Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет11/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

Камералдық тексеру – құжаттық тексерудің алдында тексеру орнына шықпай жүргізіледі.
Аудит - ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық және коммерциялық қызметіне жүргізілетін қаржылық бақылаудың нысаны.
Мемлекеттік қаржылық бақылау бұзушылықтарды анықтау, жою және болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеру және талдау жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау:

  • оны жүзеге асыратын органға байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау;

  • бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін болып бөлінеді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау қағидаттары:

  • Тәуелсіздік принципі.

  • Объективтік принципі.

  • Анықтық принципі.

  • Ашықтық принципі.

  • Құзыреттілік принципі.

  • Жариялылық принципі.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері:
1. Кешенді бақылау- бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
2. Тақырыптық бақылау- бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
3. Үстеме бақылау- тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісі мен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;
4. Бірлескен бақылау- мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржы саясаты ұғымы, оның негізгі бағыттары.

  2. Қаржы саясатының мақсаты мен міндеттері.

  3. Қаржы механизмі, оның құрылымы.

  4. Қаржылық жоспарлау, оның әдістері.

  5. Қаржылық бақылау және олардың түрлері.

  6. Қаржылық бақылаудың мақсаттары, қағидалары мен әдістері.

  7. Фискалдық саясат ұғымы, оның түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет