Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Матаcу – сөйлем ішіндегі сөздердің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғау арқылы 
байланысуынан туындайтын сөз тіркесі формасы. Мысалы, ағаштың бұтағы, сенің кітабың, 
менің көргенім. 
Сөз тіркесінің матасу формасында да қиысу формасындағы сияқты І, ІІ, ІІІ жақтық көрсеткіш 
болады. Мысалы, менің кітабым, сенің кітабың, (сіздің кітабыңыз), оның кітабы. Бірақ олардың 
өзіне тән ерекшеліктері бар: біріншіден, матасудың құрамында тек зат есімдер немесе заттанған 
сөздер мен есімдіктер ғана байланысады; екіншіден, матасу атрибуттық қатынаста жұмсалады;
үшіншіден, матасу формасындағы жақтық көрсеткіш бір зат пен екінші заттың арасындағы 
тәуелділік қарым-қатынасты анықтайды. Матасу формасынан иелік мәндегі синтаксистік мағына 
туындайды. 
Меңгеру – сөйлем ішідегі сөздердің атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып байланысу 
формасы. Меңгерілетін сөз барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады 
да, меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Осыған орай, меңгеру 
формасы үш түрге бөлінеді: етістікті меңгеру (терезені ашты, жайлауға шықты, қалтасынан 
алды, жолда жатты, түнімен жүрді), есімді меңгеру (қойдан жуас, оқуға ықыласты, қалада 
көп), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, сөзін мақұл көрдік, жұртқа күлкі болғанымен, маған 
күлкі емес).
Септеулік шылаулар өзі бағынып тұрған сөздің меңгеру формасы арқылы байланысуына негіз 
болады. Мысалы, мектепке қарай жүрді, осыдан кейін барамын. Меңгеру формасы синтетикалық 
тәсілмен байланысады, объектілік, адвербиалдық қатынаста жұмсалады. Сөз тіркесі құрамынан 
септеулік шылауды алып тастасақ та, сөз тіркесінің синтаксистік байланысуы жойылмайды. 
Мысалы, мектепке қарай барамын- мектепке барамын. Меңгеру формасынан қозғалыстың 
объектіге қатысы мәніндегі синтаксистік мағына туындайды. 
 Қабысу – сөйлем ішіндегі сөздердің еш жалғаусыз, қатаң орын тәртібі тәсілі арқылы 
байланысатын формасы. Қабыса байланысатын сөздер – есім сөздер. Сөз тіркесінің тірегі көбінесе
зат есімнен, кейде сын есімнен болып, оның қарым-қатынас үстіндегі мәнін анықтауға зат есім, 
сын есім, сан есім, модаль сөздер негіз болады. Мысалы, қызыл алма, нар түйе, үш бала, көп 
кітап. Олардың байланысу жолдары сөз мағыналарының ішкі бірлігіне сай келіп, тірек сыңардың 
сыны, саны, қасиеті т.б ерекшелігі айқындалады. Сондықтан олардың құрамындағы 
грамматикалық байланыс тұрақтылық сипатқа ие болып, сөз тіркесі құрамындағы сөздер орнын 
ауыстыруға, арасына сөз салуға көнбейді. Нәтижесінде қабыса байланысқан сөз тіркестері қатаң 
орын тәртібі бойынша байланысып, аналитикалық тәсілге негізделеді. Атрибуттық қатынаста 
жұмсалады. Қабысу формасынан сындық сапа мәніндегі синтаксистік мағына туындайды.
Жанасу – сөйлем ішіндегі сөздердің ешбір жалғаусыз, бірде алшақ, бірде іргелес тұрып 
байланысуы. Жанаса байланысатын сөздер сөйлем ішінде іргелес тұрып та, алшақ тұрып та 
байланыса береді. Мысалы, биыл бітірді сөз тіркесі сөйлем ішінде іргелесе тұрып байланысуға да, 
алшақ тұрып байланысуға да қабілетті. Салыстырайық: Ол мектепті биыл бітірді; Ол биыл 
мектепті бітірді. Қабысуға қарағанда жанасудың құрамындағы грамматикалық байланыс еркін 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет