Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет32/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Классикалық теория өндірісті басқару құрлымын қалыптастыруды мынандай ретпен жүргізуді ұсынады: басқару қызыметінің мақсаттары мен түрлерін айқындау, басқарудың нақты қызыметі бойынша іс-әрекет ауқымын есептеу; құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару қызметін атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу; олардың нақты қызымет түрін айқындау.
Бихевиоралдық көзқарас бірінші кезекте өндіріс ұжымдағы жұмыскерлердің әлеуметтік ролін көтеруге негізделген. Мұндайда басқару аппаратындағы жұмыскерлердің бірлескен іс-қимылы, егер олар жұмыс істеуге ықылас білдірсе ғана тиімді болатындығын мойындайды.
Жүйелік көзқарастың мәні сол, өндірістік ұйым мен басқару құрлымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады.Осы көзқарастың бір түрі, құрлымды басқару шешімдерін қабылдауға және жүзеге асыруға қажетті механизм ретінде қарастыру болып саналады.
Ситуациялық (жағдайлық) көзқарастың мәні сол, басқару құрлымын құрудың ең қолайлы әдісі әр түрлі ситуациялық нақты фактілерге (өндіріс технологиясы типтерінің өзгеруіне, шешілуге тиісті міндеттердің сипатына, басқару процестеріне т.б.) сүйенуі тиіс.
Бюрократтық (кеңсешілдік) көзқарас еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен, қызымет лауазымдарының бір-біріне қарай бөлінуінің (иерархиялығының) жетілдіруімен, бұйырық беру тізбектілігімен, қызметшілердің жүріс-тұрысында көптеген ережелер мен нормарлардың болуымен, кадрларды, іскерлік және кәсіптік спасына қарай таңдаумен сипатталады.Вебер мұндай құрылымды «тиімді» деп саналады, өйткені бюрократтық жолмен қолданған шешімнің ақиқаттық сипаты болады деп есептейді.
Төменде М.Вебер тиімді бюрократия деп атаған жүйенің сипаттамасы келтіріліп отыр:
1. Еңбектің айқын бөлінісі, мұның өзі жоғары білікті мамандарды нақты қызметке қоюға мүмкіндік береді.
2. Басқару деңгейінде қызмет лауазымдарының бір-біріне бағынуына қарай бөлінуі, мұндай төменгі деңгейдегі қызметшілерді жоғары деңгейдегі қызметшілер бақылайды, әрі сорларға бағынады.
3. Жинақталған ресми ережелер мен стандарттары бар өзара үйлесімді жүйелердің болуы, мұның өзі қызметкерлердің өз міндетін біркелкі орындауын, әрі әр түрлі міндеттердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет