Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет8/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Қаржыны басқару – қаржылық және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерді жетілдіру және дамыту мақсатындағы оларға әсер ету процесі.
Қаржыны басқару қағидаттары:

  • басқарудағы демократизм;

  • қаржылық сұрақтарды шешудегі саяси қатынас;

  • экономикалық және әкімшілік әдістерді қолдану;

  • басқарудың ғылымилығы;

  • орталықтандырылған, салалық және аймақтық басқарудың бірлестігі;

  • басқарудағы жауапкершілік;

  • шаруашылық шешімдердің сабақтастығы немесе жалғастырушылығы

Қаржыны басқару элементтері:
1) ақпарат – бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есептілік деректері;
2) жоспарлау;
3) ұйымдастыру;
4) реттеу;
5) бақылау.
Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы үдерісін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық, әрі ақиқат болуы тиіс. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл- жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау, ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру- басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелігін, басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржылық реттеу- бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижелерден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жобалауға бағытталған.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісіне де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы операцияларын жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппаратының қызметін қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет