Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау

бет8/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Сояр алдындағы диагностика. Листериоздың iрi қара малдың қатерлi кiгегейлi қызбасы, шошқаның тiлмесi, ауески ауруы, азықтан улану (мақта күнжарасы), қойдың айналмасы, жылқының энцефаломиелитi т.б. ұқсас болуына орай ет комбинаттарында листериозға диагноз қою қиынға түседi. Дегенмен, ауру малдың дене қызуы көтерiледi, жүрiсi бұзылады, бiрде жабырқанса, бiрде елiредi, кейбiр дене мүшелерi (құлағы, үстiңгi қабағы, аяқтары) жансызданады. Денесi дiрiлдейдi, қой маңдайын немесе бүкiл денесiн қораның қабырғасына тiреп тұрады, ал шошқада осы айтылғандарға қосымша жөтел пайда болады, танауынан шырышты су ағады, тынысы тарылады.

Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ұшасы мен органдарынан көп өзгерiс байқалмайды. Iрi қара малдын кейде ми қабықтары қабынып, миы iсiнедi қан тамырлары бадырайып кетедi. Кейде эпикардта геморрагияны көруге болады. Төлдерiнде мидың қабынуына қоса көк бауыры, бауыры және өкпесiнде қан құйылғаны және азғындағандары байқалады. Шошқаның өкпесi iсiңкi, қан толған, кеңiрдектiң шырышты қабығанда, эпикардта, бүйрек қабығының астында қан құйылғаны байқалады. Лимфа түйiндерiнде қан құйылу әрдайым бола бермейдi. Осыған орай листериозға нақты диагнозды микробиологиялық тексеру арқылы қояды.

Шошқаның тiлмесi (Erysipelas suum, рожа свиней) - жiтi түрiнде өткенде қағынды тиiп (септицемия) терiсi қызарып, теңбiлденетiн, созылмалы түрiнде жүрегi мен буындары қабынатын, жұқпалы ауру. Бұл аурумен адам да ауырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет