Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты



бет31/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
Лекция «тама тану физиологиясы»

1 Рацион. Радиоактивті заттардың әсер етуімен байланысты және сәулеленудің иондаушы көздерімен байланысты жұмыстарда қолданылады. Бұл рационға липотропты заттарға бай өнімдер (метионин, лецитин) сүт, сүт өнімдері, бауыр, жұмыртқа және т.б. жатады. Липотропты заттарды енгізу бауырдың антитоксикалық қасиетінің жоғарылауына және майдың алмасуын реттеуге, әсер етуге қабілетті.
2 Рацион. Бұл күкірт және азот қышқылдары, сілтілік металдар, хлор және фтор қосылысы, цианды қосылыстар және т.б. өндіріс орындарындағы жұмысшылар мен инженер – техникалық жұмысшылар үшін қолданылады. № 2 рационның профилактикалық бағыты еттің, балықтың, сүттің толық құнды ақуызымен, өсімдік майының, витаминдер мен минералды заттардың полиқаныққан май қышқылдарымен дәнді – дақылды және жеміс - жидекті тағамдардың көп мөлшерінің түсуі есебінде қамтамасыздандырылады.
Құрамында хром және хромы бар қосылыстармен байланысы бар жұмысшылар үшін № 2а рационы қарастырылған .Бұл рацион организмнің хром және оның қосылысына организмнің сенсибилизация процесін әлсірету немесе баяулату үшін арналған , ал бұл болса қатты аллерген ( тітіркендіргіш) болып келеді. № 2а рационы организмнің реттегіш реакциясына – нервтік, эндокриндік және т.б. әсерін тигізеді .Рационда көмірсу мөлшері шектеліп (сіресе қарапайымдары), майдың бірнеше мөлшерін (рафинадталмаған өсімдік майлары) арттырады, ақуыз мөлшері төмендетіледі. Рационға С, РР, Р, К, Е, А витаминдеріне бай, пектинге және органикалық қышқылдарға бай өнімдер қосылады. Рационнан құрамында қымыздық қышқылы, хлор, натриі бар тағамдар шектеледі. Белгілі кулинарлық өңдеулер жүргізіледі – тағам буда піскен, бұқтырылған, көміп пісірілген түрінде ғана дайындалады. Тағамдық рационға қуырылған тамақтарды қосуға болмайды .

3 Рацион. Қорғасын (свинец) қосылысының органикалық және неорганикалық түрімен байланысы бар адамдардың емдік – профилактикалық тамақтануында қолданылады. Бұл тағамдық рационға сүт өнімдерін және сүт қышқылды өнімдерді, жеміс – жидектердің үлкен мөлшерін, пектин мөлшерін, көп шырын қолдануды ұсынады. Пектин организмнен қорғасынды байланыстырып шығарады. № 3 рационда ақуыз, май, көмірсу құрамын арттырады.

4 Рацион. Атмосфералық қысымы жоғарылаған жерде бензолдың және оның гомологтарының нитро – және амин қосылыстарының, хлорланған көміртек, мышьяк, сынап, фосфор қосылыстарының өндірісінде жұмыс істейтін адамдарға арналған. Рационның профилактикалық бағыты бауырдың функциялық қабілетінің жоғарылауымен байланысты. Рацион бауыр функциясына жағымды әсер ететін липотропты заттарға бай өнімдерден тұрады. Қуырылған өнімдер, күшті сорпалар, повидлолар ұсынылмайды .

5 Рацион. Көміртегімен, күкірт көмірсутегісімен (сероуглерод), фосфорорганикалық пестицидтермен, барий, сынап және т.б. әсері бар жерде жұмыс істейтіндерге арналған. Рационның негізгі профилактикалық бағыты – жүйке жүйесін және бауырды қорғау. В1 витаминіне, полиқаныққан май қышқылдарына бай өнімдерді ұсынады.
Емдік – профилактикалық рацион биологиялық белсенді заттардың дефицитін жабатын компоненттерден тұрады, зақымданған органдар мен жүйелердің функциясын жақсартып, зиянды заттарды нейтрелиздеп, олардың организмнен тез бөліну қабілетіне ие.
Профилактикалық және емдеу мақсатында табиғи, синтетикалық, микробиологиялық тектес тағамдық қосылыстар мен биологиялық белсенді заттар қолданылады .
Жаңа заман кезеңінде емдік – профилактикалық тамақтану зиянды факторлардың адам организміне қолданатын анық дифференция қолдануды ұсынады. Сондықтан ол тек қана организмнің реактивтілігін, қорғаныш қабатын жоғарылатып қоймай, сонымен қатар өзінің арнайы бағытымен әсер етуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет