Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Қуанышты Айбарша райкомдағы қызметін бітіріп болып, \\ Рахметті \\ Байжанның үйіне 
шақырды (Мұқанов). Абай \\ Мағаш жүзіне қадала қарап \\ ұзақ \\ тыңдап отырды (Әуезов).  
Бесінші фактор – мағыналық интонация. Мағыналық интонация сөйлемнің семантикалық және 
грамматикалық ерекшелігін айқындайды. Мысалы, Абай ағамды әкесінен бетер кәдірлеуші еді 
(Әуезов) деген сөйлемдегі бірінші сөзді көтеріңкі дауыспен, тиянақты түрде өзге сөздерден бөліп 
айтсақ, мысалы, Абай \\ ағамды әкесінен бетер кәдірлеуші еді, онда «Абай» сол сөйлемдегі 
айтылатын ойдың иесі ретінде танылады. Грамматикалық тұрғыдан алғанда бастауыш болады. 
Егер Абай және ағамды сөздерінің арасындағы интонацияны ұласпалы түрде айтып, тыныс топ 
ретінде қолдансақ, мысалы, Абай ағамды \\ әкесінен бетер кәдірлеуші еді, онда сөйлемдегі 
айтылатын ойдың иесі басқа адам (ол) болады да, Абай сөзі ағаның сындық көрсеткішіне 
айналады. Грамматикалық тұрғыдан алғанда анықтауыш болып кетеді.
Баяншы (предикат) арқылы сөйлемнің коммуникативтік ұйысымы анықталады. Оған жақ 
категориясының қызметі арқау болады. Тілімізде сөйлемдердің жақтық көрсеткіште жұмсалу 
қызметі екі түрлі. 1. Сөйлемдер І, ІІ, ІІІ жақ категориясына сай парадигмалық жүйеде жұмсалады. 
Мұндай сөйлемдердің бастауышы жіктеу есімдігінен ( мен, сен, ол) және адамға байланысты зат 
есімнен болады. Мен бүгін сабаққа келемін, Сен бүгін сабаққа келесің, Ол бүгін сабаққа келеді. 
Осы сөйлемдердегі жақ категориясы арқылы сөйлемнің коммуникативтік қызметін анықтайтын 
тіл субъектілерін (коммуникаторларды) тауып алуға болады. Мысалы, Мен бүгін сабаққа келемін 
деген сөйлемде сөйлеуші І жақтық субъект (мен), сөйлемдегі іс-әрекеттің иесі де І жақтық субъект 
(мен) болады. Яғни сөйлеуші өзінің іс-әрекеті туралы хабарды басқа біреуге өзі жеткізіп тұрғанын 
көреміз. (Адам өз әрекетін өзіне айтпайды, басқа біреуге айтады.) Сен бүгін сабаққа келесің 
дегенде сөйлемдегі іс-әрекеттің иесі ІІ жақтық субъект (сен) болады және ол тыңдаушы ретінде 
танылады, ал, сөйлеуші басқа адам екенін білеміз. Яғни басқа адам ІІ жақтық (сен) субъектінің 
өзіне қатысты іс- әрекет туралы соның өзіне хабар айтады. Ол бүгін сабаққа келеді дегенде 
сөйлеуші де тыңдаушы да басқа адамдар болады да, сөйлемдегі іс-әрекеттің иесі бөгде адам 
ретінде танылады. Яғни бөгде адамның іс-әрекеті туралы басқа адамдардың бірі хабар беріп, бірі 
тыңдағанын көреміз. Мұндай сөйлемдерде сөйлесім әрекеті тілдік қатынасқа түсуші 
коммуниканттардың жүзбе жүз, бетпе-бет сөйлесуі арқылы орындалады. Сондықтан бұл 
сөйлемдерді сөйлесім-сөйлемдер деп атаймыз. Сөйлесім сөйлемдер жағдаятқа байланысты ешбір 
дайындықсыз (спонтанды) түрде орындалады. Сөйлемде айтылған пікірдің сөйлеушіге, 
тыңдаушыға қатынасы айқын көрініс табады. Осыған орай, мұндай сөйлемдерді ауызша тілдік 
қатынас жасау құралы ретінде танимыз.
Тілімізде сөйлемдердің барлығы І, ІІ, ІІІ жаққа қатысты парадигмалық жүйе құрай алмайды. 
Баяншы тек ІІІ жақта ғана жұмсалады. Мұндай сөйлемдерде айтылатын ойдың иесі тек табиғатқа, 
қоғамға қатысты зат есімдер (объект) болады. Мысалы, Бүгін қар аралас жаңбыр жауады,  2010 
жылы Қазақстанда ірі спорт кешендері салынды деген сөйлемдердің І, ІІ жақтық көрсеткішін 
анықтайтын парадигмалық жүйе жоқ. Сондықтан ІІІ жақтық категорияға сай жұмсалады. Баяншы 
әрекеттің шаққа, мезгiлге қатынасын анықтайды. Соған орай, сөйлемді Бүгін қар аралас жаңбыр 
жаууда, Бүгін қар аралас жаңбыр жауып тұр, Бүгін қар аралас жаңбыр жаумақ т.б. 2010 жылы 
Қазақстанда ірі спорт кешендері салынды (салынуда, салынбақ, салынып жатыр) түрінде де 
қолдануға болады. Мұндай сөйлемдерді авторлық сөйлемдер деп атаймыз. Авторлық сөйлем 
адамнан тыс заттар мен құбылыстарға тән оқиға, әрекет, сапа т.б. туралы ақпарат береді. Бұл 
ақпаратты естіген немесе оқыған адам қабылдаушы болады. 
3- дәріс. Сөз тіркесінің байланысу жолдары, формалары 
 


Қазақ тіл білімінде сөз тіркестері бес түрлі форма арқылы байланысады: қиысу, матасу, 
меңгеру, қабысу, жанасу.
Қиысу – сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың атау септік жалғауы мен жіктік жалғаулар 
арқылы байланысуы. Қиысу жақ категориясы арқылы байланысады. Осыған орай, жақтық қиысу 
деп те аталады. Бастауыш пен баяндауыштың жалпы грамматикалық мағыналарының 
үйлесімділігіне орай, жақтық қиысудың өзіне тән ерекшеліктері болады: егер бастауыш I, II, III 
жақтық есімдік болса, баяндауыш сол жаққа қатысты жіктік жалғауы арқылы байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет