Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


сұрақ. Менеджмент қағидалары (ХХ ғ. 20 -жылдар)



бет10/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
4 сұрақ. Менеджмент қағидалары (ХХ ғ. 20 -жылдар)
К.Маркс өзінің «Капитал» деген еңбегінде былай деп жазады: Капиталист өзінің жеке меншігіндегі кәсіпорынды басқару, оның тиімділігін арттыру үшін арнайы адам жалдап, еңбекақы төлейді. Бұл менеджерлер деп жазады К.Маркс, капиталистік кәсіпорында сол кәсіпорын біршама іріленгенде, мұндай басқарушы өзін-өзі ақтағанда пайда болады.
Өндірісті басқару үшін жалдамалы қызметшілерді пайдалану, әрине капиталистік таптық формацияларға дейін де болған. К.Маркс Аристотельге сүйене отырып, құл иеленуші басқару қызметін басқа адамға жүктеп, өзіне ауыртпалық түсірмеуді ойластырғандығын атап көрсетеді. «Бұл мырзалар мұндай ауыртпалықты (яғни басшылықты) қаламаған жағдайда бұл міндеттің бір бөлігін бақылаушыға жүктейді де, оларлың өзі мемлекеттік іспен немесе филисофиямен шұғылданады». Капиталист бұл қызметті менеджерге ақыл-ой жұмысын тапсыру үшін емес, басқару еңбегі ең алдымен ерекше мамандық екендігіне және де онымен тек білікті мамандар ғана өнімді айналысатындығына көзі жеткендіктен беріп отыр.
Менеджерлер деп аталатын басқарушы топтардың өкілдері барлық фирмаларда жұмыс істейді. «Өзінің офицерлері унтерофицерлерін қажет ететін армия секілді, - деп жазды К.Маркс, - бұқара жұмысшылар үшін дәл осындай өнеркәсіп офицерлері, басқарушы менеджерлер қажет болды».
Қазіргі мемлекеттік – монополистік капитализм жағдайында экономикалық және ұйымдық басқару процестерінің күрделенуі монополияның басқару аппаратын сөзсіз арттырады. АҚШ-та 1990-шы жылы 40 жұмысшыға бір зауыт басқарма қызметкері болды, 1935 жылы өнеркәсіп өндірісінде істейтіндердің оннан бірі инженер – техник қызметкерлері мен қызметшілері болса бұл категорияға әрбір төртіншісі жатады.
Қазіргі өнеркәсіп корпорациясында басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады.
Топ менеджмент – басқарудың жоғарғы буыны. Жыл сайынғы анықтамалық басылымында «бұған директорлар кеңесі төрағасын, президентті, аға вице-президенттерді, фирмалар вице-президенттерін, сондай-ақ бақылаушылар мен казначейлерді жатқызады». Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен, және ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерін шешіп, сыртқы кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады. Осы деңгейде өнім ассортиментінің өзгеруі, рынок өтімі, өріс қуатын ұлғайту, шетел бөлімшелерін ұйымдастыру т.б. мәселелерімен шұғылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет