Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау



бет2/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Лептоспироз - (Leptospirosis) - табиғи ошақты жұқпалы ауру. Көбiнесе iрi қара мал, сирек жылқы, қой, бұғы, кемiргiштер, ит пен мысық ауырады. Адам да ауырады. Мал залалданған азық пен су арқылы ауруға шалдығады. Адам сойыс малының өнiмдерi арқылы және ауру малмен жанасқанда ауруға шалдығады. Аурудың қоздырушысы спирохет тұқымына жататын шиыршықталған жiп тәрiздi микроб. Ленптоспирозға жас мал ерекше сезімтал келеді. Шошқа лептоспирозының негізгі қоздырушылары L.pomona және L.tarassovi, сиырда - L.hebdomadis, L.pomona, L.grippotyphosa, L.tarassovi, қой мен ешкіде - L.grippotyphosa, L.pomona, L.tarassovi және L.hebdomadis болып саналады. Тiке түскен күн сәулесi 1,5-2 сағат, 0,25% формальдегид, 0,1% тұз қышқылы -5 мин кептiргенде құрғақ топырақта -30 мин – 12 сағат өледi, батпақты ағынсыз суда 10 тәулік, өзен суларында 20 тәулік, нәжісте – 24 сағат, ылғалды топырақта 43-279 тәулік, ет-сүтте -8-24 сағ. сақталады. Төменгi температураға төзiмдi. Қоздырушы ауру малдың, қаны, бауыры және бүйректерiнде болады. 4,8% тұзы бар тұздалған етте 10 тәулiктен, ал 800С ыстықтықта 2 сағаттан кейiн өледi.

Сояр алдындағы диагностика. Iрi қара мал қан сиедi (гемоглобинурия), шырышты қабықтары сарғаяды, дене қызуы 41С дейiн көтерiледi, көзi, тыныс алу жүйелерi қабынады. Шөп, суға қарамайды, үлкен қарын жұмысы әлсiрейдi (атония), жүнi үрпиедi. Буаз сиырлар iш тастайды. Кеуде, мойын терiлерi, сондай-ақ тiл, ерiн, қызыл иек шырышты қабықтары өлiеттенедi. Кейде терiнiң кей жерi түсiп қалады.

Сояр алдындағы диагностика. Iрi қара мал қан сиедi (гемоглобинурия), шырышты қабықтары сарғаяды, дене қызуы 41С дейiн көтерiледi, көзi, тыныс алу жүйелерi қабынады. Шөп, суға қарамайды, үлкен қарын жұмысы әлсiрейдi (атония), жүнi үрпиедi. Буаз сиырлар iш тастайды. Кеуде, мойын терiлерi, сондай-ақ тiл, ерiн, қызыл иек шырышты қабықтары өлiеттенедi. Кейде терiнiң кей жерi түсiп қалады.

Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ауру малдың ұлпалары, әсiресе шел майы, сiңiрлерi, сiрi қабықтары сарғаяды, қанталайды. Органдары iсiңкi, қан құйылған, некроздың ошақтары бар. Көк бауыры әдетте үлкеймеген. Бауыры теңбiлденген, үлкейген, божыраңқы. Iшi қатқан. Қуықтағы несебi қызыл түстi. Бүйректерi үлкейген. Еттерi божыраған, ашық немесе қошқыл-қара түстi, сары реңдi, кейбiр бұлшықеттерi теңбiлденген немесе жол-жол болып қан құйылған, ұшасы сiреспеген. Аурудың созылмалы түрiнде еттерi семидi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет