Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет11/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

Мидле менеджмент - өндіріс бөлімшелері мен функциялық қызметтің ортаңғы меңгеруші басшылары, завод директорлары, олардың орынбасарлары т.б. оперативтік жұмыстарға, ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндіруге және өткізуге есеп пен бақылауды жолға қоюға кадр саясатын жүзеге асыруға жауап береді:
«...дәстүрлі ортаңғы басшылардың жұмысы, - деп есептейді Друкер, - көп жағдайда бір сарынды. Оған шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Оның міндеті қабылдаған шешімді жүзеге асыру. Көпшілік жағдайда ортаңғы басшылар жергілікті жағдайды ескере отырып, шешімді орындауы тиіс».
Ловер менеджмент - басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар - цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, мастерлер, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары – жұмысшылар мен қызметшілерге тікелей басшылық етеді. Олардың алдында тұрған негізгі міндеттері – жұмыскерлерді компанияға, адал болуға тәрбиелеу, әр түрлі әлеуметтік жанжалды басу, компания мақсатына жету үшін тек дене күшін ғана емес, ақыл-ой энергиясын да жұмылдыра білуі тиіс.
«Босс» және «менеджер» ұғымдарын бірдей деуге болмайды. Меншік иесі және басқарушы – бұлар мүлде бөлек жандар.
Менеджер деген кім?
Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Ағылшынның «to manage» деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші, әкімшілік деген ұғымды білдіреді.
Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зертттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, емхана меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әдетте, егер компания меншік иесін есептемесін, бұлар тағайындалатын адамдар. АҚШ-та басшы кадрларды сайлау деген болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет