Қаржылық бақылау – жалпы қоғамдық өнімді қорлар бойынша таратылуын және тиісті мақсаттарға шығындалуын тексеруге арналған ерекше қызмет.
Қаржылық бақылаудың объектісі – кірістер мен жинақтарды құру, ақша қорларын құру және оларды пайдалану процестері.
Қаржылық бақылаудың мақсаттары:
мемлекет, ұйымдар және халық алдында қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру;
шаруашылық субъектілердің ақша қаражаттарын дұрыс пайдалануын тексеру;
қаржылық операциялардың дұрыс жүргізілуін, ақша қаражаттарының сақталуын тексеру;
өндірістің ішкі резервтерін табу;
қаржылық тәртіпті бұзуды жою және алдын алу.
Қаржылық бақылаудың қағидаттары: үнемділік, кеңінен қолдану, әмбебаптық;
бақылаудың ескерту сипаты;
іскерлік, нақтылық, жариялық,
бейтараптық (беспристрастность);
бақылау органдары жұмысшыларының тәуелсіздігі.
Қаржылық бақылау өткізілу мерзіміне байланысты:
- алдын- ала;
- ағымдағы;
- кейінгі болып бөлінеді.
Қаржылық бақылау жүзеге асыратын субъектілерге байланысты : жалпымемлекеттік және қоғамдық болып бөлінеді.
Жалпымемлекеттік бақылау: мемлекеттік және ведомстволық болып бөлінеді.
Қаржылық бақылаудың әдістері:
- ревизия;
- зерттеу;
- қаржылық жоспарлар жобаларын қарастыру, т.б.
Ревизия – кәсіпорынның, ұйымның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін толық зерттеу. Түрлері:
1. тексеру объектісі бойынша:
- құжаттық;
- нақты толық (бірыңғай);
- таңдаулы (жартылай)
2. ұйымдастырушылық принцип бойынша: жоспарлы, жоспардан тыс, кешенді.
Ревизия нысандары:материалдық құндылықтардың инвентаризациясы, кассадағы қалдық ақша қаражаттарын тексеру, құжаттық және қарама-қарсы тексерулер, тексеру объектісінің жоспарлы және есепті көрсеткіштерін салыстыру.