Дәріс тезистері



бет17/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Модаль баяндауыштар.Модальдық категорияға жатқызылатын формалар мына мазмұнда баяндауыш болады: 1. Iс- әрекеттi болжау сипатында атауды бiлдiретiн формалар; бұлар iс-әрекеттi, сапаны реалдық сипатта атайтын формаларға қарсы қойылып, оппозицияда жұмсалады.: алды – алған сияқты; кiшi – кiшi болу керек; 2. Iс-әрекеттiң предикативтiк сапаның субъектiге танылу сипатын
бiлдiретiн формалар, бұлар да осы семантикалық грамматикалық сипаты жоқ формаларға қарсы қойылып жұмсалады: алды, алған- алған екен, алыпты 3. Iс -әрекеттi жасандsсипаттап атайтын формалар; алыпты –мыс; 5. Пiкiрдi авторын таныта отырып бiлдiретiн формалар.
  1. - дәріс. Сөйлемді коммуникативтік мақсатқа сай топтастыру.


Сөйлем мүшелерi тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екiге бөлiнетiн болса, тұрлаулы мүшелер сөйлемнiң негiзiн қалайтын басты тұлғалар болып табылады. Iс- әрекет пен оның иесiнiң арасындағы байланыс тiлде бастауыш пен баяндауыштың арасындағы қатынастан көрiнедi. Бұлар сөйлем құраушы негiзгi мүшелер болғандықтан тұрлаусыз мүшелер олардың маңына семантикалық жақтан үйлесiм тауып, байланысқа түседi.
Екi негiздi жай сөйлем бiр негiздi жай сөйлемге қарағанда ең өнiмдi, өте жиi қолданылатын тип болып табылады Тiршiлiктiң сан түрлi құбылыстары тiлiмiздi екi негiздi жай сөйлемдi құрушы турлаулы мүшелер-бастауыш пен баяндауыш арқылы бiлдiрiледi. Бұлардың тұрлаулы – тұрлаусыз болып аталуы атқаратын қызметтерiне тiкелей байланысты. Тұрлаулы мүшелер жай сөйлемдi құрушы негiз мүшелер болғандықтан аталмыш сөйлемнiң түрi екi негiздi жай сөйлем деп бөлiнедi.
Екi негiздi жай сөйлем – коммуникативтiк аспектi тұрғысынан ең көп қолданылатын тип. Екi негiздi жай сөйлем баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай есiмдi және етiстiктi болып бөлiнедi. Бұлар тұрлаусыз мүшелердің қатысына сәйкес жалаң және жайылма болып сипатталады. Тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұрса, жалаң жай сөйлем болады: Күз түстi. Күн суытты. Аспан бұлтты т.б. Ал бастауыш пен баяндауыш өз құрамына кемiнде бiр тұрлаусыз мүшенi қатыстырса онда ол сөйлем жайылма екi негiздi жай сөйлем болады. Кәрi әже күндегi машығы бойынша бесiк жырын айтады. Кәмшат тез ұйықтамайды (М. Әуезов).
Екi негiздi жай сөйлемнiң бастауыш негiзiнен зат есiмнен жасалады. Бiрақ субстантивтенiп басқа сөз таптары да бастауыш қызметiнде тұра бередi. Ал баяндауыш қызметiнде көбiнесе етiстiк көрiнедi. Алайда басқа сөз таптары да баяндауыш қызметiнде өнiмдi қолданылады.
Сөйлемдердi грамматикалық жағынан екi негiздi (екi бас мүшелi) және бiр негiздi (бiр бас мүшелi) болып құралатыны, тiптi, мүшеленбейтiн де сөйлемдердiң болатыны – тiл ғылымында дәлелденген құбылыс.
Сөйлемнiң басты белгiлерiнiң бiрi – предикативтiк қатынас сөйлемдегi бас мүшелердiң (бастауыш пен баяндауыш) өзара қатынасына негiзделiнетiнi белгiлi. Алайда, сөйлемнiң мағыналық-мазмұндық құрылымындағы бас мүшелер болып табылатын субъект пен предикат арасындағы жақтық мағына грамматикалық ыңғайда басқаша жолдармен де берiлуi мүмкiн. Нақтырақ айтқанда, сөйлем үнемi екi бас мүшенiң грамматикалық қатынасынан құрала бермей, предикативтiк мағынаны логикалық ыңғайда тұтастай бiлдiретiн бiр ғана бас мүшелiк құрылым арқылы берiле алады. Мына мысалдар соның айғағы: - Атпа! Тарт былай! Аруақ бары рас болса, бұдан келген кердi көремiн! (Әуезов).
Тәжiм еттiк бiздi тәрбиелеген аналарға! (Аймауытов). - Қайтемiз, жыртық көңiлдi кейде осылайша жұбатуға тура келедi (Исабеков). Жердi қазақтың қара тоқпағымен өлшейдi (Мұқанов). Осы сөйлемдердiң барлығына ортақ белге – атау септiгiндегi грамматикалық бастауыштың (немесе грамматикалық жақ) болмауы, яғни субъектiнiң атау тұлғалы жеке сөзбен сәйкес келмеуi. Нақтырақ айтқанда, сөйлемдер бiр ғана бас мүше баяндауышпен құрылып, субъектi-жақтық мән басқа бiр тұрлаусыз мүше арқылы немесе бас мүше бойныдағы тұлғалар арқылы аңғарылады, тiптi жақтық мәннің байқалмауы да мүмкiн.
Сөйтiп, бiр негiздi сөйлемдер деп, грамматикалық жағынан бiр ғана предикативтiк бас мүше құрылымында келiп, субъектiлiк бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтiн жай сөйлем түрiн айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет