Қазақ фольклорының қазан төңкерісіне дейінгі және кеңестік пен тәуелсіздік кезеңдердегі зерттелу жайы. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Қазақ фольклоры туралы ғылымның ХҮШ ғасырда қалыптаса бастауы.
Саяхатшылар мен зерттеушілер: П.Паллас, Н.Рычков, И.Гиоргидің қазақ фольклоры туралы тұжырымдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Көне дәуірдегі түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін ауыз әдебиетінің нұсқалары, оларды пайдалану сипаты. Мақал-мәтелдердің, шешендік сөздердің, мысал әңгімелердің, тұрмыс-салт жырларының орта ғасырлық сөздіктер мен антологияларға, дастандарға, шежірелерге /“Лұғат ат-түрк” , “Кодекс куманикус”/ ену себептері.
Ш.Уәлихановтың қазақ фольклорына жинау және зерттеудегі еңбектері. Жырау, жыршы, ақын, бақсы жайында, халық поэзиясының жанрлары мен түрлері туралы ХІХ ғасырдағы ғалымдардың пікірлері.
В.В.Радловтың, Г.Потаниннің, А.Васильевтің, т.б. зерттеушілердің қазақ фольклортану ғылымының дамуына қосқан үлестері. Батыс Европа мен Ресейдегі мифологиялық мектеп, оның қазақ фольклорын зерттеулерге қатысы.Г.Потанин - қазақ фольклорын жинаушы әрі зерттеуші. Оның еңбектеріндегі сюжет ауысу теориясының көрінісі. “Тарихи мектептің” қазақ фольклористикасындағы көрінісі. А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиетінің тәрбиелік мән-маңызын жоғары бағалауы, фольклор үлгілерінің оқулыққа енуі, жазба әдебиет жанрларын/өлең, көркем қарасөз, көсемсөз/ нәрлендіруі.ХХ ғасырдың басындағы қазақ фольклористикасы. Ә.Диваев пен М.Көпеевтің, А.Байтұрсыновтың, Ә.Бөкейхановтың ауыз әдебиеті нұсқаларын жинау, жариялау жұмыстары. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ фольклоры туралы ғылымның Ресейдегі алдыңғы қатарлы ой-пікірлермен, түрлі әдеби-фольклорлық зерттеу мектептерімен сабақтас болуы. Кеңес дәуіріндегі қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму жолдары. Халықтың мәдени, рухани мұраларын игеру туралы 20-30 жылдардағы көзқарастар. Жинау, жариялау, зерттеу, оқулықтар жазу мәселесі /Х.Досмұхамедов, т.б./. Зерттеу методологиясының қазақ фольклористикасында игерілуі. Осы жылдардағы ұйымдастыру жұмыстары, кеңестер, қаулы-қарарлар. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.С.Смирнова, Б.Кенжебаевтардың кеңес дәуіріндегі қазақ фольклористикасын қалыптастыру, өркендету жолындағы ізденістері. Олардың еңбектеріндегі әдебиеттану мен фольклортанудың методологиялық жағынан сабақтастығы. Фольклордан үйренудің, оны әдебиетте пайдаланудың ғылыми шығармашылық проблемаға айналуы. Фольклордың халықтығы мен тарихилығы туралы пікірталастар. Ауыз әдебиетінің спецификалық ерекшеліктерін танымаудың, оларды догматикалық тұрғыдан қараудың зардаптары. 40-50 жылдарда қазақ эпосының асыл ескерткіштерін/”Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Қыз жібек”, т.б./ байшыл-феодалшыл идеология туындысы деп мансұқтаудың орын алғаны.