Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет8/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

«Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн – конгломераттар көлемі өсуі әсерімен, «қырғи қабақ соғыс», өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.
«Ситуациялық тәсіл» мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғарғы технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады.
Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың – американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.
2 сұрақ. Менеджменттің даму кезеңдері
Басқару өнері және басқару туралы ғылым адамдардың топ болып жұмыс істеу жағдайында және қоғамның үш саласында – саяси, экономикалық және сыртқы қауіптен қорғану жағдайында қолданылған.
Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып, белгілі бір бағытта жұмыс орындауға жетекшілік ететін ерекше қабілеті бар адамдар қажет болған. Мысалы, египет пирамидаларын салу соншалықты көп адамдарды ұйымдастыру, басқару шеберлігін талап еткені белгілі.
Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
І кезең – ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б.э. дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) болды. Платон (б.э. дейінгі 428-348 жж.) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының функцияларын анықтаған, ал Александр Македонский (б.э.дейінгі 356-323 жж.) әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.
ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап, мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым – Адам Смит.
ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған адамдар болды. Олар – алғашқы менеджерлер болатын.
ІV кезең – ақпараттар кезеңі (1960 ж. – қазіргі уақытқа дейін).
Ал ақпараттар кезеңінде, яғни басқарудың дамыған мерзімінде математика мен компьютерді, электронды есептеу техникасын кеңінен қолдану арқылы басқаруды жетілдіруге мүмкіндік туды, сондықтан да қазіргі баскару ісінде акпараттың атқаратын ролі ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет