Қазақ фольклоры түркі халықтары фольклорының құрамында Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Тарихи-типологиялық зерттеу әдісі.
Түркі халықтарының фольклорында ұқсастықтардың болу себептері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Ұқсастықтардың ауыз әдебиетінің даму ерекшеліктерінде, сюжетінде, жанрында, қаһармандар жүйесінде, поэтикасында кездесуі. Қыпшақ, оғыз, қарлуқ тілдер тобындағы халықтардың фольклоры. Шығу түбірі, тарихи дамуы, тілдік жақындығы, тұрмыс-тіршіліктің ұқсастығы, мәдени байланыстар, саяси-әлеуметтік қатынастар, т.б. тарихи процестердің фольклорға тигізген әсері.Тұрмыс-салт жанрларында календарлық мейрамдар мен әдеп-ғұрыптарға байланысты өлең-жырлар. Наурызға, айтқа, оразаға, мәуліт күніне қатысты фольклор. Шілдехана, үйлену, жерлеу салтында орындалатын өлең-жырлар. Алғыс, қарғыс, бата, арбау, бақсы /шаман/ сарындарының түркі халықтарындағы сипаты.Ертегілердің, аңыз-әңгімелердің, мифтердің сюжеттеріндегі /“Оғызнама”/ ортақ белгілер. Шығыстық мотивтердің таралу сипаты. Типтік қаһармандар. Ер Төстік, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала бейнелері. Эпостық жырлар. Жанрлық-стадиялық түрлерінің алуан сипатта болуы. Алтай, Сібір түркілерінің фольклорында архаикалық/көне/ эпостардың, ал Орта Азия, Батыс түркілерінде романдық эпостар мен тарихи жырлардың мол таралуы. “Қорқыт ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Көрұғлы”, “Едіге батыр” сюжеттерінің ортақтығы. Дастандардың түрлері мен таралу ауданы. Қаһармандық, ғашықтық, діни сюжеттегі дастандар.
Мақал-мәтел, жұмбақ жанрларының түркі халықтарының фольклорынан алатын орны. Түркі халықтары фольклорының жиналу, зерттелу тарихы. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев, М.Көпеев, В.Жирмунский еңбектері. Тюркология және фольклор. Жалпы фольклорлық процестер. Зерттеу саласындағы міндеттер: көптомдық жинақтар/свод/ әзірлеу, жүйелеу/систематизация/ , жан-жақты типологиялық зерттеулер жүргізу.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Сұрақтар: Жанрлық ұқсастықтар мен ортақ белгілер.
Олардың жүйесі.
Генетикалық байланыстар.
Түркі халықтарының ауыз әдебиеті жанрларын классификациялаудың принциптері.