Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: Адамның өзі өмір сүретін қоғамындағы объектілік және субъектілік рөлін ажыратып түсіндіріңіз.
Әлеуметтендiру процесiнiң құрбаны дегендi қалай түсiндiресiз?Қандай ішкі қайшылықтар адамды әлеуметтенудің құрбаны болуға итермелейді.
Әлеуметтендiру процесiне әсер етушi факторларды атаңыз.
Тұлғаның әлеуметтену процесiндегi ұлттық менталитеттiң алатын орны қандай? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
Діни түсініктердің адамның қоғамдық талаптарға сай бейімделуі мен әлеуметтенуіне ықпалын түсіндіріңіз.
Діни түсініктердегі қарым-қатынастың қоғамдық қатынастар талаптарына сай келуіне салыстырмалы сипаттама жасаңыз.
Дiни тәрбиенiң деңгейлеріне салыстырмалы талдау жасай отырып, қазіргі қоғамдағы баланы әлеуметтендіру үрдісінде басым көрінетін құбылысын сипаттап көрсетіңіз.
№ 3
дәріс
Көру қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайы
Дамуында басқа бұзылуы жоқ зағип және нашар көретін балалар МЖБС талаптарына сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жалпы білім беретін мектептерде білім алады. Көру қабілеті бұзылған балалар жалпы білім беретін мектептердің арнайы немесе жалпы сыныптарында оқи алады(психологтік-педагогикалық мамандардың түзету қолдауымен және қамқор педагогикалық тәртіптемеде).
Ақыл-ой кемістігі бар зағип және нашар көретін балаларды оқыту арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, алайда, көруінде кемістігі бар балаларға арналған қосымша түзету бөліктері қарастырылуы қажет. Психикалық дамуы тежелген зағип және нашар көретін балаларды оқыту психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту талаптарына сәйкес жүргізіледі алайда, көруінде кемістігі бар балаларға арналған қосымша түзету сабақтары қарастырылуы қажет. Ауыр ауру түрлерімен ауыратын зағип балаларды дәргерлердің ұсынымдамасын есеріп ПМПК бекітуі бойынша дербес бағдарламамен оқушылар ұжымымен ішінара кіріктіріліп үйде оқыту ұйымдастырылады. Кіріктірілу деңгейі және оның формасы оқушының денсаулығына қарай анықталады.Дербес үйде оқыту мектеп жағдайында арнайы мамандардың, техникалық және отбасылық жағдайға байланысты жүзеге асады.
Көру қабілеті бұзылған оқушылардың арнайы сынып жағдайындағы мектептегі білім беру ұзақтығы:
а) зағип оқушылар:
бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар; - негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар; - жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар. б) нашар көретін балалар:
бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар; - негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар; - жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Әрбір білім беру деңгейінде білім алушыларды жалпы сыныптарға ауыстыру мүмкіндігі бар.
в) Күрделі бұзылуы бар зағип және нашар көретін балаларды (Психикалық дамуы тежелген, ақыл-ой кемістігі) арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Зағип және нашар көретін оқушыларды оқыту түзету кешендері енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді бағдарламалармен оқытылады.Жалпы білім беретін бағдарламаларға білім алушылардың даму ерекшелігіне байланысты өзгеріс енгізіледі (бейнелеу өнері, сызу, деншынықтыру, еңбек). Негізгі орта білім беру деңгейіндегі жалпы білім беретін бағдарламаның мазмұны оқудың 1 жылға ұзартылуына байланысты қайта бөлінеді, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып өңделеді. Зағип оқушылар үшіноқу процесінде жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын Брайлдің рельефті-нүкте шрифтісімен басылып шыққан оқулықтар, оқу құралдары және әдебиеттер қолданылады. Нашар көретін оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын ірі шрифтімен басылған және арнайы жаңартылған суреттермен, көріп қабылдауға қолжетімді оқулықтармен оқытылады.
Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:
оқығанда, жазғанда, сурет салғанда сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар;
балаларға арналған қосымша құрылғылар (Брайл жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған машинкалар , рельефті суретке арналған «Школьник», оптикалық құралдары – лупа, линзалар, телескоптік құралдар–офтальмологтің ұсынымдамасы бойынша және басқалар );
тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші);
көруді қорғау талаптарына жауап беретін арнайы оқу құралдары
арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер.
Жалпы білім беретін пәндерді арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы, түзету кезеңінің пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу, сонымен қатар, техникалық құралдар және арнайы көрнекіліктер пайдаланылып дербес және топтық сабақтар өткізу түзетуге бағытталады.