сөздердің әрқайсысы өз дербестігін сақтап, дербес атаулар ретінде байланысады, екіншіден, сөз
тіркесінің құрамындағы сөздердің бірі екіншісінің семантикасымен ұғымдық, мағыналық жақтан
өзара бірлікте келіп, екі сөз де бір ұғымның мәнін анықтайтын атаулар ретінде байланысады.
Осыған орай, қазақ тілінде атауыштық мәндегі және семасиологиялық мәндегі синтагма бар деп
танимыз. Атауыштық мәндегі синтагмаға мысалы,
менің дәптерім, оқушыға қарады,
семасиологиялық синтагмаға
ағаштың жапырағы, адамның ақылы сияқты сөз тіркестерін
жатқызуға болады.
Сөз тіркесі синтаксемасы оған тән үшінші қасет болып табылады. Бұл құбылыс сөз тіркесі
құрамындағы сөздердің семантикалық дәрежесін айқындайды. Сөз тіркесінің құрамында толық
мағыналы кем дегенде екі сөз болса, сол толық мағыналы сөздердің семантикалық дәрежесі екі
түрлі болады. Тілдің қолданыстық қызметіне қарай сөздер дербес атаулар ретінде және
элементарлы бірліктер ретінде байланысады. Егер сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ұғымның
ішкі мәнін айқындайтын сөздер болса, олар элементарлы бірліктер болып табылады. Мысалы,
ағаштың жапырағы, баланың күлкісі, жылқы кісінеді сөз тіркестерінде
жапырақ ағашты, күлкі
Достарыңызбен бөлісу: