Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз – адам денсаулығын сақтау мен нығайту және деденің дұрыс дамып, қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты – салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері: – денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;
– табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;
– дене шынықтырумен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;
– табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа);
– ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
– гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай құра алу қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және еңбекте, қоғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: – эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
– эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;
– ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
– шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
– эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
– адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;
– өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту.
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік. Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бақытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Тұлғаның қоғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзін-өзі тәрбиелеу субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.