Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Қаржының басқа экономикалық категориялармен арақатынасы



бет3/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Қаржының басқа экономикалық категориялармен арақатынасы

Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.


Баға- бөлу процесіне бірінші түсіп, ондағы бастапқы пропорцияларды анықтайды. Бағаның құнның жанында ауытқуы қаржының қызмет ету орнын белгілейді. Бағаға құнның барлық құрылымдық бөліктері кіреді, олар кейін бөлініп, қаржылық ресурстар және қорлар ретінде өзінің экономикалық нысандарына ие болады. Баға қаржының қызмет ету жағдайын дайындайды.
Еңбекақы- бағадан кейін қаржылық бөлу процесінде еңбекақы қызмет ете бастайды. Қаржы еңбекақы қоры, басқа да еңбек төлемдері қорларының қалыптасуына жағдай жасайды. Қаржы арқылы әртүрлі қорлар қалыптасады, ал еңбекақы арқылы сый және еңбекақы қорлары қалыптасады. Еңбекақы- салық төлеудің негізгі көзі болып табылады.
Несие- банк ресурстары қайта бөлу кезінде қалыптасады, яғни несие алдын-ала бөлінген құнды қайта бөледі.
Несие қаржы ресурстарын толтырады және ұдайы өндірістің кеңеюіне әсерін тигізеді. Несиенің ерекшелігі- олар қайтару шарты негізінде белгілі бір мерзімге берілсе, қаржы ресурстары белгілі бір мақсаттарға жету үшін өтемақысыз және қайтарымсыз түрде беріледі. Несие арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылықтары арасында қаржы ресурстары қайта бөлінеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Қаржы» ұғымы және оның пайда болуы.

  2. Қаржының ақшадан айырмашылығы.

  3. Қаржының объективтік қажеттілігі және оның қоғамдық дамудағы рөлі.

  4. Қаржының атқаратын функциялары.

  5. Қаржының экономикалық рөлі.

  6. Қаржының негізгі экономикалық категориялармен өзара байланысы.

  7. Қаржы ресурстары мен қаржы қорлары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет