Тырнақша.Тырнақша мынадай функцияларда қолданылады.
а) Цитат түрiнде келтiрiлген бiреудiң сөзi тырнақшаға алынып жазылады. Мұндай орынды тырнақша қоршауындағы сөздердiң, сөйлемдердiң автордың өзiнiкi емес, бөгде бiреудiкi екендiгiн бiлдiредi. ә)Керi мағынада, ажуа, сықақ, кекесiн түрiнде айтылған сөздер тырнақшамен қоршалады. б) Газет журналдардың, әдеби-искусстволық шығармалардың, кемелер мен самолеттердiң, шахталар мен рудниктердiң, фабрикалар мен заводтардың, колхоздар мен совхоздардың, мекемелер мен ұйымдардың, машина маркаларының т.б. аттары тырнақшаға алынып жазылады.
Жақша. Жақшаға алынатындар, негiзiнде, сөйлем мен тiкелей байланысы жоқ, оның мүшелерiмен грамматикалық қатынаста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшiн қолданылатын кейбiр ескертпе сөздерi мен сөйлемдерi. Мысалы: Ә, Амантайка (Амантайды олсолай атайтын)
аман? (С.Мұқанов). Осылар тәрiздес, авторлық ескертпе, драмалық шығармаларда кезедесетiн ремаркалар да жақшаға алынып жазылады.