Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
баланы, кісінеу жылқыны танудың семантикалық белгісі ретінде жұмсалып, сөз тіркесі 
құрамындағы сөздер бір ұғымның ішкі мазмұнын анықтайтын мағыналардың байланысуынан 
тұрады. Егер сөз тіркесі құрамындағы сөздердің ұғымы бір-біріне қатысты болмаса, олар дербес 
атау ретінде байланысады. Мысалы, баланың киімі, хат келді, оқушыға қарады сөз тіркестерінде 
киім, келу, қарау сөздері бала, хат, оқушы сөздерін тануға қатысты емес, яғни сол сөздерге тән, 
солардың мәнін ашатын семантикалық белгісі емес. Сондықтан сөз тіркесі құрамындағы сөздер 
дербес атау ретінде байланысады. 
Сөз тіркесі сыңарларының семантикалық дәрежесі элементарлы бірлік ретінде танылса, сөз 
тіркесінің құрамындағы сөздер лексикалық мағынаның семасиологиялық мәнін айқындайтын 
негізгі + тура, тура + негізгі, негізгі + номинативті мағыналардың семантикалық жақтан үйлесуі 
негізінде байланысады. 
Сөз тіркесі сыңарларының семантикалық дәрежесі дербес атау ретінде жұмсаласа, сөз 
тіркесінің құрамындағы сөздер лексикалық мағынаның атауыштық мәнін анықтайын нақты 
мағына + абстракт мағына, абстракт мағына + нақты мағына, нақты мағына + нақты т.б 
мағыналардың семантикалық үйлесуі негізінде және семасиологиялық мәндегі категориалдық 
мағына + категориалдық мағыналарының семантикалық үйлесуі негізінде байланысады. Ендеше, 
сөз тіркесі құрамындағы сөздер атауыштық мәндегі мағыналар арқылы және семасиологиялық 
мәндегі категориалдық мағыналар арқылы байланысса, оның семантикалық дәрежесі дербес 
атаулардың байланысын көрсетеді. Сөз тіркесі құрамындағы сөздер семасиологиялық мәндегі 
негізгі, тура, номинативті мағыналар арқылы байланысса, оның семантикалық дәрежесі 
элементарлы бірліктердің байланысын көрсетеді.
Сөз тіркесіне тән төртінші қасиет – валенттілігі. Сөз тіркестері сөйлеу үрдісінде жасалып, 
сөйлем ішінде өмір сүреді. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің сөйлем ішінде байланысу деңгейін 
айқындайтын тілдік құбылысты сөз тіркесінің валенттілігі деп атаймыз. Сөз тіркесінің 
валенттілігі үш түрлі болады: А) синтаксистік валенттілік Б) семантикалық валенттілік. С) 
семантика-синтаксистік валенттілік. Синтаксистік валенттілік дегеніміз ─ сөйлем ішінде сөз 
тіркесі сыңарларының екі жақты немесе одан да көп грамматикалық байланысқа түсуі. 
Синтаксистік валенттілік таза синтаксистік, лексика-синтаксистік қағидаға негізделген 
синтаксистік тіркестер мен І және ІІІ изафеттік тіркестер жатады. Семантикалық валенттілік 
дегеніміз ─ сөйлем ішінде сөз тіркесі сыңарларының бірде семасиологиялық мәндегі мағыналары
арқылы, бірде атауыштық мәндегі мағыналары арқылы екі жақты байланысқа түсуі. Сөз тіркесі 
құрамындағы сөздердің семантикалық дәрежесі бір сөз тіркесінде дербес атау болса, бір сөз 
тіркесінде элементарлы бірлік болады. Мысалы, Өз басын пәледен аман алып қалғысы кеп, туған 
інісін қауіпке қиып тұрған, қасқыр мінездес Құрыбайдың қылығына Әбілқайыр хан езу тартып 
күлген. (І.Е) сөйлеміндегі хан күлген, езу тартып күлген сөз тіркестерінің екінші сыңары 
семантикалық валенттілікке түскен. Бірінші сөз тіркесінде негізгі мағына + тура мағына 
байланысып, семасиологиялық мәндегі синтаксистік синтагма болса, екінші сөз тіркесінде сөздер 
абстракт мағына + абстракт мағынаның байланысындағы атауыштық мәндегі синтаксистік 
синтагмаға ауысты. Бағыныңқы сыңардағы сөз екі түрлі семантикалық қызметте жұмсалып
семантикалық валенттілік қасиетіне ие болады. Семантика-синтаксистік валенттілік ─ сөйлем 
ішінде сөз тіркестерінің сатылы түрде грамматикалық байланысқа түсуі. Семантика-синтаксистік 
валенттілік номинативті қызмет атқаратын сөз тіркестерінің сөйлем ішіндегі байланысу 
ерекшеліктерінен туындайды. Номинативті қызметтегі сөз тіркестері сөйлем құраудың 


семантикалық құрылымына тән сөз тіркесі ретінде грамматикалық байланысқа түсіп, жеке сөз 
тіркесі ретінде байланысса, екіншіден тірек сыңар арқылы сөйлемнің грамматикалық құрылымын 
айқындайтын сөз тіркестерінің бағыныңқы не басыңқы сыңары болады. Нәтижесінде екі түрлі 
деңгейде байланысып, семантика-синтаксистік валенттілікке ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет