Дәріс тезистері


Есімді және етiстiктi сөйлемдер



бет18/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік

Есімді және етiстiктi сөйлемдер. Қазақ тiлiнде сөйлемдердiң басты, негiзгi типi болып, есімді яғни бастауышы зат есiмнен болған сөйлемдер есептеледi. Олар ойдың құрылысымен, мазмұнымен тығыз байланысты. Номинативтi сөйлемдердi трансформацияға түсiрiп етiстiк бастауышты сөйлемге айналдыруға болады. Бұл сөйлеу талабына байланысты. Бастауыш етiстiктi сөйлем логикалық субъектiнi, объектiнi актуализациялау (ерекше атап көзге түсiру) үшiн қажет болған жағдайда жұмсалады. Сонымен, бастауышы зат есiмдi сөйлем түп, негiзгi түр болса, бастауышы есiмше сөйлемдер – ойдың бiр құрамын, субъектiнi объектiнi актуализациялайтын тип. Актуализациялау қызметi сөздi баяндауыш позициясына шығару арқылы жүзеге асырылады. Ол үшiн бастапқы номинативтi сөйлем аталғандай трансформацияға түседi. Бұрынғы баяндауыш қызметiндегi етiстiк есiмшелiк форма алып, бастауыш болады да, актуализацияланатын сөз (объект, субъект) баяндауыш
қызметiне ауысады. Мысалы, Мұны кешегi аңызақ жел кептiрдi – Мүны кептiрген кешегi аңызақ жел – Аңызақ желдiң мұны кептiргенi кеше. Сөйлемдегi мүшелердiң айтылатын хабарға қатысы жағынан арасалмағы мынадай: Бастауыш мүше пiкiрдiң кiм, не туралы екенiн айтады, яғни хабардың тақырыбын бiлдiредi. Баяндауыш информацияның негiзгi мазмұнын (ремасын) бiлдiредi. Баяндауыштың осы салмағына сүйенiп, тiл оның позициясын жоғарыдағы амалмен актуализация үшiн пайдаланады. Баяндауыш мүше позициясының актуализациялануынан сөйлемдегi мүшелердiң айтылатын информацияға қатысы, ара салмағы анықталады. Атап айтқанда, бастауыш мүше пiкiрдiң кiм, не туралы екенiн атайды, яғни информацияның тақырыбын (темасын) бiлдiредi. Баяндауыш информацияның негiзгi мазмұнын(ремасын) бiлдiредi. Баяндауыштың осы салмағына сүйенiп, тiл оның позициясын iлгерi амалмен актуализация үшiн пайдаланады. Етiстiктi сөйлем тек актуализация үшiн ғана жұмсалып қоймайды, ол ойды экспрессивтi түрде баяндау үшiн де жұмсалады. Мысалы, Ағайынның өзiн көптен берi анықтап көргенi осы (Ә.Нұрпейiсов)

Етiстiктi сөйлемнiң ерекшелiгi баяндауыш етiстiктiң есiмше тұлғасын алып, бастауыш қызметiне ауысады, актуализацияға түсетiн сөз баяндауыш қызметiне ауысады.


Есiмдi сөйлемдер мен етiстiктi сөйлемдер грамматикалық жағынан да, функционалдық жағынан да өзара байланысты бiрлiктер. Сөйлемдегi бастауыштың зат есiм не етiстiк болып құралуы оның функционалдық бағытын өзгертедi. Сондықтан бастауыштың есiм не етiстiк болуына сай жай сөйлемдi есiмдi(номинативтi) және етiстiктi деп екiге бөлемiз. Бұл синтаксис жүйесiнде дара функционалдық-грамматикалық тұлға ретiнде танылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет