4 - тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
4.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының ұғымы, функциялары
Шаруашылық субъектілердің қаржысы- өндіріс және өнімді, жұмыстарды сату барысында ақша қорларын, жинақтарын құру, тарату, пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар болып табылады.
Экономиканың дамуында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы күшті қаржы құралы болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары өздеріне мына қаржыларды қамтиды: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, жобалау, халықты қажетті тұрмыстық заттармен қамтамассыз ету, байланыс, коммуналдық қызметтер, көптеген қаржылық, несиелік, сақтандыру, ғылым, білім беру, медициналық, ақпараттық, маркетингтік және басқа да қоғамға пайдалы қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорын, фирма, қоғам, концерн, ассоциация мен басқа шаруашылық органдардың қаржылары.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының атқаратын функциялары:
ұдайы өндіріс- қайта өндіріс процесіндегі материалдық және ақшалы қаражаттардың арасындағы қозғалыстың сәйкестілігін қамтамасыз етеді.
бақылау- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есеп және бақылаусыз шаруашылық жүргізу мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер келесідей жіктеледі:
Қызмет саласы бойынша:
- материалдық саладағы шаруашылық субъектілер;
- материалдық емес саладағы шаруашылық субъектілер.
Қаржылық қызмет түріне байланысты:
- коммерциялық
- коммерциялық емес
Мүлік нысандары бойынша:
- мемлекеттік кәсіпорындар
- жеке меншік кәсіпорындар
- қоғамдық ұйымдардың мүлкінде құрылған шаруашылық субъектілер
- бірлескен кәсіпорындар
Мөлшеріне байланысты: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектілер.
Достарыңызбен бөлісу: |