Сояр алдындағы диагностика. Малдың дене қызуы көтерiледi, iрiңдi ноғала (коньюнктивит) танау кiлегейлi қабығының қабынғаны (ринит) байқалады, кейiннен уытты жараға айналады, лимфа түйiндерi iрiңдейдi. Жылқының мұрынынан iрiң ағады, флегмона байқалады, қой мен ешкiнiң буындары iседi, лимфа түйiндерi ұлғаяды. Сояр алдындағы диагностика. Малдың дене қызуы көтерiледi, iрiңдi ноғала (коньюнктивит) танау кiлегейлi қабығының қабынғаны (ринит) байқалады, кейiннен уытты жараға айналады, лимфа түйiндерi iрiңдейдi. Жылқының мұрынынан iрiң ағады, флегмона байқалады, қой мен ешкiнiң буындары iседi, лимфа түйiндерi ұлғаяды. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iшкi органдарынан мелиойдозға тән айналасы қабыну аймағымен қоршалған кiшiгiрiм казеозды түйiндер көрiнедi, аймақтық лимфа түйiндерi ұлғайған. Қарыны мен iшектерiнде уытты жаралар болады. Бауыры, көк бауыры, бүйректерiн тiлiп қарағанда көптеген түйiндер пiшiнi мен көлемi әр түрлi абцесстер көрiнедi. Санитариялық бағалау. Мелойдоз табылған ұшаны бүкiл органдары және терiсiмен жояды. Малды сою барысында технологиялық жолда қоздырушымен зақымдануы мүмкін ұшалар қайнату арқылы залалсыздандырылады, ішкі органдары қайта өңдеуге жіберіледі. Сою алаңы, құрал-жабдықтар залалсыздандырылады. (4% NaOH, 8% белсенді хлоры бар әк ерітіндісі). Туляремия - (Tularaemia). Геморрагиялық септицемия, лихорадка, тышқақ, арықтау, лимфа түйiндерiнiң қабынуы, сондай ақ жүйке жүйесiнiң зақымдану белгiлерi байқалатын малдың табиғи ошақты жұқпалы ауруы. Бұл аурумен адам да ауырады. Қоздырушысы - (F. Tularensis) кiшкене, қозғалмайтын нәзiк капсуласы бар, граммен боялмайтын, спора түзбейтiн аэробтық бактерия. Салқындатылған етте 35 тәулік, тұздалған етте 75 тәулік, iшкi органдарда 120 тәулiкке дейiн өмiр сүредi. 60С ыстықтықта 5 мин, ал 100С ыстықтықта бiрнеше секундте өледi. Клиникалық белгі қойда ғана байқалады. Басқа малда жасырын түрде өтеді. Қой температурасы 41,0 0С дейін жоғарылайды, тәлтіректейді, кейінірек артқы аяғы салданады, диарея, кілегей қабықтарында, тері де анемия байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |