Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп



бет14/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу, пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Коммерциялық әрекеттің мақсаты табыс табу болып саналады. Коммерциялық кәсіпорындар қаржысын ұйымдастыру қағидаттары:
- коммерциялық есеп айырысу,
- жоспарлылық,
- барлық меншік нысандарының теңдігі,
- қаржылық резервтердің болуы.


4.3 Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары мен олардың қаржысын ұйымдастыру


Коммерциялық емес ұйым — пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін заңды тұлға.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметімен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық—құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары:

      • мекеме;

      • акционерлік қоғам;

      • қоғамдық бірлестік;

      • тұтыну кооперативі;

      • қоғамдық қор;

      • діни бірлестік және заң құжаттарында көзделген өзге де нысандар.

Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық жүргізу әдістері:
1. Сметалық қаржыландыру - меншікті табыстары жоқ кәсіпорындар мен мекемелерге шығындарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндірістік емес саладағы мекемелерді ұстауға арналған бюджеттен бөлінетін қаржылардың мөлшері, мақсатты бағыты, бөлінуі қаржыландырудың жеке жоспары (смета) арқылы анықталады.
2. Шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп айырысу әдісі шығындары материалдық емес қызметтер мен игіліктерді өткізуден түскен табыс есебінен өтелетін ұйымдар мен мекемелерде қолданылады. Бұған ақылы негізде жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру, салалық ғылыми-зерттеу институттары, жекелеген өнер мекемелері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет