Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


Менеджменттің пайда болу және даму тарихы



бет7/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

1. Менеджменттің пайда болу және даму тарихы.
2. Менеджменттің даму кезеңдері
3. Басқарудың негізгі мектептері
4. Менеджмент қағидалары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. Менеджменттің пайда болу және даму тарихы.
Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойынын алғашқы қарқыны «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.
Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форт (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919)т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.
Классик үлгідегі мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К.Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай негізін салушы француз ғалымы А.Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорытындыға келді: «басқару – кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, оны белгілі бір мақсат- қа жетелеу». Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.
Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқынды белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі - Элтон Мейо (1880-1949) болды. Осы ілім формалдық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салаларымен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды. Американдық зерттеушілер де Мери Паркер, Фоллек (1868-1933), Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевиористік мектептің өкілдері болып табылады.
Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқару да математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді.
Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С.Черчмен, Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х.Райфа.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында мененджментте жаңа бағыт қалыптасты. Ол «ситуациялық әдіс» деп аталды. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшклігі әрбір ұйымдық – басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізіне бұд мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.
Басқару теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады.
Мысалы: басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы.
Бихевиористік мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсері мен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет