Санитариялық бағалау. Лейкозға оң нәтиже бергенде бұлшық еттер, лимфа түйіндері және бiрнеше iшкi органдары зақымданған жағдайда немесе шырышты қабықтарында лейкоздық өскіндер (жара) болған жағдайда, ұша және сойылған басқа да өнiмдер кәдеге жаратуға жiберіледi. Жеке лимфа түйiндерi немесе iшкi органдары зақымданған жағдайда, бiрақ қаңқадағы бұлшық еттерде өзгерiс болмаса, зақымданған органдары кәдеге жаратуға жiберіледi, ал зақымданбаған органдары мен етін пайдалану туралы мәселе бактериологиялық зерттеуге байланысты шешедi.

Жануарларды лейкозға гематологиялық зерттеу кезiндегі нәтиже оң болса, бiрақ осы ауруға тән патологиялық өзгерiстер болмаса, ұша мен органдар кедергiсiз жiберiледi.
Ұшаның етi мен лимфа түйiндерi, сондай-ақ ұлпалы органдар зақымданса немесе ұшаның сiрiңдi жабындысының беткейiнде лейкоздық өсiндi (бляшка) табылса ондай ұшаны басқа сойыс өнiмдерiмен бiрге утильге жiбередi. Егер, еттерiнде өзгерiс болмай, кейбiр лимфа түйiндерi немесе органдары ғана зақымданса, соларды ғана утильге жiберiп, ұшасы мен зақымдалмаған органдарын пайдалану жолдарын бактериологиялық тексерудің қорытындысына қарай анықтайды. Сальмонелла табылса ұшасы мен зақымдалмаған органдарды қайнатып пiсiруге немесе ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. Ал сальмонелла табылмаған жағдайда ұша мен ағзаларды шұжық дайындауға жiбередi. Гематологиялық тексерудiң қортындысында лейкозға оң реакция берген, лейкозға тән патологоанатомиялық өзгерiстерi жоқ ұша мен органдарды тежеусiз пайдаланады.