Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау



бет7/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Сойғаннан кейiнгi диагностика. Шошқаның жұтқыншағында қан толып қызарған уытты жарасы бар, шырышты қабықтарының үстiнде дифтериялық жара болады, көмекей безiнде (миндалина) некроз ошақтары (әсiресе ересек шошқада) кездеседі. Сiрiндi - геморрагиялық ринит, гайморит байқалады. Өкпесi, көмекейi, жұтқыншағы iседi, аш iшек пен тоқ iшектiң қан тамырлары қанға толы. Көк бауыры мен бауыры өзгермейдi. Ұшаның алдыңғы жартысының (бас, мойын және өкпе) лимфа түйiндерi қанға толы, шырышты келедi. Iрi қара мал мен қойдың ауруына тән белгiлерi ол қышыған жердi қасығаннан пайда болған терi үстiндегi жаралар. Кейiн өкпесi iседi, ұлтабар, аш iшек және бүйен iшектердiң шырышты қабықтарының үстiнде қан құйылғаны байқалады.

Санитариялық бағалау. Ауески ауруы (жалған құтыру) анықталған малдың ұшасында дегенеративтi өзгерістер немесе бұлшық еттерінде, ұшасында және мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болған жағдайда, ұшаны және мүшелерiн кәдеге жаратуға жiбередi. Ұшасы мен ішкі мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда, оларды пайдалану туралы шешiм сальмонеллаға бактериологиялық зерттеуден кейiн қабылданады. Сальмонелла болмаған жағдайда, мал ұшасын және iшкi мүшелерiн қайнатады немесе пiсiрiлген, пісіріліп қақталған шұжық, төс еттер мен төстіктер дайындау үшiн пайдаланады.

Листериоз - (Listeria) – сүтқоректiлер мен құстың орталық жүйке жүйесi зақымдалып және қағынды тиетiн жiтi жұқпалы ауру. Ауырған сүтқоректiлер iш тастайды, жатыры мен желiнi қабынады. Листериозбен адам да ауырады.

Листериоз - (Listeria) – сүтқоректiлер мен құстың орталық жүйке жүйесi зақымдалып және қағынды тиетiн жiтi жұқпалы ауру. Ауырған сүтқоректiлер iш тастайды, жатыры мен желiнi қабынады. Листериозбен адам да ауырады.

Қоздырушысы - Listeria monocytodenes - граммен оң боялады, спора мен капсула түзбейтiн аэроб, қозғалатын, ұсақ, ұштары жұмырланған таяқша. Листериялар сыртқы ортада ұзақ сақталады. Кебек пен сұлыда 105 тәулік, шөп пен ет сүйек ұнында 134 тәулік, қора iшiнде 25-48 тәулік, мал қиы араласқан топырақта жазда 8 тәулік, қыста 115 тәулiк, жерге көмiлген өлекселерде 1,5-4 ай, тұздалған ет пен терiде 2 айға дейiн сақталады. 100С ыстықтықта 2 мин, 75-90С 30 мин iшiнде өледi. Формалин және күйдiргiш натридың 2%, 10% хлорлы әк ерiтiндiлерiнiң iшiнде 10 минутта өледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет