Әлеуметтендiру, әлеуметтiк оқу мен әлеуметтік тәрбие, әлеуметтiк бейiмделу және т.б. ұғымдарға сипаттама берiңiз.
Тәрбие мен әлеуметтендiру түсiнiктерiнiң өзара арақатынасына талдау жасаңыз.
Әлеуметтiк педагогика өз дамуында педагогика ғылымының басқа қандай салаларымен және басқа қандай ғылымдармен байланысады.
Әлеуметтiк тәрбиенiң әлеуметтендiру процесiнiң құрамдас бөлiгi екендiгiн дәлелдеңiз.
1
№ 4
дәріс
Көру қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім берудегі қиыншылықтарды шешу жолдары
Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті.
Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге ықпал ететін фактор – оқытушылар. Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым және түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, әрі тиімді болар еді.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім процесінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
1
№ 5
дәріс
Көру мүмкіндігі шектеулі балалардың музыкалық – ырғақтық сезіну және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім процесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат болып табылады. Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеумен айналысатын тәжірибеден өткен көптеген мекемелер үшін «ерекше балаларды» қоғамға біріктіру жүйесінің ары қарай дамуының ғылыми іргетасының қалануы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл жерде мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің алғашқы сатыларының аспектілері қызығушылық тудырады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның көзқарасы өзгерген сайын оларды әлеуметке бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда. Мұндай ілгерілеу процестері мүгедек балаларды қоғамға және білім ордасына біріктіру, яғни интеграциялау қажеттілігімен сипатталады. Бұл процестер төңірегінде арнайы білім беру саласының мамандары үшін де мүмкіндігі шектеулі тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу, оны қоғамға араластыруда жауапты міндеттер жүктеп отыр.
Бала дамуындағы психофизикалық дамудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды да жан-жақты дамыту мен қалыптастыру, оларға мүмкіндігінше дұрыс тәрбие берудің қажеттілігі ғылыми түрде дәлелденген.
Дамуында кемшілігі бар балалар категориясындағы көру қабілетінен айырылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жеке ерекшеліктерін ескерсек, олардың бойындағы кемшіліктерді компенсациялауда есту қызметі арқылы, сипап сезу, дәм сезу, иіс сезу арқылы кеңістікті бағдарлау қабілеті қалыптасып, сезіне алу мүмкіндіктері туады.
Көру кемістігі бар балалардың ішкі дүниесінде заттың кейіпін құрауда, затты қашықтықтан қабылдауға мүмкіндік беретін естудің орны маңызды. Дыбысты қашықтан қабыдай алу - ерекше құндылық. Есту анализаторының көмегімен алынған ақпаратты санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды. Есту анализаторларының қызметі көру анализаторларының орнын басады. Жалпы алғанда, көру қабілеті бұзылған балалар үшін есту қабілетінің маңызы ерекше. Ол заттардың өзара қатынасынан шыққан дыбысты белгі ретінде алдын ала пайдалануға мүмкіндік береді. Дыбыс затқа байланысты және қимылға байланысты белгіге айналғанда көру қабілеті бұзылғандардың әлеуметтік ортадағы ісі дәл, анық болады.
Дыбысты қашықтықтан қабылдау кеңістікті бағдарлауға, уақыттың қатысын анықтауға мүмкіндік береді және жаңа заттың пайда болғаны туралы, қозғалысты іс-әрекеттің өзгергені туралы алдын-ала белгі береді.
Көретін жандарға қарағанда көру қабілеті бұзылғандардың өмірінде және іс-әрекетінде естудің маңызы өте жоғары. Көру қабілеті бұзылған адамдар дауыс ырғағы интонациясына, қатты немесе жәй сөйлеуіне қарап, бөгде адамдарды тани алады, оның көңіл-күйін, мінезін, қоршаған ортаға көзқарасын, адамның психикалық хал-ақуалын анық біледі.
Тифлопсихология тарихында Д.Дидро, Клейн, Н.Дюфо «Көру мүмкіндігі шектеулі адамдың есту қабілетінің артуы, жоғалған көру қабілетінің өтемі болып табылады» - деп атап көрсеткен. Күнделікті тәжірибемізде көріп жүргендей есту арқылы кеңістікті бағдарлауда олардың дыбысты, шуды, дыбыс шығарып тұрған жерді, дыбыс толқындарының бағытын ажырата білуді талап етеді. Сондықтан да түрлі іс-әрекетті орындау барысында есту қабілетін жиі пайдаланатындардың есту сезімталдығы арта түседі.
1
№ 6
дәріс
Көру қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтендіру.
Баланы ересектер әлемінде өмір сүруге, еңбек етуге дайындау, қоғамның тыныс-тіршілігімен біте қайнасып кетуіне қажет барлық машық-дағдыларын қалыптастыру– бұлар адамзаттың алдыңғы ұрпақ тәжірибесін келесі ұрпаққа беруі қажет екендігін түсінген уақыттан бастап көкейтесті болып келе жатқан міндеті.
Психолог және педагог мамандар дәлелдегендей, тұлғаның қалыптасу процесі күрделі және көп қырлы.
Балаларды әлеуметтік ақиқатқа баулу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым олардың қоршаған ортада бағдарлауы да, өмірге бейімделуі де жеңіл болады.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі кезде және бастауыш сыныптарда жіберілген мүмкіндіктердің орнын толтыру жүзеге аспайды немесе қиындық туғызады.
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесі олардың қоғамда өмір сүруге, еңбек етуге әлеуметтік тұрғыдан бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік-тұрмыстық біліктіліктің қалыптасуы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және технология сабақтарында жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және технология сабақтары үшін бөлінген уақыт, негізінен, балаларды тек әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыдағы базалық мәліметтермен таныстыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және технология сабақтарында қалыптастырылған машық-дағдыларды бекітуге, өмірде қолдануға үйрету ісіне тәрбиешілер, ұстаздар, ата-аналардың қатысуы маңызды.
Қоғамда әлеуметтене алуы үшін көру қабілеті бұзылған балалардың қалыпты көретін балалармен тең дәрежеде игеруі тиіс әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлаудың машық-дағдылары мынадай:қоршаған ортада бағдарлай алу, өз-өзіне қызмет көрсете білу, еңбек әрекеттерін тез және дәл орындау, еңбек міндеттерін орындауға ұмтылу, үлкендермен және құрбы-құрдастарымен қалыпты қарым-қатынаста болу, ересектердің еңбек қызметіне қызығушылық таныту, мамандықтардың әр алуандығы туралы айқын түсініктерінің болуы, күнделікті өмірде еңбексүйгіштік қасиеттер танытуы, еңбек нәтижелеріне деген дұрыс көзқарас, адалдық, шыншылдық. Нақты айтқанда, көру қабілеті бұзылған балалар өз бойларындағы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлаудың қалыптасқан машық-дағдыларын өмірдің қойып отырған талаптарына, кез келген өзгерістеріне, жаңа жағдайларына сәйкес қолдануға дайын болуы тиіс.
Көру қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтендіру мәселесін В.П. Гудонис, В.З. Денискина, А.Г. Литвак, Г.В. Никулина, Л.И. Плаксина,
Л.И. Солнцева, В.А. Феоктистова, Л.В. Фомичева және т.б. тифлопедагог мамандар зерттеген.
Олар осы санаттағы балалардың әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды игеруіне әсер ететін ерекшеліктерді анықтады.
Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау дағдыларын қалыптастыру әр түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Үлгі ретінде солардың біреуіне тоқталайық.
Көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, олардың бойындағы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша қажетті дағдылардың қалыптасу тиімділігі көбіне заттар туралы нақты елестетулеріне, маңызды және жеңіл-желпі белгілерді бөлу икемділіктеріне тәуелді.
Сондықтан да түзету сабақтарында және күнделікті қызметте тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар балаларды әр түрлі материалдардан жасалған заттардың атымен, олардың сапасымен таныстыруға аса назар аударулары қажет.
Затты тұтас елестетуді қалыптастыруды алгоритмдеу негізінде жүзеге асыруға болады. Алгоритм бірнеше бірізді кезеңдерден құралады: тұтастай затты қарастыру, ерекше белгілерді анықтау (түсі, пішіні, көлемі), тұтас бүкіл затты қайта қарастыру, заттың қажеттілігін анықтау және атау.
Заттық елестетулері жоғары деңгейде қалыптасқан балалар үшін мынадай түрдегі тапсырмалар мен жаттығулар қолдануға болады: сақтаулы анализаторларға сүйеніп, заттың қандай материалдардан жасалғанын анықтау, ол туралы әңгіме құрау, жұмбақ құрастыру, жалпы және айырмашылық белгілері бойынша салыстыру.
Берілген тапсырмалар мен жаттығуларды іске асыру мақсатында ойын әдістері мен амалдарды қолдануға болады. Мысалы: «Киім дүкені» атты сюжет-рөлдік ойыны, «Дәміне қарап тап», «Затты жұмбақтап айт» дидактикалық ойындары.
Заттық елестетулері орташа деңгейде қалыптасқан балалар үшін маңызды және жеңіл-желпі белгілерді бөлуге, заттарды дәйекті тексеруге, зат туралы жұмбақтарды құрастыруға, айырмашылық белгілері бойынша салыстыруға аса назар аударылатын тапсырмалар мен жаттығуларды ұсынуға болады.
Заттық елестетулері төмен деңгейде қалыптасқан балалар үшін мақсатқа сәйкес заттардың аттарын сөйлетуге, белгіленген белгілерді дауыстап айту мен заттарды тексерудің алгоритмін пайдалануға, жалпы белгілері бойынша салыстыруға арналған тапсырмалар мен жаттығуларды пайдалану тиімді.
Сол мақсатта мынадай тапсырмаларды қолдануға болады: «Шешімін тап және ата», «Танып біл және сипатта», «Артығын алып таста және түсіндір», «Бөлшектерден жина және не құрастырғаныңды ата» және тағы да басқалары.
Сонымен, тифлопедагог мамандар шығармашылық танытуы тиісті жұмыстар мынадай:біріншіден, балаларға білім берген кезде жалпы және арнаулы педагогикада бұрыннан белгілі әдіс-тәсілдерді қолдану; екіншіден, тәрбиеленушілердің әлеуметтік тәжірибесін байыту мақсатында жаңа тиімді әдіс-тәсілдерді іздеу.
Балаларды әлеуметтендіру және олардың бойларында әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы сабақтарды ұйымдастырып, өткізетін маманның өзі шәкірттерінің оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатындығына сенімді болуы, ең алдымен тәрбиеленушілерді жақсы көруі керек. Сонымен қатар, ұстаздың педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейде болуы тиіс.
1
№ 7
дәріс
Әлеуметтік педагог қызметкерінің мүмкіншілігі шектеулі
балаларды тәрбиелеуде алатын орны
Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеттері
Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиеленуі
Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты
Әлеуметтік қызметкердің мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына ұсыныстары
Арнайы түзету мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің бағыттары
Түзету мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық көмек қызметінің принциптері
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңның 4 Тарауында кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға құқығын бекітті.
«Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23 бапта белгіленген.
«Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы стандартты ережелер» (БҰҰ), мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екені айтылған. Бұл құқықтық құжатта мүмкіндіктерінің түріне қарай мемлекетімізде арнайы стратегиялар, ақпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі жайлы бекітілген.
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі. Осы орайда әлеуметтік қызметкердің міндеті кеміс балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым - қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу.
1
№ 8
дәріс
Білім беру мекемесіндегі әлеуметтік педагог жұмысының технологиясы
Әлеуметтік - педагогикалық жұмыстың мектептегі ұжымы.
Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік - педагогикалық жұмысы
Әлеуметтік - педагогикалық жұмыстың мазмұны
Мектеп психологының қызметі, міндеттері
Әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы (1992) бекітті, яғни жеке адамға тәрбие және білім беретін процес білім беретін мекеменің қызметі.Мұндай қызмет жеке оқушыға деген үлкен ықыласты, оның әлеуметтік мәселесін талап етеді, сонымен қатар білім беретін мекеме қызметі көп жоспарлы сипатқа жүктелген. Солардың арасында адамның әлеуметтік - пеагогикалық мәселелерінің ерекше қажеттілігі, оның тәлім - тәрбиесінің жеке мерзімді мүмкіндігі шешіледі және мұғаліммен, сыныппен қарым - қатынасы және жеке топтармен және жеке сыныппен, мектеппен, отбасымен тікелей қарым - қатынасы шешіледі.
Отандық мектеп, оқушылардың әлеуметтік мәселелерінің тәжірбиесін шеше алады.Бұл ең алдымен сынып жетекшінің қызметі, онымен қатар әлеуметтік - пеагогикаға және әлеуметтік қызметкерлерге жиі тапсырылады.
Елдегі қызмет өзгерді, мұғалімдермен қарым - қатынас өзгерді, жаңа қызметте әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа, тиімді жолы пайда болды, яғни кәсіптік жолы. Бұл қызметте қажеттілік пайда болды, яғни арнай мектептегі әлеуметтік қызмет.
Мұндай қызметте не болуы мүмкін?