Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


сұрақ. Басқару жүйесінің қалыптасу схемасы және оның мазмұны



бет5/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

3 сұрақ. Басқару жүйесінің қалыптасу схемасы және оның мазмұны.
Жеке кәсіпорынның, өзінің құқықтық нышандарына қарамастан басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлеріне іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе нарық арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешелігі, олар өзінің шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделеді.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылданған кез келген әрекет, кез келген шешім – бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттегі басты нәрсе – кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығы менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны – қолда бар адам мен материялдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алу тиіс.
Кәсіпорын – ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминнің анықтамасы шығады: менеджмент – бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарық капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларды ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру, кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады, олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Сонымен, менеджменттің екі ұғымы бар:
біріншіден, менеджмент – бұл басқару, басшылық ету органы.
екіншіден, менеджмент – бұл адамдарды басқару (әрекеті).
Менеджментті зерттей отырып, оның атқаратын қызметтерін және әдістерін игеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет