Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


сұрақ. Басқарудың негізгі мектептері



бет9/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
3 сұрақ. Басқарудың негізгі мектептері
Менеджмент саласындағы алғашқы зерттеулер классикалық мектеп арқылы жүргізілген. Алғашқы менеджерлердің көңіл аударған келелі мәселелерінің бірі өндірістің тиімділігі болды. Өндірістің тиімділігі жұмыс орнының ыңғайлылығына, жұмысшының бейімділігі мен шеберлігіне, әртүрлі жұмыстарға жұмсалатын шығындарға тікелей байланысты. Менеджменттің классикалық мектебінің өкілдері осындай мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сол кездегі ғылыми ізденушілердің көзқарасы бойынша менеджмент дегеніміз өнер деп санады, себебі кез-келген адам жетекшілік, басшылық қызметін атқара алмауы мүмкін.
Жоғарғы дәрежедегі нағыз менеджерлердің мінез-құлқының өзіне тән ерекшеліктері мен қабілеті болуы тиіс. Мінез құлық белгілерінің концепциясын қарастыру сәтінде «Менеджмент ғылым ба?» - деген сұрақ туындайды.
Менеджментті ғылым ретінде қарастырып, ғылыми басқарудың негізін салған ағылшын ғалымы Фредерик Уйнслоу Тейлор (1856-1915 жж.) ғылыми басқару мектебінің дамуына жол ашты.
Өзінің «Управление фабрикой» (1903 ж.), «Принципы научного управления» (1911 ж.) деген еңбектерінде Ф.Тейлор еңбектің түрлерін сараптап, жұмысшылардың еңбегіне хронометраж жасап, тиімділігін арттыру арқылы еңбекті ғылыми ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды. Сөйтіп Ф.Тейлор менеджмент саласында революция жасап, менеджменттің ғылыми мектебі пайда болды.
Басқарудың классикалық мектебінің енді бір түрі әкімшілік басқару мектебі болып саналады. Әкімшілік басқару мектебі менеджердің ролі мен қызметі жөніндегі мәселелерді зерттеген. Бұл идеяның негізін қалаған француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925 жж.) Ол менеджменттің қазіргі кездегі қолданылып жүрген мынандай функцияларын анықтаған: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау.
Классикалық мектептің негізгі белгісі өндірістің тиімділігін арттырудың ең қолайлы жолын іздеу болып табылады.Классикалық мектеп әлемдік басқару ғылымының алғашқы іргетасын қалады.
30-шы жылдары менеджмент саласында адамдардың қарым-қатынасы мектебі пайда болды.Оның негізін қалағандар психологтар мен социологтар. Бұл жағдайда ең басты көңіл аударатын мәселе, жұмысшының орындайтын міндеті емес, оның өзінің жеке басы, мінез-құлқы, көңіл-күйі болып табылады.
Өндіріс тиімділігін арттыруда жұмысшының жеке басына қамқорлық, оның көңіл-күйі, демалысы, еңбек ақысының мөлшері де үлкен роль атқарады. Адамдардың жеке басына көңіл аударған бірінші ғалым Р.Оуэн болды. Басқа ғалымдармен бірге М.П.Фоллет те осы бағыттағы ғылымды дамыта отырып, басшылық стилін талдап, оның түрлерін анықтады.
Адамның жеке басының қажеттілігін қанағаттандыру еңбек мотивациясына ықпал ететіндігін, мотивация теориясының құрылымын анықтаған ғалым - Абрахам Маслоу. Ол адамдарда кездесетін қажеттілік иерархиясын ашып көрсетті.
Басқару шешімдерін қабылдау, оңтайлы шешімдерді анықтау есептеулер мен салыстыру арқылы және математикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болды. Басқаруда мәліметтер мен ақпараттарды қолдану кезеңі сандық мектеп өкілдері теориясымен дамыды. Сандық мектеп теорияшыларының ойынша басқарудың концепциясын дайындау, жоспарлау, математикалық талдаулардың нәтижесі арқылы ғана жүзеге асады. Шын мәнінде қазіргі заманда әрбір өркениетті елдің табыстарға жетуі математикалық-техникалық прогрестің көмегі екендігіне сөз жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет