Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары



бет5/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

2. 3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:


Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орта-лықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілігіне және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын- ала айқындайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау мемлекеттік саясатты жүзеге асырғанда ұлттық және аумақтық ерекшеліктерді есепке алу.
Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттың бірлігімен, бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілермен негізделеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Қаржы жүйесі» ұғымы, оның мәні.

  2. Қаржы жүйесінің буындары.

  3. ҚР қаржы жүйесінің құрылымы.

  4. Жалпымемлекеттік қаржылар және олардың буындары.

  5. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы.

  6. Үй шаруашылығы қаржысы ұғымы, оның мәні.

  7. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет