Естiң түрлерiн жiктеуiнде белсендiлiкке, мақсаттың бар немесе жоқ болуына, негiзгi психикалық әрекеттiң сипатына, есте сақтау мерзiмiне орай келесi түрлерi болады.
1. Ерiктiжәне ерiксiз ес түрлерi. Сонда, белгiлi мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтауды мен жаңғыртуды, ерiксiз ес деп атайды. Ерiксiз ес көбiнесе балаларда балалық шағында кездеседi бiрақ өсе жоғалып кетпейдi. Мысалы, жаңадан әсер еткен, қызықтырған бейнелер, адам арнайы мақсат қоймасада, ерiксiз есте қалып отырады.
Мақсат қойып, арнайы әрекеттердi қолданып жатып есте сақтағанды ерiктi ес деп атайды. Адамға қажеттi деп тапқан нәрселердi еске сақтау үшiн арнайы амалдарды қолданады, ерiктi есте қалдырғанды жиi қажет етедi. Осы арнайы амалдарды мнемиқалық әрекеттер дейдi. Осыған орай, есте сақтаудың сапалылығы, нәтежиелiгi келесi факторлардан тәуелдi болады. Мысалы, алдына мақсатты қалай қоюлығынан. Егер адам әр кезде керек болатын мәлiметтi жақсылап есте сақтағысы келсе, онда бұл мәлiмет жақсы сақталады. Керiсiнше, мәлiметтi онша керектi есмес деп санаса, ол жаман сақталады.
Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыда, келесi ес түрлерi болады:
Механикалық ес. Мұндай есте қалдыру ешбiр өзгерiссiз, дәлме-дәл қайталауды коздейдi. Мысалы, түрлi ережелердi жаттау барысында механикалық сақтауды қолданады. Бұған көп күш кетедi және сапасы төмен болады.
Логиқалық ес. Бұл есте сақтау амалында логикалық түсiнұ, жүйелеу, негiзгi логикалық компоненттердi бөлiп шығару, солардың араларында мәндiк байланыстарды табу жасалынады. Сонда есте сақтаудың нәтежиелiгi, механикалық еске сақтаудан, 20 есе өседi екен.
Бiздегi ой, ұғым, пiкiр ой қорытындылары сияқты түрлi формалар арқылы iз қалдыруын сөздiк-мағыналық ес деп атайды, ойiткенi ойдың қандай формасы болмасы да тiлмен, сөзбен байланысты болады.
Бейнелi-көрнекiлiк ес. Мәлiметтердi бейнелерге, схемаларға, графиктерге, сүреттерге айландыру. Бейнелеу естiң бiрнеше түрлерiн ажыратуға болады: көру, естү, дәм, сипау, иiс естерi болып бөлiнедi (түйсiктердiң түрлерi сияқты). Бейнелi ес, әсiресе көркемөнер кәсiбiмен шұғылданатын адамдарда өте жақсы дамыған. Мысалы Рафаэль өзiнiң сүреттерiн салғанда көз алдында оның бейнесiн көрiп тұрады екен. Осы бейнелеу естiң түрлерiн эйдетикалық ес (''эйдос'' грек сөзi - бейне) дейдi. Мұндай адамдарда әсерлер мен бейнелер көз алдында нақты елестетiп, олардың жеке қасиеттерi мен бөлшектерi айқын ажырата алады. Осы ес түрiнде адам бәрiнде өте жақсы есiне сақтай алады. Бұны тағы феноменалды ес дейдi. Әйгiлi композиторларда В.Моцартта, С.В.Рахманиновта, сүретшiлерде – Н.Ге, Г.Доре, Дж.Рейнолдста, колбасшыларда- Юлий Цезарда, Александы Македонскийда, Наполеон Бонапарртта осы ес түрi болған.
Ал соқыр, саңырау адамдарды алатын болсақ, бұларда жоқ сезiмдердiң есесiне сипау, иiс, дәм естерi өте жақсы дамиды, басқа естердiң кемiстiктерiн толықтырады.
Бейнелi-көрнекiлiк естiң сонымен бiрге қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезiмдiк түрлерi болады. Қимыл-қозғалыс есiдегенiмiз – ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттерiне байланысты әр түрлi қимыл-қозғалыстар мен әрекеттердi есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Естiң бұл түрi қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негiзi болып табылады. Мысалы, әрiптердi, сөйлемдердi жазу, суда шомылу, машинаны айдау. Калыптасқан дағдылар өмiр бойы есте сақталып келедi.
Эмоциялық-сезiмдiк ес дегенiмiз бастан кешiрген түрлi сезiмдер мен эмоциялық күйлерiн есте қалдырып отыруы және қайта жаңғыртуы. Бұл естiң түрi, басқалармен салыстырғанды, әлде қайда күштi болады. Адам есiне ең жақсы сақталатыны ол бакстан кешiрген ең құанышты немесе өте қайғылы оқиғалары болады, өйiткенi сол кездегi сезiмдер мен күйлер өте қатты есте қалады. Бұл ес түрiнiң кәсiптiк жағынан театр немесе кино актерлардың жұмысына маңызы өте зор.
Есте сақтау, мерзiмiне қатысты: қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi (түпкiлiктi ес) және оперативтi ес деп бөледi. Әсер еткен әр түрлi тiтiркендiргiштердiң немесе мәлiметтердiң бейнесi адамда алдыменен тұрақсыз, құбылмалы болып тұрады (көз алдында тұрғандай, құлағында әлi естiлiп тұрғандай, оқиға бiтседе ойымызда жалғасып жататындай). Еске қалдыру үшiн ең алдыменен бұл мағлуматтар жинақталынып алынуы керек. Оған бiр шама уақыт кетедi. Бұл уахытты iздердiң консолидациясы дейдi. Есте сақтаудың ерекше бұл түрiн қысқа мерзiмдi ес дейдi. Өмiрде уақытша ғана есте сақталатын әсерлер туралы ''алғашқы ес'' немесе ''шапшаң қөрiнiс'' деп те айтады. Көбiнесе бiр әрекетте ғана керектi болатын мағлүматты қысқа мерзiмде сақталуды оперативтi ес деп айтады. Мысалы, есеп шығарғанда ойда бiр сандарды үстау. Бұл сақталған нәрсе керектi болып саналатын болса, онда ұзақ мерзiмге есте қалады немесе мұлде ұмытылады. Оперативтi естiң көлемi 7-,+ 2 белгi болады.
Ал қабылданған бейнелердi, құбылыстарды, тиiстi мағлуматтарды ерiксiз немесе арнайы амалдар арқылы ұзақ уақыт бойы есте сақтауды ұзақ мерзiмдi немесе түпкiлiктi ес дейдi. Бұл ес түрiнде адамның ең маңызды деп бағаланған (өзiнiң өмiрiне, кәсiбiне қатысты) нәрселер сақталынады. Мысалы, ''өзiнiң аты жөнi'', ''мектеп аяқтау күнi'', ''жақындарының тұған күндерi''. Бiрақ, ұзақ мерзiмдi есте саналы түрiнде жаңғыртылатын, маңыздылығын жоғалтқан, қосымша және керектi мәлiметтердiң де бiр процентi ұмытылып отырады.