Векторлар. Векторларға амалдар қолдану (қосу, азайту, санға көбейту)
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Вектор ұғымы.
2. Векторларға амалдар қолдану
3. Векторларға қолданылатын амалдардың қасиеттері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Анықтама. Үлкен-кішілігі әрі бағыттары болатын шаманы вектор немесе бағыттышамалар деп атайды.
Векторды бағытты кесінді арқылы өрнектейміз, бағытты кесіндінің басталу нүктесі мен ақырғы нүктелері жеке-жеке вектордың басталу нүктесі және ақырғы нүктесі деп аталады, бағытты кесіндінің бағытты вектордың бағытын өрнектесе, бағытта кесіндінің ұзындығы вектордың шамасына уәкілдік етеді. Басталу нүктесі , ақырғы нүктесі болған векторды деп белгілейді, кейде немесе тоқ әріппен яғни дермен векторды белгілейді.
Вектордың шамасын вектордың модулі деп атайды. Вектордың ұзындығы деп те атайды. векторы мен векторының модулдерін жеке-жеке және деп жазамыз.
Векторларды қосу Екі вектордың қосындысы деп мына ереже бойынша анықталатын векторды айтады.Үшбұрыш ережесі. Кез келген және екі вектордың +қосындысы деп кез келген А нүктесінен бастап =, ал В нүктесінен бастап = салынған векторларды тұйықтайтын = векторы айтады (1.3а-суреті) және былай жазылады:
+=немесе+= (1)
А,В,С нүктелерінің үшеуі де бір түзуге тиісті болғанда да (1.3б,в-сурет), сонымен бірге олардың кез келген екеуі не тіпті үшеуі де беттессе түскен жағдайда да ұшбұрыш ережесі өз күшін жоймайды.