Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Дәріс 10. Қазақ пунктуациясы, оны қоюда басшылыққа алынатын ұстанымдар



бет37/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Дәріс 10. Қазақ пунктуациясы, оны қоюда басшылыққа алынатын ұстанымдар
Қазақ пунктуациясы - қазақ тыныс белгiлерi жөнiндегi ережелердiң жиынтығы. Ол – тыныс белгiлерiнiң түрлерiн және олардың әрқайсысының қызметiн қарастырады.
Қазақ пунктуациясы да орыс халқының пунктуациясы сияқты грамматикаға, мағынаға және интонацияға негiзделедi, екiншi сөзбен айтқанда, сөйлемнiң грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады.
Қазақ пунктуациясының негiзгi қызметi – тiлдiң iшкi заңдылықтарына сүйенiп, сөйлеудi (речь) сөйлемдерге, сөйлемдердi белгiлi бiр бөлiктерге бөлiп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтiрiп оқуға, сонымен бiрге жазылған ойды я оның бөлшектерiн дұрыс түсiнуге мүмкiндiк жасау.
Қазақ тыныс белгiлiерi осындай қызметтi атқарып та келедi. Мәселен, нүкте сөйлеудi сөйлемдерге саралайды да, аяқталған жай немесе күрделi ойды бiлдiредi.
Пунктуация – латынның punctuatio, punctum сөзінен қалыптасқан ғылыми термин. Баламасы нүкте, тыныс белгісі деген ұғымды анықтайды. Пунктуация графика, орфография, және алфавиттен тыс болатын белгілердің жүйесі. Бұл жазба тілдің негізгі құралдары болып табылады. Пунктуацияның мақсаты жазба тексті құрылымдық ерекшеліктеріне қарай бөлшектеу және графикалық құрылымды жүйеге келтіру. Пунктуация – тарихи қалыптасқан жазба текстің кодификациялық нормалары мен ережелерін, тыныс белгілерінің қолданылу нормалары мен заңдылықтрын зерттейді.
Қазақ пунктуациясының негiзгi қызметi – тiлдiң iшкi заңдылықтарына сүйенiп, сөйлеудi (речь) сөйлемдерге, сөйлемдердi белгiлi бiр бөлiктерге бөлiп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтiрiп оқуға, сонымен бiрге жазылған ойды я оның бөлшектерiн дұрыс түсiнуге мүмкiндiк жасау.
Тыныс белгiсiн қоюда басшылыққа алынатын принциптерi:
1. Грамматикалық принцип. Тыныс белгiлерiнің грамаматикалық ережелерге негізделіп қойылуы.
2. Мағыналық принцип. Синтаксистік бірліктердің мағыналық жікті айқындау қызметіне қарай тыныс белгiлердің қойылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет