу-тәрбие 

процесінің ізгілендіруіне орай педагогикада да жиі қолданылатын санатқа айналды.Тұлға-

дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше 

әдәсә, адамның қоғамдық өмірінің дара нысыны. 

Жас  түсінігі  нақты  даму  теориясынан  және  оның  кезеңдерінің  принциптерінен 

бөліп шығарылады.Әдетте төмендегідей болып бөлінеді: 

1.Нәрестелік (0-1 жас); 

2.Ерте сәбилік шақ (1-3 ж); 

3.Мектепке дейінгі жас (3-6- 7 ж); 

4.Кіші мектеп жасы (6- 7-11- 12 ж); 

5.Ересектік балалық пен жігіттік аралығы (11 - 12-15 - 17 ж); 

6. Балаң жас (15 - 17-19 - 20); 

7.Ерте жастық шақ (19 - 20-25 - 40); 

8.Ортақ жастық шақ (кемел жас) (25\40-55\60ж); 

9.Кәрілік кезең (жоғары 55\60); 

Жас  кезеңдеріне  сәйкес  даму  психологиясының  мынандай  бөлімдері  бөліп 

көрсетіледі:  құрсақтағы  даму,  мектепке  дейінгі,  кіші  мектеп,  жасөспірім,  жастық, 

ересектік  (акмеология)  геронтопсихология.Психологиялық  жаспен  қатар  биологиялық 

болып әлеуметтік, фихикалық болып бөлінеді. 

Психикалық  даму  заңдылықтары:  теңсіздік  жеке  психикалық  функциялардың, 

процестердің,  қасиеттердің  дамудағы  бірдей  еместігі,  тұрақсыздығы,  оның  өзгермелі 

сипаты.Индивид  дамуына  келесі  стадиялар  қарасырылады:  жоғарлау,  құлдырау, 

тұрақтыландыру кезеңі. 

- гетерохронстылық- органдар мен функциялардың даму фазасы уақытындағы сәйкес 

келмеушілік, әр уақыттылық, асинхрондылық (Л.С.Выготский) 

-даму тұрақсыздығы- дамудағы дағдарыстар кезіңде көрінеді. 


-  даму  сензитивтілігі.  Дамудағы  сензитивтілік  кезең-  сыртқы  әсерлерді  психикалық 

функциялардың тым әсерлі қабылдау кезеңі деп аталады (оқыту және тәрбиелеу). 

Даму кумулятивтілігі - әр кезеңінде даму нәтижесі келесі болатын іс-әрекетті қосып 

отырады, яғни белгілі бір жағдайды тасымалдайды.Мысалы: көрнекті іс-әрекеті, ойлаудан 

көрнекті бейнелі және сөздік логикалық ойлауға көшу процесі сияқты. 

 

Даму  психологиясының  пәні  –  жас  пен  жастық  өзгерістер  зерттеу  пәні.  Ғылыми 



пәні – оның негізгі мәселелерін анықтайды. Даму психологиясы үшін олар:  

-

 



адамның психикасының дамуының фактор мәселесі

-

 



даму критерийлерінің мәселесі; 

-

 



даму ерекшеліктерін зерттеу әдістер мәселесі; 

-

 



баланың жалпы психикалық дамуындағы ақыл-ой және тұлғалық өзгерістерінің ара-

қатынас мәселесі; 

-

 

даму процесінің педагогикалық фасилитация мәселесі. 



 

Бақылауға арналған сұрақтар: 

1.

 



Даму психологиясының мақсаты мен міндеттерін атаңыз? 

2.

 



Даму психологиясында қолданылатын зерттеу әдіс-тәсілдерін атаңыз? 

3.

 



Даму  психологиясы  мен  жасерекшелік  психологиясының  өзара  байланысын 

атаңыз?  

4.

 

Пісіп-жетілу, қалыптасу, даму, жас үғымдарының анықтамасы?. 



5.

 

Тұқымқуалаушылық, орта, фенотип, генотип анықтамаларын айтыңыз? 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 11. Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1.

 



Даму: кезеңдер, теориялар, заңдар мен заңдылықтар. 

2.

 



Биогенетикалық  тұрғы.  Әлеуметтік-генетикалық  тұрғы.  Психикалық  даму 

жөніндегі психоанализ.  

3.

 

Баланың психикалық дамуының факторлары, механизмдері мен заңдылықтары.  



4.

 

Бала дамуының әлеуметтік жағдаяты. 



 

Даму  дегеніміз  өзгерілудің  бір  түрі.  Даму  деген  ұғымды  көпшілік  әдебиеттерде 

қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.  

Психологияда  көптеген  теориялар  жас  ерекшеліктерінің  психикалық  дамуын 

түрліше  түсіндіреді.  Оларды  екі  үлкен  бағытқа  бөлуге  болады-  биологизаторлық  және 

социологизаторлық. Биологизаторлық бағытта адамды табиғаттан белгілі бір қабілеттерін, 

мінез  қырларын,  мінез-құлық  формасы  берілетін  биологиялық  тіршілік  иесі  деп 

қарастырады.  Тұқымқуалаушылық  оның  барлық  дамуын-  оның  темпін,  тез  немесе 

ақырын, оның шегін – дарындылығын анықтайды. 

 

Биологизаторлық  бағытта  рекапитуляция  теориясы  пайда  болды.  Оның  негізгі 



идеясы эмбриологиямен байланысты. Эмбрион ( адам ұрығы) өзінің ішкі дамуында адамға 

дейінгі  организмнің  дамуын  қайталайды.  Айлық  ұрықта  омыртқалылар  типінің  өкілін 

көруге  болады-оның  басы  және  құйрығы  болады;  екі  айда  адам  түріне  келе  бастайды, 

оның құйрығы қысқарып, саусақтар шыға бастайды; 4 айдың соңында эмбрионда адамның 

беті пайда болады. 

ХІХ ғ Э.Геккел онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген,- заң қалыптастырды 

 

Жас  ерекшелік  психологиясына  енген  биогенетикалық  заң  психикалық  дамуын 



биологиялық  эволюцияның  негізгі  сатыларын  және  адамның  мәдени-тарихи  кезеңдерін 

қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді. 

 

Сонымен,  тұқымқаулаушы  және  әлеуметтік  әсерлердің  бірлігі-бұл  үнемі  болатын 



құбылыс емес, ол ажыратылған, даму процесінде өзгерістерге ұшырайды. 

Даму  процесі  қалай  жүреді,  оның  ерекшеліктері  қандай?  Л.С.Выготский  бала  дамуының 

төрт негізгі заңдылығын бөліп өрсетті. 

1.

 



Циклділік 

2.

 



Дамудың бірқалыпты еместігі 

3.

 



Бала дамуындағы метаморфоздар 

4.

 



Бала дамуындағы эволюция және инволюция процестерінің байланысы. 

Жас  ерекшелік  даму  кезеңдеріне  байланысты  әр  түрлі  сол  жас  кезеңдеріне  тән 

психикалық  қасиеттер  қалыптасады,  сондықтан  сол  қасиеттерге  сүйене  оырып  жас 

кезеңдеріне топтастырады. 

Туғаннан  1  жасқа  дейінгі  кезең-  нәресте  жас  кезеңі.  Нәресте  жасы  екі  кезеңге 

бөлінеді:  

а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін); 

б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін); 

1-ден  3  жасқа  дейінгі  кез  -  сәбилік  кезең  деп  аталады.  Бұл  кезде  баланың  тілі  шығып, 

денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.  

3-тен  7  жасқа  дейінгі  кез  -  мектепке  дейінгі  кезең.  Бұл  кезеңде  қарапайым  әрекеттің 

түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады. 

8-ден 11 жасқа дейінгі кез - бастауыш мектеп жасы деп аталады.  

11-15  жас  -  жеткіншектік  жас  кезеңі  деп  аталады.  Бұл  кезде  балада  психологиялық 

жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын 

кезең деп те атайды. 16-17 жас жасөспірімдік кезең деп аталады. 

20-30 жас жастық кезең деп аталады. 

30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады. 



Кәрілік кезең және қартаю 60-70 жас аралықтарын қамтиды. 

Әрбір  жас  кезеңінде  адамда  белгілі  іс-әрекет  жетекші  рөл  атақарады.  Іс-әрекеттің 

әр  түрлері  дамуға  әр  түрлі  әсер  етеді.  Әр  кезеңде  болатын,  тұлғаның  және  психикалық 

функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекетермен қамтылған. 

А.Н.Леонтьев  жетекші  іс-әрекеттің  үш  белгісін  көрсетті.  Біріншіден,  жетекші  іс-

әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала 

ойнай  отырып  үйренеді:  рөлдік  ойында  мектепке  дейінгі  балада  оқудың  элементтері 

қалыптасады.  Екіншіден,  жетекші  іс-әрекетте  арнайы  психикалық  функциялар 

қалыптасады.  Мысалы,  ойында  шығармашылық  қиял  пайда  болады.  Үшіншіден,  осы 

уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді. 

 

Әр  даму  кезеңдерін  өткен  сайын,  бір  жастан  екінші  жасқа  көшу  барысында  адам 



үлкен  дағдарыстарға  ұшырайды.  Дағдарыс  –  қалыпты  емес,  «ауытқушылық»  құбылысы, 

дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. 

Дағдарыстық 

және 


стабильді 

кезеңдер 

кезектеседі. 

Сондықтан 

да 

Л.С.Выготскийдің  жас  ерекшелік  кезеңі  келесі  сипатқа  ие:  жаңа  туылу  дағдарысы- 



нәрестелік  жас  (2  ай-1  жас)-  1  жас  дағдарысы-  ерте  балалық  шақ  (1-3жас)-  3  жас 

дағдарысы- мектепке дейінгі жас (3-7 жас)- 7 жас дағдарысы- мектеп жасы (7-13 жас) – 13 

жас дағдарысы- пубертатты жас (13-17 жас)- 17 жас дағдарысы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет